Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар


Мазмұны
Кіріспе 3
1 СӨЗ, ОНЫҢ КҮРДЕЛІ ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ 6
1.1 Қос сөз, оған тән белгілер 6
1.2 Күрделі сөз жән оның түрлері 11
1.3 Кіріккен сөз және оған тән белгілер 12
1.3 Біріккен сөз және оның емлесі 19
2 ТҰРАҚТЫ ТІРКЕС ПЕН ЕРКІН ТІРКЕС 27
2.1 Тұрақты тіркес пен еркін тіркес туралы 27
2.2 Фразеологиялық тұлғалардың құрылымы жайында 44
2.3 Терминдік атаулар мен ономастика 56
Қорытынды 64
Қолданылған әдебиет 65

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тілі сондай-ақ басқа түркі тілдерінде күрделі сөз бен күрделі тұлғалар мәселесі Қазан революциясына дейін ауқымды арнаулы зерттеудің объектісіне айнала қоймаған еді. Түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын зерттеген ғалымдардың еңбектерінде ол туралы азды-көпті мағлұмат беріліп келді. Соның өзінде күрделі сөз лексикалық емес, негізінен, тілдің грамматикалық құрылысы, оның ішінде сөз табы категориясына қатысты жағынан қарастырылатын.

1 СӨЗ, ОНЫҢ КҮРДЕЛІ ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ
1.1 Қос сөз, оған тән белгілер
Басқа түркі тілдері тәрізді, қазақ тілінде де күрделі сөздерді компонеттерінің бір-бірімен байланысу тәсілі тұрғысынан әдетте екіге бөледі. Құрамындағы сыңарлары сабақтаса байланысып құрылғандарын біріккен сөздерге, ал салаласа байланысып құрылғандарын қос сөздерге жатқызады. Күрделі сөздерді осылай жүйелеу дәстүрге айналып кеткенімен, тіл мамандарының бұл турасындағы пікірлері бір жерден шығады деуге келмейді. Тегінде біріккен сөз болмаса, қос сөздердің таза лексикалық тұлға болу-болмауы жайында әр түрлі пікірлер бар. Мәселен, қайталама қос сөз турасында Н.К.Дмитриев «Башқұрт тілінің грамматикасы» деген еңбегінде грамматикалық жолмен жасалған форма болады дейді [1.45], ал А.Н.Кононов «Өзбек тілінің грамматикасы» деп аталатын еңбегінде: Екі сөзді қосарлау негізінде пайда болған лексикалық комплекс жинақтау, жалпылама, қайталау, эксперессивтік мағына білдіреді дегенді айтады [2.104].

1.2 Күрделі сөз жән оның түрлері
Біздіңше, қос сөз, қысқарған сөзді қоспағанда, нағыз күрделі сөздің үлгісіне – бүгін, биыл, былтыр, қолқап, қоян, жылан, жануар, асқазан, ұлтабар, қарақұс, аққу, шашбау, тамақбау, итмұрын, қарабауыр, тараққұйрық, әкел, апар, сексен, тоқсан, қарапайым, ақсақал, жарымжан, сары ала, көк ала, жақсы көру, еңбек ету, күнелту, құр қалу, он салу, сатып салу, шығарып салу тәрізді сөздер жатады.

1.3 Кіріккен сөз және оған тән белгілер
Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, қолқанат, бүгін, биыл, сексен, тоқсан, ағайын, өйткені, былтыр, қарлығаш тәрізді сөздер жатады. Кезінде тіл мамандары көрсеткендей, бұлар да күрделі сөздердің басқа түрлері тәрізді сөз тіркесінен ажыраған. Мәселен, белбеу - белге буынатын бау, сексен, - сегіз он, бүгін -бұл күн, қоян -қой сияқты аң т.б. дені екі, ал былтыр (бір жыл дұр) үш сөздің тіркесінен пайда болған. Көптеген лингвистикалық әдебиетте кіріккен сөздерді, әдетте, біріккен сөздер есебінде қарайды. Кейбір жеке еңбектерде ғана олар біріккен сөздерден бөлініп алынып, күрделі сөздердің өз алды жеке түрі есебінде қаралу керек деген пікір айтылады[4.110]. Тіл мамандарының қай-қайсысы болмасын кіріккен сөздерге компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы тұр-тұрпатын өзгерткен сөздерді жатқызады.

1.3 Біріккен сөз және оның емлесі
Бұған: қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке, аққайран, мысыққұйрық, түйетабан, итмұрын, сиырбүлдірген, ақсақал, балажан, бозбала, жарымжан, санырауқұлақ, көкнайза, қылтамақ, албасты, көнтері, аққүла, екіқабат, есерсоқ, көнетоз, қарақұс, шашбау, аққу, мендуана тәрізді алуан түрлі сөздер жатады.

