Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш мектепте жазба жұмыстарының түрлері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНІҢ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ӘСЕРІ 7
1.2 ДИКТАНТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, ТАЛАПТАР,
ОЛАРДЫҢ СИПАТЫ 22
2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 30
2.1 МАЗМҰНДАМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ 30
2.1.1 ОҚУШЫЛАРДЫ МАЗМҰНДАМА ЖАЗУҒА ҚЫЗЫҚТЫРУ 38
2.1.2 МАЗМҰНДАМА – ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫН ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ 40
2.2 ШЫҒАРМА ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР 41
2.3 ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 48
2.4 ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНДА ЖІБЕРГЕН ҚАТЕЛЕРІМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65

КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде сауатылыққа баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, бастауыш мектеп оқушыларына сауатылыққа тәрбиелеудің педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған.
Сондықтан да бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, сауатты жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНІҢ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ӘСЕРІ
Сауат мектебінде ана тілін оқытқанда көзделетін мақсат – бір жағынан оқу мен жазуға үйрету болса, екінші жағынан ауыз сөз бен жазба сөзге дағдыландыру.
Сауат мектебінде үлкендер оқиды; бұлардың өмір тәжірибелері көп болғанымен, сауатсыздығы себепті әдеби тіл өрнектерін білмейді, сөз сапасы да аз болады, ойға алғанын дәлелдеп түсіндіре алмайды.
Сауат мектебінде оқытушыларға тіл жағынан мынадай қиыншылықтар кездеседі.

1.2 ДИКТАНТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, ТАЛАПТАР,
ОЛАРДЫҢ СИПАТЫ
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу. Мәселен оқушылардың білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуде, алған білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін диктанттарды пайдалану өте тиімді.Бастауыш сыныпты бітіріп, бесінші сыныпқа келгенде жазу жұмысында оқушылар көптеген қателер жібереді. Олардың көбі мәтіндегі жаңа ой басталатын жерде азат жолдан бастап жазуды білмейді. «Бас әріп, кіші әріп» түрі мен тұлғаларын сақтап жаза алмауынан, әріптің баспа түрі мен жазба түрін айқын білмеуінен болады. Әріптерді дыбыстағанда, оны дұрыс айтып үйренбейді.

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2.1 МАЗМҰНДАМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Бірінші сыныпта мазмұндама мен шығарма жазуға төселдірудің үлкен мәні бар. Әдетте ата-аналар мен үлкендер арасында бірінші сыныпта мазмұндама шығарма жазудың мәніне түсінбеушілік те кездеседі. Байланыстырып жазу жұмысы кіші жастағы дидактикалық түсініктілік принципіне негізделіп жүргізіледі.
«Баланы – жастан» деген халық педагогикасында баланы жас кезінен бастап әдептілікке тәрбиелеуді мақұлдайды. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде жас ұрпақты шығармашылық жазба жұмыстарға үйретудің аса жеңіл де тиімді әдістемелері аз емес.

2.1.1 ОҚУШЫЛАРДЫ МАЗМҰНДАМА ЖАЗУҒА ҚЫЗЫҚТЫРУ
Неліктен балалар мазмұндама жазуды аса ұната бермейді? Біздіңше, мұғалімнің мазмұндаманы өткізуіне байланысты (бір сарынды, қызықсыз ғып өткізсе, әрине, балалар қызықпайды), екіншіден, мазмұндаманың негізгі мағынасын сақтай отырып, жоспар бойынша басқа біреудің ойын жеткізу қиын, үшіншіден, мұғалімнің айтқанымен, дайын оймен, ұсынылған бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бұл оқушы үшін қызықсыз және баланың ешқандай шығармашылығы дамымайды, мазмұндаманы құлықсыз жазады.

2.1.2 МАЗМҰНДАМА – ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫН ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ
Психолог ғалымдар: “Адамның сезім мүшелеріне әртүрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлыңғыр, көмескі болып қабылданады”, - дейді.[18.93] Сол тәрізді оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуі, ондағы сөз кестелерін, түрлі суреттеулерді қабылдаулары бір мезгілде, бір деңгейде болмайды, солардың ішінен оқушы өзіне ерекше әсер еткендерін ғана толық қабылдап, соларды баса жазады.

2.2 ШЫҒАРМА ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі. Шығарма жазуға дайындық жұмыстарын бірінші сынып оқушылары оқу жылының екінші жарты жылында бастайды. Оқушылар шығарма жазғанға дейін мына дағдыларды игеруге тиіс: Мысалы, бірінші сыныпта берілген суреттердің мазмұнына қарай жүйелі ойды білдіретін сөйлемде шағын шығарма әңгіме құрап айтуға және жазуға жаттықтыру. Оқушылар сурет мазмұнына байланысты сөйлемдер құрайды, шағын әңгіме жазып шығады. «Біздің сынып» тақырыбына шығарма жаздыру мұнда ешқандай сурет қолданылмайды. Бірақ ауызша әңгіме өткізіледі.

2.3 ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.

2.4 ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНДА ЖІБЕРГЕН ҚАТЕЛЕРІМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Мұғалім грамматика мен емледен оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, олардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін сыныптағы анағұрлым білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп, жазып жүреді.Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді. Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.