Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстанның мәдениеті мен өнері

Қазақстан мәдениетінің қайнар көзі ерте кезеңдерге тамыр жайған. Мыңдаған жылдарға тамыр жайған қоғамдық өзгерістер қазақ даласында да шаруашылықтың, үш негізгі формасын қалыптастырып, оны тиянақтап бекітті. Олар - көшпелі экстенсивті мал шаруашылығы, жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілікке негізделген отырықшы шаруашылық. Шаруашылықтың осы түрлеріне сәйкес мәдениеттің де үш түрі қалыптасып дамыды. Қоғамдық даму жағдайында мәдениеттің бұл түрлері өзара бір-біріне әсер етіп толықтыра түсті және Қазақстанның біртүтас мәдениеті қалыптасты. Әрине, оның қалыптасу процесі күрделі, қарама-қайшылық жағдайында өткені белгілі: қатаң табиғи жағдайлар, көрші тайпалардың шапқыншылығына қарсы күрестер, ру аралық және феодалдық қырқысулар, т.т.

Фарабидің болжауынша, адам - жаратылыстың табиғи дамуының жемісі. Адамзат қоғамы «қалалардан» (яғни, таптардан) тұрады, надан және азғын қалалардың тұрғындары өздерінің билік, атақ, байлық құмарлығы, азғындығымен қажеттілік қаласы тұрғындарын бейшаралық халге түсіріп отыр деп жазды.
Мемлекет туралы ілімінде Фараби оның сыртқы және ішкі функцияларын анықтайды. Мемлекеттің ішкі саясаты халықтың бақытқа жетуіне қажетті шараларды іске асыруға, әділеттік орнату, халықты ағарту, моральдық норманы сақтауға бағытталуға тиіс деп көрсетті.

Хайдар еңбегіндегі ең қызықтысы - халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ол қазақ халқының тарих сахнасына көтерілу мезгілін тиянақтап көрсетеді (1456 ж.). Автор қазақ хандығының пайда болуы мен тыныс-тіршілігі, өмір сүрген ортасы және көршілерімен болған қарым-қатынасы жайлы жүйелі де нақтылы жазып көрсетеді. Саид ханның өмірі мен жорықтарына да тарау арнаған. Автор қай тақырыпты сөз етсе де міндетті түрде баяндап отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіріп кетеді.
Екінші бөлімнің тарихи - мемуарлық сипаты бар. Мұнда ол өз өмірбаянын тілге тиек еткен. Автор өзі көріп куәсі болған, басынан өткен немесе естіген жәйттер мен оқиғаларды қаз-қалпында баяндаған.

Бүкіл Қазақстанда революцияға дейін 590 ауылшаруашылық маманы, 244 дәрігер, 393 арнаулы білімі бар медициналық қызметкерлер, 3 мың мұғалім, 150 жоғары және аяқталмаған жоғары білімді адам (кеп деректерде 22 деген жалған көрсеткіш кеппейді) жұмыс істеген. Әрине, бұл сандар алып Қазақстан үшін көп емес. Сондықтан да, Ұлы Қазан революциясына дейін республикамызда оқу жүйесі жасалды, мәдени дамуға жағдай туғызылды десек, ол ағаттық болар еді.
Қазақ қоғамының дамуына, ұлттық интеллигенциясының қалыптасу процесіне орыстың демократиялық мәдениеті мен ғылымының алдыңғы қатарлы ойшылдарының тигізген әсерін ешкім жоққа шығара алмайды. Содан да болар ұлы Абай өз халқын орыс халқымен бірлесіп, ынтымақта болуға, оның тілін үйреніп білуге, материалдық және рухани мәдениетін игеруге шақырды.