2 ТҰРАҚТЫ ТІРКЕС ПЕН ЕРКІН ТІРКЕС
2.1 Тұрақты тіркес пен еркін тіркес туралы

Түркітануда тұрақты тіркес туралы алғашқы еңбектер 40-жылдардан кейін жарық көрді. Түркі фразеологиясын (әзірбайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, татар, өзбек, т.б.) зерттеуде алғаш ат салысқан қазақ ғалымы І. Кеңесбаев болатын.
Бұл саладағы ғылыми еңбектердің тіл-тілдегі фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық жақтарының күрделілігіне қарай, зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр әлуан. Елуінші жылдардан кейін түркітануда фразеологизмнің тіл білімінде жеке пән ретінде қалыптасу жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыда шешуде үлкен ізденістер басталды. Бұл ретте баспа бетіне жарияланған жалпы фразеологизм туралы еңбектерге шолу жасасақ, түркітануда айтарлықтай нәтижелер бар екені байқалады.

2.2 Фразеологиялық тұлғалардың құрылымы жайында
Фразеологиялық тұлғаларды құрылымы жағынан екіге бөлуге болады.
Бірінші - сөйлеммен орайлас фразеологиялық тұлғалар, екінші - сөз тіркесіне орайлас фразеологиялық тұлғалар. Сөйлеммен құрылымдас фразеологиялық тұлғаларға: аузынан сөзі, үстінен бөзі түскен, сіркесі су көтермейді, жүрегі тас төбесіне шықты, беті бүлк етпейді, тасы өрге домалаған, арасынан қыл өтпейді, желіні жер сызған, түгін тартса, майы шыққан; айран ұйытса, іріткен, тері илесе, шіріткен; аузынан ана сүті кетпеген, белінен бесік табы кетпеген; тепсе, темір үзеді тәрізділер жатады. Бұларды құрылымы жағына өз ішінде тағы екіге бөліп қарауға болады.

2.3 Терминдік атаулар мен ономастика
Күрделі сөздер тәрізді күрделі терминдерде де қалыптасып қалған құрылым болады, ол қанша сөзден тұрмасын, компоненттерінің орнын ауыстыруға немесе араларына басқа бір сөзді кіргізуге я бірін екіншісінен бөліп қолдануға келмейді. Лексикалық, лексика-грамматикалық мағынасы жағынан да бөлшектенбей тұтас бір ұғым, мағына білдіріп, бір сөз табының құрамына кіреді; қосымша қосылғанда да сыңарлары жеке-жеке емес, тұтас тұлғаланады, әдетте қосымша мұнда да соңғы компонентке қосылады, сөйлем ішінде де ажырамай, соңғы сыңарының тұлғасына орайлас сөйлем мүшесі болады, бір ритмикалық екпінмен айтылады. Морфемалық құрамы жағынан да бұлар құрылымдас, мысалы: дыбыс,тіл, құн, ұйқас тәрізділер іштей мағыналы бөлшекке ажыратуға келмейтін таза түбірден тұрса, үстеу, жалғау, есімдік тәрізділер түбір мен сөз тудырушы қосымша морфемадан тұрады. Құрылысы жағынан да бірдей; мысалы: шақ,жақ, шырай тәрізділер олардың жалаң түрі болса, асқазан, ұлтабар, қосымша құн, диалектикалық материализм т.б. күрделі түрі болады.

Қорытынды
Тіл –дүниетанымның құралы, ойлау мен шындық өмірдегі көрінісі. Тілдік таңба арқылы шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың ұғымдық бейнесі жүзеге асады. Сондықтан тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Тіл –ойлаудың, сананың, танымның қаруы, құралы. Тілде заттың нақты қасиеті номинативті таңба арқылы белгіленеді де, оның түрлі қызметі, нақты ерекшеліктері соған негіз болады, яғни тіл-ойды жеткізудің тәсілі, шындық болмысты таңбалаудың құралы. Тіл –құнды қазына. Оның дамуы қоғамның дамумен бірге жүреді. Осымен байланысты тілдік жүйедегі болып жатқан сөзжасамдағы күрделі жасалымдардың мағынасы мен қызметін жан-жақты терең зерттеу бүгінгі күннің талабынан, сұранысынан туындап отырғаны белгілі. Сондықтан соңғы жылдарда лингвистер аталым теориясына қызығушылық көрсетуде. Тілдік аталымының табиғатын зерттеу тілдің түрлі аспектісімен тығыз байланыста жүзеге асады.