Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бизнесті бағалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бизнесті (кәсіпорын) бағалауды анықтау үшін ақпараттық базаны құру


Жоспар
1 Бизнесті (кәсіпорын) бағалауды анықтау үшін ақпараттық базаны құру 3
1.1 Ақпараттар жүйесі 3
1.2 Бағалау процесінде қаржылық құжаттарды дайындау 6
1.3 Бухгалтерлік есептің трансформациясы мен нормализациясы 8
Әдебиеттер 10

1 Бизнесті (кәсіпорын) бағалауды анықтау үшін ақпараттық базаны құру
1.1 Ақпараттар жүйесі
Бағалау процесінде пайдаланылатын ақпараттар келесі талаптарға сай болуы қажет:
- сенімділік;
- дәлдік;
- кешенділік.
Жиналған мәліметтерді жүйелеу хронологиялық әдіспен, не журналистік әдіспен, не логикалық әдіспен, немесе үш әдісті де үйлестіретін, жиі кездесетін кешенді әдіспен жүргізіледі. Хронологиялық әдістің мәні ақпараттарды жинауда, орналастыруда және одан кейінгі талдауда өткенінен болашаққа қарай, журналистік әдісте - өте маңыздысынан маңыздылығы төменіне қарай, логикалық әдісте – жалпыдан жекеге немесе жекеден жалпыға қарай.

1.2 Бағалау процесінде қаржылық құжаттарды дайындау
Бағалаушының ішкі қаржылық құжаттамамен жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
 инфляциялық түзету;
 бухгалтерлік есеп беруді нормализациялау (тұрақты ету);
 бухгалтерлік есеп беруді трансформациялау (өзгерту);
 қатысты көрсеткіштерді есептеу.
Құжаттамаларды инфляциялық түзетудің мақсаты өткен кезеңдер ақпараттарын салыстырмалы түрге келтіру; ақша ағымының (легінің) және дисконт мөлшерлемесінің болжамын жасағанда бағаның инфляциялық өзгеруін есепке алу болып табылады.
Түзетудің қарапайым әдісі баланстың барлық баптарын тұрақтылығы жоғары валютаға, мысалы американдық долларға қатысты теңге бағамының өзгеруі бойынша қайта бағалау болып табылады.

1.3 Бухгалтерлік есептің трансформациясы мен нормализациясы
Есептің нормализациясы қалыпты қызмет етудегі бизнеске тән кірістер мен шығыстарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Ол бағалау қорытындылары объективті сипатта болып, кәсіпорын қызметін сипаттайтын нақты көрсеткіштерге негізделуі үшін қажет.
Жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес жасалған есеп мүліктердің нақты нарықтық құнын көрсетуге міндетті емес екенін бағалаушы түсінуі қажет. Операциялардың есебі, қарыздарды есептен шығару әртүрлі әдістерін қолдану мүмкіндігі бірдей емес пайда және ақша ағымы (легі) мәніне алып келеді.