Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Әлеуметтік саясат мемлекеттік басқарудың бөлігі іспеттес 8
1.1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының тегі және мәні (мазмұны) 8
1.2 Әлеуметтік саясаттың қызметтері және әдістері 9
1.3 Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары 13
1.4 Экономикалық әлеуметтік саясат: келісім мәселелері 17
2 Қазақстанның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясаты 24
2.1 Әлеуметтік саясат: реформалар және міндеттемелер 24
2.2 Қазақстанның әлеуметтік саясатының бағыттары 25
2.3 Тұрғындар өмірінің сапасын жоғарылатуға және адамдар капиталын дамытуға, тұрақты дамуға көшуге бағытталған 2007-2009 жылғы үкімет бағдарламасының негізгі кезеңдері 29
3 Қостанай облысының әлеуметтік саясатынын жүйелеу 38
3.1 Білім беру 38
3.2 Денсаулық сақтау 39
3.3 Мәдениет 40
3.4 Дене тәрбиесі және спорт 41
3.5 Еңбек нарығы және тұрғындарды әлеуметтік қорғау 42
3.6 Жастар саясаты 44
Қорытынды 50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 56
Қосымша 60

Кіріспе
Әлеуметтік сфера біздің өмірімізді жан жақты қамтиды, оның әр жанұяға және мемлекеттің әрбір азаматына қатысы бар. Оның меншігіне мемлекет бюджетінің көп бөлігі тиісілі, сондықтан осы сфераны реформалау кезінде ерекше жауапкершілік талап етіледі.
«Әр дәрежедегі тұрғындар өмірінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттары және жоғарғы сапасы» Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің негізгі құрам бөлігі.
Соңғы жылдардағы экономикалық өрлеу біздің елімізді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығарды, алайда экономикалық саясатта әрі қарай бой көтеру үшін әлеуметтік детерминантты беру қажет. Сондықтан мемлекеттің экономикалық дамуын әлеуметтік – экономикалық контекстте қарастыру қажет. Әрі қарайғы даму экономикалық тиімділкке ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік экономикаға өтуге де байланысты.

1 Әлеуметтік саясат мемлекеттік басқарудың бөлігі іспеттес
1.1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының тегі және мәні (мазмұны)
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты адамдардың өмір сүру саласын жақсарту мақсатындағы саналы әсер ету түріндей көрсетілуі мүмкін. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы бұл жалпылама көзқарас оны мемлекеттік басқарудың бір бөлімі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, мұнда адамдар өмірінің әлеуметтік саласы объект болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әлауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынта-ландырудың әлеуметгік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.

1.2 Әлеуметтік саясаттың қызметтері және әдістері
Соңында құрылып жатқан қоғамдық қорлардың көмегі арқылы жеке тұлғаларды сол әлеуметтік мәртебеде қолдауға талпынған мемлекеттің гумандық мінез – құлқын анықтайтын әлеуметтік саясат бірнеше қызметтерге ие. Бұған келесі қызметтерді жатқызуға болады:
• компенсаторлық, тұлғаға қоғамда бар қатынастарға араласуға мүмкіндік бермейтін, сыртқы тоқтату шарттарын ликвидациялауға бағытталған;
• элективті, жеке тұлғаның мұқтаждар сатысына жатқызуға рұқсат ететін, оның қасиетін және жағдайын анықтауға бағытталған;
• кумулятивті, жеке тұлғаның мемлекеттің әлеуметтік – саяси істерінің тәуелділігінен білінетін, мемлекеттің әлеуметтік потенциалын жинау;
Осы барлық қызметтер жалпы әлеуметтік саясат, мемлекеттік саясаттан тығыз тәуелділігіне қарағанда, мемлекеттің әлеуметтік саясатында көбірек көрсетілген.
Әлеуметтік саясаттың негізгі ұстанымдары болып табылады:

