Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Сайлау құқығы

Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасының азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР конституциясы 33-бап) Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Сайлау құқығы-мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және Республика маслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады.
Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді.

Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.
Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және 1 дауыс) алған талапкер саналады.Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермиді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.
Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.

Конституцияда Президентікке және Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі және сол лауазымда болу шегі белгіленген. ҚР-ның Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған ҚР-ның азаматы сайлана алады. Сенат жепутаты болып азаматтықта екм дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғарғы білімі және кем дегенде 3 жыл тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат дупутаты болып ҚР-ның 20-ға толған азаматы сайлана алады.