Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Есiмдер сөзжасамы қазақ тiлi сөзжасамының қайнар көзi


Мазмұны
Кіріспе 4
1 Сөзжасам тарихы және қазақ тiлiндегi сөзжасам процесi 6
1.1 Тілдің сөзжасам жүйесі 6
1.2 Сөзжасам тәсілдері 23
2 Сөздiң грамматикалық құрылымы және жасалу жолдары 30
2.1 Сөз формаларының жасалу тәсiлдерi 30
2.2 Сөз формаларының негiзгi түрлерi 35
2.3 Жұрнақтар туынды сөз жасаудағы негiзгi грамматикалық формалар 40
3 Сөз таптарының сөзжасамдық жүйесі 44
3.1 Зат есімнің сөзжасамы 44
3.2 Сын есім сөзжасамы 51
3.3 Сан есімдер сөзжасамы 55
Қорытынды 61
Қолданылған әдебиеттер 66

Кіріспе
Тілдің сөздік құрамындағы сөздер өзгермейтін, белгілі бір сөз таптарына байланып, қатып қалған нәрсе емес. Тілдің тарихи даму барысында олар үнемі өздіксіз қозғалыста болып, бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысып, өздерінің мәні мен қызметін өзгертіп отырады.
Тілдің негізгі сөздік қоры мен грамматикалық құрылымның қарым – қатынасына лайық сөздердің ішінара бір категориядан екінші категорияға ауысып отырулары тек өткен – қазіргі заманның ғана жемісі емес, ілгері уақыттарда да болатын құбылыстар.

1 Сөзжасам тарихы және қазақ тiлiндегi сөзжасам процесi
1.1 Тілдің сөзжасам жүйесі
Кез – келген тілдің лексикасының негізі – сол тілдің негізгі сөздік қоры, яғни ежелден келе жатқан байырғы лексикасы. Баяғы – бағзы заманнан келе жатқан лексика – халық тарихының тілдегі көрінісі. өйткені халық тарихы – халықтың өткен өмірінің айнасы.
Тілдің байырғы лексикасы – халықтың әлеуметтік өмірі мен барлық тіршілігінің, күн – көріс тәсілдерінің, әдет – ғұрып, салт санасының, өскен ортасы мен басқа елдермен қарым – қатынасының тілде замандар бойы сақталынып та, қолданылып та келе жатқан аса құнды асыл мұрасы, сарқылмас қазынасының негізгі көзі.

1.2 Сөзжасам тәсілдері
Сөзжасам – тілдік құбылыс ретінде сөз жасау, тілдік сала ретінде туынды сөздің жасалу жүйесі мен семантикалық ерекшелігін зерттейді.. Тілдегі жаңа сөздер негізгі тілдік ережелер, белгілер, тәсілдер арқылы жасалады.
Қазақ тіл білімінде «бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, туынды сөздер, олардың түрлері сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына жатады» деп берілген.

2 Сөздiң грамматикалық құрылымы және жасалу жолдары
2.1 Сөз формаларының жасалу тәсiлдерi
Тілдің жүйесіне лайық қалыптасқан белгілі-белгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын, әдетте, сөз тудыру тәсілі деп айтамыз.
Сөз тудыру дегеніміз — жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жинағы.
Сөз тудыру жайындағы қағидалардың бір ұшығы лексикологиямен, бір үшығы грамматикамен ұштас болады.
Өйткені сөз тудыру тәсілдері арқылы жасалған жаңа сөздер я жаңа ұғымдарды, я белгілі-белгілі үғымдардың әр қилы ерекшеліктерін білдіреді де жаңа лексикалық тұлға (единица) ретінде қызмет етеді. Мысалы: қон, қо-ныс, қонақ, қонағуар; түт, тұтқа, тұтқыш, тұтқыр деген сөздердін, әрқайсысы — өз алдарына дербес лексикалық тұлғалар.

