Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Бюджетті толықтырудағы, салық түрлерінің атқаратын қызметі


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Бюджетті толықтырудағы, инновациялық саясаттың ролі 7
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, оның механизмдері 7
1.2 Инвестицияны тарту механизмінің факторы мен қағидалары және экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар 10
2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын талдау 18
2.1 Қазақстан кәсіпорынның инвестициялық инновациялық жағдайын талдау 18
2.2 Өңдеу өнеркәсіпті индустриалды инновациялық даму бағдарламасын жасау 24
3 Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту –ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өрісті жолы 28
3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың даму бағыттары 28
Қорытынды 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61

Кіріспе
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық-инновациялық саясатының ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .
Оған дәлел Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

1 Бюджетті толықтырудағы, инновациялық саясаттың ролі
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, оның механизмдері
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.[6. 23 бет]
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

1.2 Инвестицияны тарту механизмінің факторы мен қағидалары және экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың қазіргі жағдайын талдау
2.1 Қазақстан кәсіпорынның инвестициялық инновациялық жағдайын талдау
Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.

2.2 Өңдеу өнеркәсіпті индустриалды инновациялық даму бағдарламасын жасау
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

3 Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту –ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өрісті жолы

3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың даму бағыттары
Бизнесте ең нашар сан 1 саны болуы мүмкін Бір клиент, бір шот, бір жеткізуші, бір табыс көзі, бір өнім, бір қызмет түрі, бір нарық дегендей. Ал әртараптандыру – олардың көп болуын білдіреді. Оның кез келгенін ауыстыруға немесе жоғалтуға болады, бұл онша жанға батпайды. Міне, нақ сондықтан да Қазақстан соңғы жылдары ұлттық экономиканы әртаптандыруға зор күш-жігер жұмсап келеді. Индустриялық-инновациялық жеделдете дамыту бағдарламасының да негізі осы, өйткені, ол түптеп келгенде, бізді мұнай кірісіне тәуелді болуымыздан құтқарады. Оны басқа салаларды дамыту есебінен ғана шешуге болады, ең бастысы – біз өнімдерді тереңдете өңдеуге бағытталуымыз қажет. Ал бұл үшін қайта жарақтану, өндіріске инновацияларды, технологиялар трансфертін енгізуіміз қажет.

Қорытынды

Республиаксының кешегі, бүгінгі, ертеңгі даму әдістерін жан-жақты қарастыра отырып, қазіргі кезеңдегі ғылым мен техника жетістіктерін өндірістік пайдаланудың 2003-2015 жылғы арналған бағдарламасында осы мәселелр кеңінен көрсетілген, алайда оны жүзеге асыруда көптеген кемшіліктер болып жатыр. Әрине, бұл енді ғана инновациялық даму саясатына аяқ басқан ел үшін табиғи құбылыс. Алайда осы процестерді жүзеге асыруға қызығушылық танытушылар саны көбеймей отыр.Бөлінген қаржы мен материалдық қолдауларды дер кезінде пайдалану жақсы нәтиже берері сөссіз.Осы орайда арнайы орталықтар мен маман кадрларды жұмысты ұйымдастыруда өркениетті елдер тәжірибесіне сүйенуді үйрету керек, келісімділік негізінде жұмыс істеу екі жаққа да қолайлы болуы тиіс.