Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 57 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Тарихи шығармалардағы ғашықтық сарын 10
1.1 Ғашықтық жыр-дастандар – қазақ романдарының бастау- арналары 10
1.2 Тарихи романдардағы сүйіспеншілік шындықты ашудағы қызметі 20
1.3 Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның символдық және философиялық мәні 28
2 Ақын, сал-серілер өміріне арналған шығармалардағы махаббат 36
2.1 С. Мұқановтың «Балуан Шолақ» романындағы ғашықтық характердің берілуі 36
2.2 С. Жүнісовтың «Ақан сері» роман-дилогиясындағы ғашықтық сарынның әлеуметтік маңызы 39
2.3 Әлеуметтік-психологиялық туындылардағы махаббат тақырыбы 41
2.3.1 Романдардағы махаббат мәселесі және психологиялық талдау 41
2.3.2 Қазақ романдарындағы психологизмнің сүйіспеншілікті танытудағы қызметі 43
2.3.3 Қазіргі психологиялық романдардағы ғашықтық желі және шеберлік 48
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57

КІРІСПЕ
Тақырыптық сарынның өзі - әдебиеттану термині бойынша мотив деп аталатыны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде бірнеше жазушының шығармасында, әр түрлі әдеби нұсқада, әр дәуірдің әдебиетінде белгілі бір сарын қайталанып келеді. Әдеби термин ретінде 20-жылдардан бері А.Веселовский [1.80-б.], В.Я.Проп [2.230-б.] еңбектерінде зерттеле бастады. Бұл зерттеушілер әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші әдебиетке, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттік сарындар бар деп қарайды. Алайда ұқсас сюжеттік сарындарды өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен, ұлттық әдеби процестен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Ұқсас сарындар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың өмір-тұрмысындағы ұқсас жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деуге лайық. Кейде олар сараланып, іріктеліп, қалыптасқан дәстүрлі сарындар болады.

1 Тарихи шығармалардағы ғашықтық сарын
1.1 Ғашықтық жыр-дастандар – қазақ романдарының бастау- арналары
Қазақ әдебиеті тарихындағы көркем туындылардың қай-қайсысы да өзінің түп төркіні – халық ауыз әдебиетінен нәр алып дәстүрлік жалғастық табады. Бүгінгі таңдағы әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған іргелі туындылары бар қазақ әдебиетіндегі алуан тақырыптар, сан түрлі сарындар, өлмес идеялар, өміршең мұраттардың бәрі де о баста ауыз әдебиетінде, оның ішінде поэзия саласында көрініс тапқан. Бұл орайда біз нысана етіп отырған махаббат тақырыбы да алғаш осы халық ауыз әдебиетінде, яғни, халықтық ән-өлеңдерде, эпостық жырларда көрінген. Мәселен, көнеден жеткен авторы белгісіз мына шумақтар соның бір дәлеліндей:
Көрдім де бір сұлуды болдым ғашық,
Алашқа білдірмедім аузымды ашып.
Жарасқан бал, шекерге күміс қасық,
Жүреміз сүйтіп қашан араласып [5.188-б.].
Фольклорлық үгілердің қашаннан-ақ эстетикалық сипаты мол болған, онда әсемдіктен, ойдан жырақ, сұлулықтан тыс дүние жоқ. Бұлар халықтық ой-сананың туындысы ретінде үнемі эстетикалық оймен терең астасып жатады. Фольклор туындыларында көркемдік сын мен эстетикалық таным егіз ұғым ретінде әуел бастан әсемдікті жырлау талабымен ұштасып отырады. Өмірдегі құбылыстар: ел қорғаған батыр, бас бостандығы үшін күрескен ұл мен қыз, ақылгөй қарт әсемдік заңдарына сәйкес жырланады.

1.2 Тарихи романдардағы сүйіспеншілік шындықты ашудағы қызметі
Тарихилық – дәуірдің бет-бейнесін, нақты оқиғалар мен адам тағдырлары арқылы көрсететін ұғым. Қазіргі қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа жазылған романдардың маңызы жоғары. Қазақ тарихи романы қай кезеңге арналса да ол суреттеліп отырған дәуірдің халық тағдырында атқарған роліне жан-жақты талдау жасап, өткен мен бүгіннің арасына дәнекер болады.

1.3 Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның символдық және философиялық мәні
Тарихи дәуірлер мен оқиғаларды, тарихи адамдардың өмірін көркем бейнелеп елестеткен, дүниетанымдық ізденістері жоғары шығармалардың қатарына Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын жатқызуға болады.
«Аңыздың ақыры» романы Әбіш Кекілбаевтың бұрыннан жазғандарынан сыры да, сипаты да мүлде бөлек, жазушының шығармашылық тың табысы, өсу, іздену эволюциясының жаңа қыры дерлік, өзіндік концепциясы бар дүние. Жазушы мұнда өзінің ойшылдығы мен парасатты суреткерлігін көрсеткен десек асыра айтқандық емес [26.42-б.].