1.3 Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары
Дамыған елдерде әлеуметтік саясатты жұргізу практикасы оның бірнеше бағытын жүзеге асыру өндірілді. Бұған жататындар: әлеуметтік сақтандыру; еңдек ақы жөнінде, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау; еңбек нарығындағы әлеуметтік шектеулер; тұрғын үй саясаты.
Әлеуметтік сақтандыру - мемлекеттік саясаттың әлеуметтік саладағы ең негізгі бөлімі. Өндіру процессі кезінде жұмысшылар (әр түрлі объективті себептермен, мысалы, жарақат) жұмысын жалғастырудан айырылуы мүмкін Осының салдарынан олар кіріс көзінен айырылады. Осы орын алған мәселені шешу үшін екі мүмкіндік бар. Біріншісі – көрсетілген зиян үшін белгілі сумманы төлеу. Алайда бір рет алынатын жәрдем ақы оның ұзақ уақыт өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан, ұтмыдырақ екінші жол: әлеуметтік сақтандыру.

1.4 Экономикалық әлеуметтік саясат: келісім мәселелері
Бүгінгі айтып жүрген бәсекелестікке қабілеттілік мәселесі экономикада ғана қарыштап даму емес, сонымен қатар еліміздің саяси тұрғыда кемелденуін айқындайды. Сол себепті де еліміздің ұзақ мерзімді әрі тұрақты даму мүдделерін есепке алумен қатар, саяси жүгімізді ұдайы жетілдіріп, оны жаңғырта жаңартып отыру да бәсекелестікке қабілеттіліктің кепілі екенін естен шығармау керек. Негізінде сол мемлекеттік комиссияның алдындағы осы мәселе бойынша түйінделген бағыттар Жолдауда өз орындарын тапты. Саяси реформалар бағдарламасы – бұл уақыт сыны, бұл қазіргі заманның талабы. Сондықтан да бұл істі “Қазақстан-2030 – Стратегиялық даму бағдарламасының” заңды белесі деп түсінуіміз керек. Еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігі мен оның саяси мәдениетінің деңгейі мен “демократиясының сапасы” арасында тікелей байланыс бар.

2 Қазақстанның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясаты
2.1 Әлеуметтік саясат: реформалар және міндеттемелер

“Бүгінгі айтып жүрген бәсекелестікке қабілеттілік мәселесі экономикада ғана қарыштап даму емес, сонымен қатар еліміздің саяси тұрғыда кемелденуін айқындайды. Сол себепті де еліміздің ұзақ мерзімді әрі тұрақты даму мүдделерін есепке алумен қатар, саяси жүгімізді ұдайы жетілдіріп, оны жаңғырта жаңартып отыру да бәсекелестікке қабілеттіліктің кепілі екенін естен шығармау керек дейді”, – өзінің демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның алтыншы отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Негізінде сол мемлекеттік комиссияның алдындағы осы мәселе бойынша түйінделген бағыттар Жолдауда өз орындарын тапты. Саяси реформалар бағдарламасы – бұл уақыт сыны, бұл қазіргі заманның талабы. Сондықтан да бұл істі “Қазақстан-2030 – Стратегиялық даму бағдарламасының” заңды белесі деп түсінуіміз керек. Еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігі мен оның саяси мәдениетінің деңгейі мен “демократиясының сапасы” арасында тікелей байланыс бар.
Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері облыстарға шығып, елді мекендерді аралады. Қоғамдық-саяси ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен, жастармен, бизнес және аға ұрпақ өкілдерімен кездесіп, жан-жақты ой-пікірлерімен алмасты.

2.2 Қазақстанның әлеуметтік саясатының бағыттары
Әлеуметтік саясат - әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына, табысты қолдауға, жұмыспен қамсыздандыруға, әлеуметтік салалардың бөлімдерін қолдауға, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға бағытталған шаралар жүйесі.
Бөлінеді: білім беру саласындағы, денсаулық сақтау, еңбекпен қамту және әлеуметтік – еңбек қатынастары әлеуметтік саясаты, сондай – ақ, мәдениет, тұрғын үй, отбасы, зейнетақы, әйелдер және жастар әлеуметтік саясаты.
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында» демография және көші-қон саясатында алдағы үш жылда мемлекеттің ұстанатын бағыттары айқын көрініс тапқан. Елдің геосаяси мүдделерін, әлеуметтік-экономикалық ахуалды, Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін өңірлердің даму перспективаларын ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу 2007-2009 жылдары демография және көші-қон саласындағы негізгі мақсат болып табылады.

