Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мемлекеттік меншік: қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны


Жоспар
Кіріспе 3
1 Меншік: мәні, мазмұны 4
2 Өндiрiстi ұйымдастырғанда өз мүдделерiн теңестiруге және оларды оптимальды үйлестiруге ұмтылады 7
3 Меншiк объектiлерi және субъектiлерi 8
4 Меншiк формалары мен олардың даму диалектикасы 11
5 Мемлекет иелігінен алу – меншік қатынастарын қайта құрудың шешуші негізі 16
Қорытынды 22
Әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе
Бұл тақырып өте күделі және көп қырлы. Ол әлеуметтік – экономикалық жүйенің терең және өте мәнді қатынастарын қамтиды. Бүгінгі таңда меншік қатынастарының проблемалары өзекті сұрақтардың бірі және пікірталас туындайтын тақырыпқа айналып отыр.
Нарықты экономикаға көшу меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезенінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде.

1 Меншік: мәні, мазмұны
Қай ел болсын, оның шаруашылық өмiрiмен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кiмнiң қолында? Немесе адамдардың өмiр сүру негiзi - материалдық игiлiктердi иемденетiн кiм? Бұл билiктiң мәнi – өндiрiс қурал-жабдықтарына және оның нәтижелерiне тиiстi меншік қатынастары болып табылады.
Меншiк – қогамдық құрылыстың экономикалық негiзi – қогамдық бастаулардың негiзiне жатады. Сондықтан әрбiр мемлекет меншiк туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншiк, заң жағынан алып қарағанда, мүлiктiк қатынастарға жатады.Құқықтық нормалар мен актiлерде материалдық байлық әр түрлi субъектiлер (жеке адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар, мемлекет) арасында қалай иемденетiнi және бөлiнетiнi анықталады. Меншiк иесi заңмен анықталған мүлiктерге ие болады. Және ол қолындағы мүлiктердi: иемдену, пайдалану және оған иелiк жасау өкiлеттiлiгiн алады.

2 Өндiрiстi ұйымдастырғанда өз мүдделерiн теңестiруге және оларды оптимальды үйлестiруге ұмтылады
Иемдену – адамдар арасындағы экономикалық байланыстарды бейнелейдi, егер олар; “мына зат менiкi” десе, онда бұл жайт қалыптасып үлгерген шаруашылық байланыстарын сипаттайды және бұл мүлiктi кiмнiң иемденуге құқығы бар, ал кiмнiң құқығы жоқ екенiнi көрсетедi.

3 Меншiк объектiлерi және субъектiлерi
Меншiк қатынастары көптеген ғасырларды қамтиды. Оның өз даму тарихы бар. Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық, кәсiпкерлiк әрекеттерi, мақсатты қозғалыс жүйесi , тағы да басқа әртурлi экономикалық мүдделерi, шаруашылық жүргiзу формалары мен тәсiлдерi байланысты. Дүниежузiлiк тәжiрибенiң дәлелдiгi - меншiктiң аса маңыздылығы – жалпы адамзаттың маңызды байлығына жатады.

4 Меншiк формалары мен олардың даму диалектикасы
Меншiк – қашанда белгiлi бiр тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Адамдардың жасампаз әрекеттерiнiң негiзгi материалдық құралдарын иелену – бұл әр қоғамдық өндiрiстiң дамуының өзектi көзi. Ал экономикалық басты құрылымы технологиялық процес те жұмысшы мен жеке оның еңбегiнiң өндiрiстiң заттық факторларымен ұштасуы қандай қоғамдық формаларда жүзеге асыратылатынына тәуелдi болады.
Адамзат қоғамының тарихи даму барысында құрал-жабдық меншiктерiнiң әр түрлi формалары белгiлi. Алдымен олардың бiрiне-бiрi қарсы: жалпы және жеке меншiк деп аталатын екi формасы бар.

5 Мемлекет иелігінен алу – меншік қатынастарын қайта құрудың шешуші негізі
Қазақстан Республикасында меншіктің алуан түрлері мен формаларын қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет иелігінен алу және жекелешендіру жолымен жүзеге асырылады.
Меншік туралы Заңның 1-бабында, мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру аркылы қайта құру. Ал жекелешендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және де басқа да заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру дегенді білдіреді. Әрине, мұнда мемлекеттік иелігінен алу мен жекелешендірудің ара жігін ажырата білген жөн. Айталық, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекет мемлекеттік мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді. Ал, жекелешендіруге келетін болсақ, мұнда меншік объектісі мемлекеттен біржола бөлінеді. Яғни, меншік құқығына да шаруашылықты басқару құқығына да иелік өзгереді. Бұл субъектілер енді мемлекеттік тұтқаныі иелері емес, жеке адамдар болып саналады.

Қорытынды
Бұл такырыпты қорытындылай келе мынадай тұжырым жасауға болады, егер де жас мемлекетіміздің әлемнің дамушы және дамыған елдерінің қатарынан қалғысы келмесе, бүгінгі күндегі нарықтық экономикаға сәйкес мемлекеттік меншікті және жеке меншікті одан әрі дамыта білуіміз керек.