Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қазақ ақындарының аудармалық шеберліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ АУДАРМА МӘСЕЛЕСІ 10
1.1 АУДАРМАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 10
1.2 АУДАРМАНЫҢ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ СИПАТЫ МЕН РУХАНИ МӘНІ 17
1.3 АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ АУДАРМАСЫ 21
1.4 ҰЛТ КӨСЕМІ А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ АУДАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕГІ 28
2 КӨРКЕМ АУДАРМА – ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 33
2.1 АУДАРМА – ҒЫЛЫМНЫҢ ОБЪЕКТІСІ 33
2.2 ЕРКІН АУДАРМА – АУДАРМАШЫНЫҢ ӘДЕБИЕТШІЛІК, СТИЛИСТІК ДАРЫНЫ 41
2.3 ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ПУШКИН ШЫҒАРМАЛАРЫН АУДАРУ ТӘЖІРИБЕСІ 48
2.4 АУДАРМАШЫЛАР – ӨЗ УАҚЫТЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ 55
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

КІРІСПЕ
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік «сахнасында» өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын «тайға таңба басқандай» айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет «ұлы көштен» қалмастың да қамын ойлағаны жөн.

1 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ АУДАРМА МӘСЕЛЕСІ
1.1 АУДАРМАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ойсыз әлем болмайтын секілді, идеясыз ұлт болмайды. Ғұмырлық идеясыз халық жел қуған қаңбақ сынды. Ұлттық идеяны іздеу халықтың өзін-өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәттерінде өзіне өзі есеп беріп, төрт құбыласын түгендейді, өткен ғасырлардан сыр тыңдайды, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды. Ұлттық идея, оның ішінде, ұлттық жетілу мұраты патриотизммен тығыз байланысты. Ал патриотизм неден басталады? Өзіміз тірішілік етіп отырған ландшафтағы, мәдени кеңестігіміздегі біртуар дүниелер, қасиеттер мен дара тұлғаларды сүю, қасиетті санау мен уағыздаудан басталады.

1.2 АУДАРМАНЫҢ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ СИПАТЫ МЕН РУХАНИ МӘНІ
Аудармаға идеологиялық әсер-ықпалға байланысты көптеген мысалдар келтіріледі. Аударма саясатының толығымен мемлекет қолында, идеологиялық мекемелердің билігінде болуы белгілі бір дәрежеде аударылатын шығармалардың аясын да тарылтқандығын дәлелдейді. Тарихтың тасқа таңба басқандай талассыз тағылымы мынаны үйретті: жер бетін мекендеген халықтар мен ұлттар ешқашан томаға тұйық қалпында қалмай, өзге жұрттардың мәдениеті мен өнерінен нәр алып, үлгі тұтуды мұрат еткен. Сөйтіп, олардың арасындағы рухани алмасу процесі үздіксіз жүріп, барған сайын даму, бірін-бірі байыту бағытында өрістеген. Өзіңде барды өзгеге ұсыну, өзгенің өнегесін бойға дарыту – мәдениет тарихындағы орныққан, өркен жайып, тамырын тереңге жіберген.

1.3 АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ АУДАРМАСЫ
Зерттеуде тәржіме тарихын түзетін тұста қазақ аудармасының шежіресіне орай бірқатар тың тұжырымдарды ортаға салған. Аударма қазақ даласында атам заманнан болған. Түркінің «тілмаш» деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың «толмачы» шыққан.[11.31] Ұлы Жібек жолының алтын арқауы – аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің «Гүлстанын» ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады.

1.4 ҰЛТ КӨСЕМІ А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ АУДАРМАШЫЛЫҚ ЕҢБЕГІ
Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс өрістерді көруге келгенде жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, орайлас пікір-тұжырымды жігіт-желең, 25-26-лардағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың: «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі.

2 КӨРКЕМ АУДАРМА – ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
2.1 АУДАРМА – ҒЫЛЫМНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Әр аударма, шынтуайтында, өзінше эксперимент. Кез келген туынды автор қолымен дүниеге келген қайталанбас дүние. Ол жақсы болар, жаман болар, авторы талантты болар, талантсыз болар – бәрібір, бұрын мұндай шығарма жазылмаған, енді қайтадан дәл осындай шығарма жазылмайтыны тағы рас, демек, қайталанбас дүние. Аударма сол қайталанбас дүниенің басқа тілде қайталанған нұсқасын жасауы, яғни басқа тілде дүниеге қайта әкелуі керек.

2.2 ЕРКІН АУДАРМА – АУДАРМАШЫНЫҢ ӘДЕБИЕТШІЛІК, СТИЛИСТІК ДАРЫНЫ
Осы орайда аударманың бел-белестері, даму эволюциясы әрі қарай сөз етіледі. Қазақ тәржіме өнерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап бой көрсеткен бейімдеп аудару тәсіліне назар аударылады. Еркін аударманың алғашқы ретінде белден басып кете берудің мысалдары бізде де кездескені көрсетіледі. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын жеткізуге күш салатындығында.

2.3 ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ПУШКИН ШЫҒАРМАЛАРЫН АУДАРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақ ақындары ұлы Абай жолымен А.С.Пушкин мұрасын игерудің бел-белестеріне талдау жасайды. «Евгений Онегин» романының ізімен жырланған қазақ дастандары – әдебиет, мәдениет ауқымынан асып кететін, аса қызғылықты құбылыс. Қазақтың фольклорлық дәстүрінен ауызданған ақындарымыздың әлемдік әдебиеттегі теңдесі жоқ туынды – «Евгений Онегин» романын білгенінің, қадірлегенінің, соған қызыққанының, еліктегенінің, сол сарынмен дастандар шығарғанының өзі халқымыздың жақсы десе жайылып түсетін, жаңалық десе жанып түсетін ғажап қасиетінің айқын айғағы. Қазақтың дүниетанымы евразиялық санаға бейімдігінің бір белгісі.

2.4 АУДАРМАШЫЛАР – ӨЗ УАҚЫТЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
«Аудармашылар – өз уақытының және өз халқының өкілдері, түпнұсқаны өзінше пайымдауға олардың толық құқы бар. Түпнұсқаны ой елегінен өткізу, өзінше пайымдау жоқ жерде көркем аударма да жоқ…», деген болатын Иван Кашкин[48.439-440] Осыған орай Наум Гребневтің шешен-ингуш әнін аударып отырып, негізгі образды қалай ауыстырғаны әдебиеттану еңбектерінде жиі мысалға алынады. Аудармашылар да туындыға өз интерпретациясын жасай алады дейтініміз сондықтан. Өкінішке орай, төл әдебиетіміздегі тәржімеде түпмәтінді өз тұрғымыздан интерпретациялау жетісе бермейді.Мұқағали ақын өзінің төл туындылары емес табиғат танымын танытып жүрген өзі сияқты өзге елдердің ақындарының асқан ойларын аударып халқына жеткізуге асыққан жан. Оның аудармаларының ішінде Аветик Исаакян, Евгений Евтушенко, Федор Моргун, Уольт Уитмен сияқты классиктердің еңбектері бар.

ҚОРЫТЫНДЫ
Аударманың құдіреті өлі тілдерді тірілтуінен-ақ танылып тұр. Көне еврей, көне грек, латын, ескі славян, ескі орыс тілдерінен жасалған аудармалар арқылы қаншама мәдени мұра адамзат игілігіне айналғаны жақсы мәлім. Тәржімешілер болмаса олардың бәріне де санаулы полиглоттардың, тіл мамандарының ғана қолы жетер еді.