Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 55 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Ақша реформаларын талдау.


Мазмұны
Кіріспе 3
I тарау. Ақшаның пада болуының теориялық негізі 5
1.1 Ақшаның мәні мен пайда болу тарихы 5
1.2 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы 9
1.3 Ақша айналымын реттейтін заңдылықтар 15
II тарау. Ақша реформаларын талдау 18
2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшеліктері 18
2.2 ТМД елдеріндегі ақша реформалары 30
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты 32
III тарау. Қазіргі кездегі ақша реформаларын жетілдіру мәселелері 43
3.1 Ақша–несие саясатының негізгі көрсеткіштерін болжамдау 43
3.2 Теңгенің долларға шаққандағы валюталық бағамы 46
Қорытынды 52
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 55

Кіріспе
Бүгінгі таңда егеменді еліміздің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету дұрыс ақша несие саясатын жүргізуге тікелей байланысты екенін уақытының өзі дәлелдеп берді. Оны ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында да айтып өткен болатын. Ал осы ақша несие саясатын дұрыс жүргізу барысында ақша айналымын жақсарту, дұрыс жолға қою үшін бірнеше реформалар жүргізілгенін тарихтан жақсы білеміз. Әрбір реформаның өзіндік ерекшеліктері мен осал тұстары болғанын білеміз.
Әлемге танымал экономист А.Смит: «Ақша - бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы», - деп анықтама берген ақшаның бүгінгі өмірімізде алатын орны күшеймесе әлсіреген жоқ. Ол экономиканы тұрақтандырудың бірден-бір құралы болып отырғаны аян. Әрбір мемлекет дағдарыс тұсында дұрыс ақша реформасын жүргізілуінің нәтижесінде тығырықтан шыққаны белгілі.

I тарау. Ақшаның пада болуының теориялық негізі
1.1 Ақшаның мәні мен пайда болу тарихы
Ақша реформаларын қарастырмас бұрын, сол ақшаның не екенін және оның шығу тегін қарастырып алайық. Күнделікті өмірімізде кездесетін, үнемі қолданыста болып жүрген ақшаға түсінік бер десе, «жәй ғана қағаз ақша, монета» деп айта салатын едік. Ақша - бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн өлшемі, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады.Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату мен айырбастау үшін жасалынған еңбек өінімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар фирмасын қабылдайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды.

1.2 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі - бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, дүниежүзілік ақша. Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндіріс жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнның өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өнім өндіруіне қоғамдық еңбекке жұмсалған, құнды қорғайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады.

1.3 Ақша айналымын реттейтін заңдылықтар
Ақша жүйесін реттейтін нақты заңдылықтар қабылданбайынша, елдегі ақша жүйесін дұрыс жолға қою мүмкін еместігін бұрынғы жүргізілген ақша реформалары дәлелдеп берді.
Ал енді еліміздегі ақша жүйесіне келер болсақ ҚР-дағы ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы, Қазақстан Республикасы ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

II тарау. Ақша реформаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшеліктері
ҚР-дағы ақша айналымның өзіндік тарихы бар. Ол бірнеше сатылардан өтіп, бірнеше реформаларды бастан кешірді. Соның алғашқысы ретінде 1922-1924 жж. Ақша реформасын қарастырайық. Алдымен осы ақша реформасын жүргізу қажеттілігіне тоқталайық. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. Ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді.
Айналыста алтын, күміс, мыс монеталар жүргізілді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтанда оларға деген халықтың сенімі болды.

2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты
Төл валютамыз пайда болған жылдардағы Ұлттық Банктің ұстанған саясаты бүгінгі күндермен салыстырғанда жер мен көктей, бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оңтайлы ақша саясатын жүргізіп отырған елімізде бүгінде теңгеміздің тұрақтылығы артып отыр, теңгедегі салымдардың мөлшері артты. Ал осы ақша несие саясатын жүргізуде пайдаланылған ақша несие саясаты құралдарына шолу жасап, олардың нәтижелеріне шолу жасайық.
Пайыздық саясат - ақша несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларын және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді.

III тарау. Қазіргі кездегі ақша реформаларын жетілдіру мәселелері
3.1 Ақша–несие саясатының негізгі көрсеткіштерін болжамдау
Өткенге қарап оның жеткізген нәтижелерін талдай отырып, біз болашаққа болжам жасай аламыз. Осы ақша айналымдағы басты рольді атқарушы ұлттық Банк қазіргі жағдайда өз міндетін елеулі нәтижелермен атқарып отыр. 2004 жығы ақша-несие саясатының негізгі мақсаты базалық инфляцияның деңгейін 4-6% шамасында ұстап тұруға бағытталған.
Ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштері: инфляция, есеп ставкасы, жалпы валюталық резерв, ақша базасы, ақша массасы, депозиттер банк кредиттері, депозиттер бойынша сыйақы ставкілері.

3.2 Теңгенің долларға шаққандағы валюталық бағамы
Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделетіні баршамызға белгілі. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады: