Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Азаматтық құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілері


Жоспар
Кіріспе 3
І - тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі 6
1.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі 6
1.2 Азаматтық - құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы пікірлер 17
1.3 Азаматтық - құқықтың жауапкершілік формалары 21
1.4 Жауапкершілік түрлері 28
1.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік 36
2 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері 40
2.1 Құқыққа қарсы мінез 40
2.2 Себепті байланыс 42
2.3 Кінә 46
2.4 Зиян 53
2.5 Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы 54
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер 58

Кіріспе
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады.
Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.

І - тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
1.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз - заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

1.2 Азаматтық - құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы пікірлер
«Жауапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.
«Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В.А Тархованың пікірі бойынша: «өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік «,-дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан айырады.
Қоғамдық өмірде « рухани жауапкершілік « категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді.

1.3 Азаматтық - құқықтың жауапкершілік формалары
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің формасы ретінде құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:

1.4 Жауапкершілік түрлері
Жауапкершілік түрлері - Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлерге бөлінуі оның алға қойған мақсаттарының белгілеріне қарай жүзеге асырылады. Сонымен негізгі мағына шартты және шарттан тыс жауапкершілікке бөлеміз. Шарттан тыс жауапкершілік құқық бұзушыға тек қана шартта белгіленбеген санкция қолдану кезінде пайда болады. Мысалы, сатылған заттың кемшілегі үшін тутынушының алдында сатушымен қатар затты дайындаушы да жауапкершілікте болады. Алайда сатушы тұтынушының алдында шартты қатынаста құрылғандықтан шартты жауапкершілікте, ал дайындаушы - тұтынушы мен затты дайындаушының арасында шартттық қатынас болмағандыктан шарттан тыс жауапкершілікте болады.

1.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік
Азаматтық құқықтықжауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады.

2 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез
Құқыққа қарсылық құқылық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсыек ендігін білген немесе білмегендігіне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ, азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.
Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерінде сәйкес тараптық құқыққа қарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтірілетін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады.

2.2 Себепті байланыс
Азаматтық Кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқордың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөсмпірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тыйым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етушісі қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды.

2.3 Кінә
Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек-қана талапкердің мүліктік қанағаттандыруына бағытталып қоймай, сонымен бірге азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік белгілі бір превентивтік қызметін атқарады. Сондықтан азаматтық айналымның қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін өзінің іс-әрекетімен басқа тараптың заңмен қорғалатын құқығын бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы азаматтық айналымға қатысушылардың инициативасын төмендетеді.

2.4 Зиян
Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын деленеді.
Азаматтық кодекстің 9-шы бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.

2.5 Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы
Тұтынушылардың құқығын қорғау ретінде мүліктік жауапкершілік ерекше орын алады.
Нарықтық экономикаға өтуімізе байланысты мүліктік жауапкершіліктің ролі артып келеді. Оның негізгі мақсаты құқығы бұзылған тараптың мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру болып табылады.
Азаматтық -құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкершіліктің бір түрі. Осыған байланысты оған юридистикалық жауапкершілік белгілері тән. Құқық бұзылған кездегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары ретінде жауапкершілік кеңінен таралған.

Қорытынды
Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ролі артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құруды алға мақсат етіп қойды. Ал құқықтық мемлекет құру заңдылықты оқу, білу және заң бұзушылыққа жол бермеу қажет. Заң бұзушылықты болдырмау үшін жауапкершілікті қолданамыз.
Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі. Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті құқықтық актілерді жауапкершілік шегі көрсетіледі.