2.3 Тұрғындар өмірінің сапасын жоғарылатуға және адамдар капиталын дамытуға, тұрақты дамуға көшуге бағытталған 2007-2009 жылғы үкімет бағдарламасының негізгі кезеңдері
Әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат.
Біздің әлеуметтік саладағы барлық іс-әрекеттеріміздің нәтижелілігінің басты өлшемі Қазақстан халқы өмірінің сапасы мен әлеуметтік қалпын әлемнің анағұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің деңгейіне сәйкес келетіндей етіп орнықты түрде арттыру болуға тиіс, өзіміз сол қоғамдастыққа ұмтылып отырмыз ғой.
Тұрақты дамуға өту мақсатында Экологиялық құқықтың жүзеге асу қамтамасыз етіледі, Энергия көздерін және қалпына келген ресурстарды тиімді және рациональды қолдану шараларының комплексі жүргізілуде.

3 Қостанай облысының әлеуметтік саясатынын жүйелеу
3.1 Білім беру
Қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік саясатқа аса мән қойылу кездейсоқ жағдай емес. «Рооссийская газета» - ға (2006 ж. 6 мамыр) берген бір сұхбатында ел басы Нұрсұлтан Назарбаев тілшінің Қазақстандағы «тұрақтылықтың» құпиясы неде деген сұрағына көңіл толарлықтай жауап берген еді. Нақтырақ айтсақ, ол: «Құпия жоқ. Ал барлық параметрлер бойынша қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін ауқымды және реттік жұмыстар. Қазақстанның эволюциялық экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациясының, қауымның тұрақтылық үшін таңдауы бар» Сонымен қатар елбасы әлеуметтік саясатты модернизациялау қажеттігі туралы айтады. Оның негізгі бағыттары «Қазақстанның әлемнің 50 бәсекеге сай елдерінің қатарына енуі» атты халыққа жолдауында анық көрсетілген. Ел басының мақсаттары мен іс шараларының жүзеге асуына Қостанай облысы да атсалысуда.

3.2 Денсаулық сақтау
Областа 2005–2010 денсаулық сақтауды реформалау және дамыту жүзеге асырылуда. Бағдарлама іс шараларын жүзеге асыру нәтижесінде денсаулық сақтау сапасының көрсеткіштері жақсарды. 2007 жылмен салыстырған туу коэффициенті 1000 тұрғынға 12 (2007 жылы 11), балалар өлімі деңгейі 1000 туылғанға 12,4 (2007 жылы 16,4), аналар өлімі 100 мың әйелге 25,9 (2007 жылы 36,7) төмендеді.
Құрт аурулары бойынша аурулар саны 159-дан 150-ге, қатерлі ісік аурулары бойынша аурулар саны 257-ден 243-ке көрсеткіштері 100 мың адамға шаққанда төмендегені байқалады.

3.3 Мәдениет
Қаланың экономикасының тұрақтану процессі мәдениеттің дамуына да оң әсерін тигізді. «Қостанай қалалық акімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде» МКҚК «Демалыс орталығы» орналасқан, № 1 “Солнечный” бөлімшесі, және 10 кітапхана (Н. Островский атындағы қалалық кітапхана, А. Пушкин атындағы балалар кітапханасы және 8 кітапхана бөлімшелері). 2007 жылы Амангелді бөлімшесінде (Красный партизан) кітапхана ашылды
Жоғарыда айтылғандардан басқа қаладағы облыстық маңызы бар мәдениет ошақтары және сол сияқтылар:

3.4 Дене тәрбиесі және спорт
Дене тәрбиесі және спортқа айтарлықтай көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта қалада 230 спорт кешендері бар, оның ішінде 2 стадион, мұзды спорт сарайы, спорттық кешендер, 6 жүзу бассейндері, 12 шаңғы тебу базалары, 62 тегіс кешендер, 83 спортзалдары, 7 атқыш тирлар және т.б. 24 спорттық клубтар (ПСК «Мирошниченко бокс мектебі», ТОО «Рекорд», ПСК «Сұлтан», ҮК «Сұңқар», «Тажмакина» ҮК, «Тобыл» ФК, ПСК «Алтын Аймак», ФСК «Локомотив», ҮК «Вихрь», ДФ «Динамо», ҮК «Иволга», ҮК «Достык», ҮК «Арлан», ПСК «Веста-Л Патриот» и др.). Олардың ішінде 4-і кәсіби - ПСК «Сұлтан», «Тобыл» ФК, «Тобыл» БК, ПСК «Алтын Аймақ». 2007 жылдың 1 қаңтарына қалада 6 жұмыс жасайтын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі (облыстық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің олемпиадалық қор спорт мектебі, теннис және бадминтоннан облыстық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, қалалық балалар мен жас өспірімдердің спорт мектебі, бокстан балалар мен жасөспірімдердің облыстық арнайы спорт мектебі және хоккейден облыстық балалар мен жас өспірімдердің спорт мектебі). Қостанай қаласының аумағында олемпиадалық дайындыққа облыстық орталық құрылған.

3.5 Еңбек нарығы және тұрғындарды әлеуметтік қорғау
Облыста «жанды» тұрғындарды әлеуметтік қолдау ісі бойынша үлкен жұмыс атқарылды.
2007 жылы 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылды, оның 59 пайызы ауылдық жерлерде. 14 мыңға жуық жұмыссыз жұмыспен қамтамасыз етілді. Жұмыспен қамтылу 85,2 пайызға артты.
6 мыңнан аса адамдар қоғамдық жұмыстарға ат салысты. Олардың еңбек ақысын төлеу үшін бюджеттен 120 млн. қаржы жұмсалды.
Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылмен салыстырғанда 1,6-дан 0,9 пайызға төмендеген, кедейшілік – 2,5-тен 2 пайызға азайған. 2007 жылдың қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 4933 құрады, ал жеткіліксіз қамтамасыз етілген азаматтар саны 17650 адам.

3.6 Жастар саясаты
2006 – 2008 жылдарға аймақтық жастар бағдарламасын ұйымдастыру үшін облыс қаржысынан 57 млн. теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде 2006 жылы 17,9 млн. теңге бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 24 млн. теңге 34 % жоспарланғаннан артық.
Аймақтық жастар бағдарламасында еңбек, білім және ғылым бағытындағы жастардың әлеуметтік құқығына ерекше назар аударылған. Облыс бойынша нашар қамтылған отбасынан шыққан дарынды жастарды қолдау және ауылдық жерлерді кәсіби педагог және дәрігер мамандармен қамтамасыз ету мақсатында республика бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Осы жоба шеңберінде облыс әкімінің 80 гранты бөлінді, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 40 студент және Астана және Қарағанды медициналық академиясында 40 студент білім алуда. Облыс әкімінің атындағы 10 мың теңге көлеміндегі степендияны жоғарғы оқу орының 20 студенті, арнай орта оқу орының 18 оқушысы айына 5800 теңгеден алып отырады. Сондай – ақ, 5 жас ғалымға аспирантурада оқу және кандидаттық диссертацияны қорғауға байланысты шығындарын қайтару түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қала және аудан әкімдерінің грантымен еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша 149 жас облыстың жоғарғы оқу орындарында білім алуда.

Қорытынды
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында әлеуметтік саясат төрт үлкен жүйенің бірігуі ретінде қарастырылады: табыс саясаты, әлеуметтік қорғау саясаты, жұмыспен қамту саясаты және әлеуметтік сала саясаты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әлауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.