2 Ақын, сал-серілер өміріне арналған шығармалардағы махаббат
2.1 С. Мұқановтың «Балуан Шолақ» романындағы ғашықтық характердің берілуі
Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан кейін, жазушы салған жаңа дәстүр негізінде әдебиетіміз өнер адамдарының ғұмырын, олар өмір сүрген дәуір шындығын бейнелейтін шығармалармен толықты. Олар: С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», З.Ақышевтың «Жаяу Мұса», Ә.Әбішевтің «Найзағай», С.Жүнісовтің «Ақан сері» романдары.
Жұмыстың бұл тараушасында жазушы Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» романындағы Балуан Шолақ пен Ғалия арасындағы ғашықтық сезім, махаббат мәселелері талданады.

2.2 С. Жүнісовтың «Ақан сері» роман-дилогиясындағы ғашықтық сарынның әлеуметтік маңызы
С.Жүнісов Ақан өміріне қатысты барлық оқиғаларды сол қалпында суреттеп қана беруден бойын аулақ салған. Яғни тиісті көл-көсір материалдарды пайдалана отырып талдау, жинақтау жасауды көздейді. Ақан өміріне байланысты негізгі мен өткінші шындықтардың ара салмағын ажырата отырып көркем шындыққа айналдырған.

2.3 Әлеуметтік-психологиялық туындылардағы махаббат тақырыбы
2.3.1 Романдардағы махаббат мәселесі және психологиялық талдау
Жанрлық атаулардың шартты сипаты бар. Бұл мәселені арнайы зерттеуші Л.Гинзбург XYII ғасырда жазылған мадам де Лафеттің «Принцесса Колеквекая», Шодерло де Лаклоның «Манан Лескосьен» атты шығармаларын психологиялық роман санайды [33.289-б.]. Гете қаламынан туған «Жас Вертердің қасіреті» – психологиялық роман болса, М.Лермонтовтың «Біздің заманымыздың қаһармандары» – аналитикалық шығарма. Сол сияқты, Ф.Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза», «Ағайынды Карамазовтар», «Нақұрыс» шығармалары аталмыш роман жанр талаптарына толық жауап береді. Қазақ әдебиетіндегі психологиялық романның алғашқы үлгісі – Ж.Аймауытовтың «Ақбілегі». Жазушы адам ойы мен сезімінің сан алуан шырғалаңы мен сан құбылған көңіл-күйін батыл да шынайы, қарама-қайшылықты жағдайда көрсетеді. Қазақ әдебиетіндегі әр кезеңдерде туған «Абай жолы», «Оянған өлке», «Ақжайық», «Қан мен тер», «Ақан сері» – әлеуметтік-психологиялық роман міндетін көтерген туындылар.

2.3.2 Қазақ романдарындағы психологизмнің сүйіспеншілікті танытудағы қызметі
Қандай шығарма болмасын әсерден туады. Суреткер сезіміне сырттай түрткі болатын әсерді ой елегінен өткізгенде ғана, оқырман көңілінен шығатын шығарма туады. Сондай ой талқысынан туған шығармалардың бірі – махаббат пен жастық кездің қызығынан тұратын студенттік өмірді суреттеген С.Шаймерденовтің «Инеш» романы. Шығармада Мәулен мен Инештің арасындағы махаббат, олардың айналасындағы дос-құрбылары, Инеш тәрбиеленген орта көрінеді.

2.3.3 Қазіргі психологиялық романдардағы ғашықтық желі және шеберлік
Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» шығармасы әр шығармашылық кезеңіне жауапкершілікпен қарайтын қаламгер қолтаңбасын айғақтайды. Шығармадағы қилы тағдырлар – жеке басының қамы мен атақ-даңқ мәселесін жоғары қойған Әзім, ел мен жеріне адал еңбегін арнаған Жәдігер, өз орнын таппаған Бәкизат бейнелері оралымды шыққан. Үшеуі де заманы ортақ, тағдыры үйлес, әрқайсысы өмір сүрудің өзіне лайық жолдарын таңдаған. Жазушы халық өмірінің ауыр да ащы шындығын суреттей отырып, кейіпкерлер характерлерін де өз ортасының шындығына лайық дамытады. [40.12-б.].

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ романдарындағы ғашықтық мәселесін сөз етерден бұрын жалпы осы сүйіспеншілік мәселесі дәстүрлі халықтық әдебиетімізде қалай көрініс тапқанына шолу жасадық. Ондағы мақсатымыз – ғашықтық тақырыбының жүйелену, даму, әр қырымен көріну жолдарына әдеби және ғылыми тұрғыдан баға беру.
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарындарды талдау нысанасына алған ғылыми жұмыс бірнеше тарауға жіктеліп, әрбір тарауда маңызды бір мәселені талдадақ. Халық ауыз әдебиетіндегі сүйіспеншіліктің жырлануына тоқталадық. Әсіресе, лиро-эпостық жырлардағы ғашықтық мәселесі тереңдей қарастырылып, ғылыми тұрғыда зерделенеді.