Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Жаһандану толқынындағы дағдарыстың қазақстандық жолы

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс әлем үшін елеулі сынақ болды. Адамзат тарихтың шұғыл бұрылыстарының себебі болған экономикалық құлдырауларды талай рет бастан кешсе де бұл дағдарыстың ауқымы мен салдарлары бұрын-сонды емес.Тек соңғы жүз жылда оннан астам әрқилы тереңдіктегі дағдарыстар болды. Бұл жолғы дағдарыс - жаңа деңгейдегі құбылыс. Ол бүкіл әлемнің экономикасын қамтып отыр. Әлемдік экономиканың осы жолғы жаһандық дағдарыс салдарынан шеккен зардабының көлемі 3,5 триллион долларға бағаланып отыр. Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша, дағдарыспен күреске әлемде қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ доллары жұмсалған. Қазіргі кезде әлемдік экономикалық ахуалдың біршама жақсарғаны туралы белгілер беріліп жатыр.

Бір ғана мысал: «Жол картасы» бағдарламасы аясында 285 мың жұмыс орны құрылып, 248 мың адам жұмыс тапқан. «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру зор серпіліс туғызып, қоғамның қолдауына ие болды, оның шеңберінде жұмыс орындарын ұйымдастыруға, өңірлік әлеуметтік нысандарға және жергілікті жердегі жолдарға ерекше көңіл бөлінді. «Жол картасы» аясында аудан орталықтары мен ауылдарда өндірістер құру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп 2010 жылы Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының 5 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. 17 ауылда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылды. Бұл жұмысты 2010 жылы, соның ішінде «Жол картасы» шеңберінде жалғастыруға қаражат бөлінді. «2006-2010 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы» аймақтық бағдарламасы шеңберінде 2008 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға барлық қаржыландыру көздерінен 6,4 млрд. теңге бағытталды.
ЕурАзЭҚ шеңберінде, кедендік одақ құру орайында, ЕурАзЭҚ хатшылығына Қазақстан, Ресей және Беларусь елдеріне кедендік одақты құру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды міндеттейтін тиісті құжат келісіліп қабылданды.