Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау мен реттеу және жүргізілетін операциялар 4
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары 9
3. Валюталық реттеуге қажетті операцияларды жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері 14
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 19

КІРІСПЕ

Әлемдік тәжрибе көрсеткеніндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзін реттей алмайды. Оған белгілі бір деңгейде мемлекет әр түрлі саясаттар жүргізу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджетті-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесі атқарып отырады.
Еліміздің өз егемендігін алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде мемлекет өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттің ақша – несие саясаты, қаржы (бюджеттік) және валюталық реттеу мен қадағау саясаттары жатады. Осы аталған банк жүргізетін саясаттардың ішінде валюталық реттеу саясатының өзіндік алатын орны бар.

1. Қазақстан Республикасындағы валюталық қадағалау мен реттеу және жүргізілетін операциялар

Нарыққа өту кезеңінде Қазақстан егеменді ел ретінде өзінің саяси дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрады.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВК-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямаика валюта жүйесінің құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сол аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп кейбір жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама – қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі» реттейді. /5/
Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және Ұлттық банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы емес.
Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін олардың көшірмелері уәкілетті банкке қалады.

3. Валюталық реттеуге қажетті операцияларды жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі біртұтас мемлекеттік қаржы саясатын үйлестіретін және бақылайтын басты атқарушы орган.
Біртұтас мемлекеттік қаржы саясатының валюталық реттеу жөніндегі шараларын жүзеге асырудағы негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
• Мемлекеттік қаржыны басқару;
• Шетелдік капиталды басым бағыттар арналарымен пайдалану мәселесінде мемлекеттік саясатты жүргізу;
• Мемлекеттің сырттан алған займдары мен гранттарын тиімді пайдалануды бақылау.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде экономиканы, ондағы валюталық қатынастарды реттеу мен қадағалауды тиімді жүргізу жалпы ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, шетелдермен қарым-қатынаста ұлттық валютаның мәртебесін сақтау, халықаралық валюталық қатынастарда теңгенің орнын сақтау болып табылады.
Аталған валюталық реттеу мен қадағалауда мемлекеттің негізінде қызмет ететін Ұлттық Банктің валюталық реттетудегі операциялары мен шараларының орны ерекше. Сондай-ақ еліміздегі екінші деңгейлі банктерде валюталармен операциялар кезінде белгілі бір ережелер негізінде әрекет етеді.