2.2 Сөз формаларының негiзгi түрлерi
Тіліміздегі сөздер морфологиялық құрамы жағынан біркелкі емес, әр түрлі. Сздердің ішінде жалаң түбір сөздер де (ат, ас, із, жап, ез, тер), жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер де (атақ, астық, ізде, жаппа, езгі, тершең) бар. Бұл тұлғалармен қатар, екі түбірден біріккен сөздер де (бүгін, белбеу, алабота, әкел, сексен), екі түбірден қосарланып жасалған сөздер де (шыбын-шіркей, бала-шаға, көзбе-көз, кімде-кім, қалған-құтқан), бірнеше түбірдің тіркесуі арқылы жасалған құрама сөздер де, (темір жол, темір қазық, кемпір қосақ, ақ қуба, қара көк, он алты, сексен бір, ала кет, ала кел, қызмет ет, ең-бек қыл), бірнеше түбірден қыскарып кұралған сөздер де (ҚӘТУ, ҚМУ) бар.
Сөздердің және олардың формаларының тұрпаттары жағынан осындай әр алуан болуы тіліміздегі сөз тудыратын негізгі морфологиялық және синтаксистік тәсілдердің ерекшеліктерімен байланысты.

2.3 Жұрнақтар туынды сөз жасаудағы негiзгi грамматикалық формалар
Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі, әдетте, түбір немесе негізгі түбір, немесе түбір сөз деп аталады. Мысалы, бас, бастық, басшы, басқар, басқарма дегендердің бәрі бірдей түбір сөздер емес,— түбірлес сөздер. Олардың ішінен тек бас деген форма ғана түбір сөз болады. Бұл сөз осындағы өзге сөздердің бәріне форма жағынан да, мағына жағынан да төркін ретінде қызмет етеді. Осы ортақ төркінді әр қарай тек дыбыстарға бөлшектеуге {мысалы: ба-с; б-ас; б-а-с) болады, бірақ ол жасанды бөлшектерден ешқандай мағына шықпайды.

3 Сөз таптарының сөзжасамдық жүйесі
3.1 Зат есімнің сөзжасамы
Әр сөз табы тілдің белгілі бір сөзжасам жүйесіне бағынады. Сондықтан қазақ тілінің жоғарыда айтылған сөзжасам тәсілдері зат есімнің жасалу жолдарына тікелей қатысты.
Қазақ тілінде зат есім тудыратын арнайы жұрнақтары бар.Олар сөз тудыру сипатына қарай өнімді, өнімсіз, күрделі, құрамды, өлі, тірі жұрнақтар болып, есім сөздерден зат есім, етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар болып тағы да үлкен – үлкен топтарға бөлінеді. Зат есім қазақ тілінде мағына тудыруда, қазақ тілінің сөздік құрамын байытуда ең бір актив сөз табы болып табылады.Сөз тудырудың зат есімге үш тәсілі де қатысты. Сондықтан синтетикалық тәсілдің өзі есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар:

3.2 Сын есім сөзжасамы
Қазақ тілінің сөздік байлығынан ерекше орын алатын заттың сын, сапа, белгі қасиеттерін білдіретін сын есім сөздердің қолданыс аясы өте кең.
Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, сапалық сын есімнің шырай категориясы, сын есімдердің семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметі мен тіркесімділік қасиеті бірнеше зерттеу жұмыстарына арқау болғандығы, сондай – ақ соңғы кездері сын есім сөзжасамдық тұрғыдан да қарастырыла бастағандығы белгілі.
Бұл орайда қазақ тіл білімінде Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар, А. Ысқақов, М. Томанов, Ә.Төлеуов, С. Исаев, Е. Жанпейісов, Т. Сайрамбаев, Ж. Шәкенов, Ф.Оразбаева, Е. Ағманов, Г. Сыздықова т.б. зерттеулерін атап көрсетуге болады.

3.3 Сан есімдер сөзжасамы
Ә. Хасенов сан есімді дербес сөз табы тұрғысынан бірінші рет толық зерттесе, Н. Оралбаева сан есімнің сөзжасам жүйесін арнайы қарастырып, оның түрлі жасалу үлгілерін көрсеткен.
Қазақ тіл білімінің ғалымдары Е.Кеңесбаев, К. Аханов, А.Ысқақаов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев өздерінің алғашқы грамматикалық оқулықтарында сан есімдердің мағыналық топтарына тоқталып, кейбір сан есімдердің жасалуы туралы түйіндеулер айтқан.

Қорытынды
Сөзжасам - тіл білімнің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол - сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың барлық мәселелерін түгел қамтиды. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамға атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, қолданылу ерекшеліктері сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасамды тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Бұл мәселелер тек сөзжасамға ғана қатысты. Олар тілдің басқа ешбір саласында шешілмейді, өйткені ол мәселелер тілдің басқа салаларында қойылмайды да.