Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Ж. Аймауытов - драматург


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Ж. Аймауытов шығармаларының ерекшелігі 5
1.1 Жүсіпбек шығармаларындағы фельетондар 5
1.2 Әлеуметтік-саяси мәселелер жайындағы мақалалары 10
2 Ж.Аймауытов – драматург 15
2.1 Драмалық туындыларының биік үлгісі 15
2.2 Қысқа метражды пьесалары 20
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ж.Аймауытовтың публицистика, драматургия саласындағы сіңірген еңбектері жан-жақты қарастырылып, қазақ әдебиетінің даму, жетілу үрдісіне үлкен көрегендікпен, жауапкершілікпен атқарған қызметін айқындау болып табылады. Сонымен қатар, публициcт, әрі сыншы, сықақшы Ж.Аймауытовтың осы жанрлардағы жетістіктері, драматург ретінде қазақ драматургиясының негізін қалап, театр өнерін дамытуы, туындыларының ерекшеліктері, көркемдігі мәселесі қаралды. Публицист ретінде өзінен кейінгі жас буынға үлгі, із қалдырды, болашаққа жол сілтей білді. Осы ретте оның заман үніне қосқан үлесі, жасаған қызметі сөз болады.

1 Ж. Аймауытов шығармаларының ерекшелігі
1.1 Жүсіпбек шығармаларындағы фельетондар
Жүсіпбек - әдебиеттің барлық саласына қалам тартып, өнімді еңбек етіп, өзіндік із тастап кеткен талантты жазушы.
Қаламгердің сатиралық мұрасының сүбелі бір саласы – фельетондар. Ол «Жүсіпбек», «Ж», «Ермағамбет», «Қып-қызыл», «Шоғарақы», «Таңашбай» деп қол қойып, «Оқшау сөз» деген айдармен «Қазақ тілі» газетінде «Мысыққа – ойын, тышқанға - өлім», «Мал бас садағасы ма, бас мал садағасы ма?», «Талкошке шешендері», «Ақ жол» газетінде «Біз кім едік, кім болдық», «Әсемпаздық», «Көшпелі Көжебай», «Радио хабарлары», «Жарасымды суреттер» деген сияқты көптеген фельетондарын жариялаған.

1.2 Әлеуметтік-саяси мәселелер жайындағы мақалалары
Публицист болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оның өзіндік таудай талабы мен тастай тәртібі бар. «Жүк ауырын нар көтереді» дегендей, бұл сала маманына аса үлкен жауапкершілік жүктелетіні айдан анық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жаза білу, өткір сыншы, саяси сауатты әрі не нәрсеге қырағы, шапшаң болу публицистің басты қасиеті болу керек. Әрине, аталған сыннан Жүсіпбек Аймауытов сүрінбей өте білді. Әзірге жинаққа енген қырық бес мақаласына көз жүгіртіп өткен жан оның сөз саптау шеберлігі мен жалынды жігеріне сүйсінері хақ. Ендеше, сөз тізгінін солай қарай бұралық.

2 Ж.Аймауытов – драматург
2.1 Драмалық туындыларының биік үлгісі
Қазақ әдебиеттану ғылымында поэзия, эпикалық проза, әсіресе роман түбегейлі зерттеліп келеді. Ал драматургия туралы арнаулы еңбектерден С.Ордалиевтің «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964ж.), Р.Рүстембекованың «Қазақ совет комедиясы» (1975ж.), М.Дүйсеновтың «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі» (1977ж.), Е.Жақыповтың «Дастаннан драмаға» (1979ж.), Н.Ғабдуллиннің «Ғ.Мүсірепов - драматург» (1982ж.) зерттеулерін бөліп атау қажет.
Егер әлем драматургиясы сан ғасырмен есептелетін ұлан-ғайыр жолдан өтсе, қазақ драматургиясының тарихы әлі ғасырға да жеткен жоқ. Соған қарамастан, қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық тарихи-мәдени қауырт өрлеп дамуы, халықтың мыңдаған жылдық дәстүрі бар фольклоры, кәделі өнері, бай әдебиеті жаһан мәдениетіндегі дәстүрлермен қауыша келіп, қазақтың жаңа сапалы өнерін – драматургия мен театрды өмірге әкелді.

2.2 Қысқа метражды пьесалары
Жүсіпбектің қысқа метражды пьесаларына келсек, олар көлемі жағынан шағын болғанмен, өз дәуірінің көкейкесті, актуалды мәселелеріне үн қосқан құнды туындылар болып табылады.
Сондай туындының бірі - «Мансапқорлар» пьесасы. «Мансапқорлар» (алғашқы аты - «Жебір болыс») - 1925 жылы жазылған екі перделі драма. Өмірден алынған драма – мансап пен пара алудың, білік пен биліктің тасы өрге домалап тұрған кезеңнің көрністерін тартымды ашады. Пьесада негізгі тартысқа қатысатын адамдар көп емес: Қасқырбай болыс, оның әйелі Күләнда, болыстың туысқан інісі, тілмаш Мүсілім. Өзгелер – молда, қажы, ауылнай шабармандар арасында жүр. Бас-аяғы сегіз-ақ кейіпкер. Драмадағы тартыс - Мүсілім төңірегінде өтеді. Алғашқы бөлімдегі көрністен-ақ Мүсілім өз кеңсесінде, екі қолын қалтасына салған, сөйлеп жүр: «Болыс болғым келеді, - дейді ол. – Мүсілім болыс болу керек. Мүсілім кісге бағынбайды, бағындырмайды. Болыс болу үшін арды, адамшылықты аяққа таптамай болмайды»[7,445].

ҚОРЫТЫНДЫ
Уақыт үні Жүсіпбек Аймауытов еңбектері бойында да орын тепті. Жүсіпбек Аймауытовтың публицистикасындағы кемелді ісі ұлттық баспасөздің жетілдіруде қосқан үлесімен өлшенеді. Оның публицистік мұраларындағы жаңашыл ізденістері, ұлттық ой-толғам, терең көзқарас, әлемдік байланыс нышандары өз алдына ашқан жаңалықтарына дәлел боларлықтай жайттар. Ол заманның заңғар мәселесін көтеру жолында сыншылдық, насихатшылдығымен, тереңдігімен, журналистік мықты қабілетімен және ереуліге қарулы көзқарасымен танылды. Жүсіпбек Аймауытов көркем тілді, талғампаз қаламгер, кемеңгер әрі озық ойлы публицист бола білді. Сонымен қатар, драматургия саласындағы еңбектері де болашақ ұрпақ есінде мәңгі сақталмақ. Оның қаламынан туған «Шернияз», «Қанапия – Шәрбану», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», т.б. пьесалары дәуір шындығын бұлжытпай жеткізуімен, қазақ драматургиясының тұңғыш туындылыры ретінде, көркемдік сапаларымен әдебиет төрінен мығым орын алды.