Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Стилистика – тіл білімінің бір саласы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Стилистиканың ғылыми-теориялық негіздері 8
1.1 Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне шолу 8
1.2 Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары 12
1.3 Стилистикалық мәнерліліктің бір түрі - аллитерация және ассонанс 15
1.4 Троптардың экспрессивтік стилистикалық қызметі 20
2 Стиль - суреткер талантының даралық қуатын көрсететін сапалық белгі 28
2.1 Ұлттық менталитеттің экспрессивтік стилистикадағы көрінісі 28
2.2 Экспрессивтік стилистика және сөз мәдениеті 33
2.3 Ресми ісқағаз стилі және сөз мәдениеті 42
2.4 Стиль және ақындық шеберлік 47
2.5 Қазақ прозасындағы романтикалық стиль мәселесі 56
2.6 Поэзиялық шығармалардағы фразеологизмдердің стилдік сипаты 59
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 66

КІРІСПЕ
Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние – әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.

1 Стилистиканың ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне шолу
Экспрессивтілік – адаммен, оның ойлауымен, сезімдік таным-түйсіктерімен тығыз байланыста танылатын күрделі құбылыс. Экспрессивтіліктің психологиялық табиғаты қаншалықты күрделі болса, оның тілдік таңбалық сипаты да соншалықты көпқырлы және сан алуан. Тілде таңбаланатын адамның шығармашылық танымы, көркемдік ойлау жүйесі, ұлттық дүниетанымы мен сезім-түйсіктері тілдің экспрессивтік күш-қуатын айқындайтын факторлар болып табылады. Тіл құралдарының экспрессивтілік нысаны болуы ақпараттық қана емес, экспрессивтік мәліметті жеткізу әлеуеті арқылы көрінеді.

1.2 Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары
Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары қатарында экспрессия, экспрессивтілік түсініктері әлемдік тіл білімі ғылымында көптен бері ғалымдардың назарын ерекше аударып, тереңнен зерттеліп келеді. Тіл туралы ғылым бұл құбылыстың тілдің әртүрлі деңгейінде жүргізілетін зерттеулерге арналған көптеген жұмыстарды жинақтайды.

1.3 Стилистикалық мәнерліліктің бір түрі - аллитерация және ассонанс
Аллитерация және ассонанс дыбыстық қайталауға негізделеді. Аллитерация – сөз ішінде қатар немесе алшақ тұрған бірдей немесе ұқсас дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі. Стилистикалық мәнерлілікті күшейтудің ерекше амалы ретінде клишеге түсірілген синтаксистік құрылымдарда, мақал-мәтелдерде, күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста кең қолданылады. Аллитерация ауызекі шығармалардан, поэтикалық шығармалардан басқа прозалық мәтіндердің де дыбыстық ұйымдасу ырғағына, мәтінге тән авторлық көңіл-күйді жеткізуге әсер етеді.

1.4 Троптардың экспрессивтік стилистикалық қызметі
Тілдің көріктеу құралдары шешендіктану мен стилистиканың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Көріктеу құралдары аясында айшықтау (фигура) және құбылту (троп), олардың түрлері мен мағыналары, қызметі және жасалу жолдары қарастырылады. Алайда қазіргі лингвистикалық зерттеулерде фигура мен троп ұғымдарының ара жігі және түрлері, айырым белгілері туралы әр түрлі пікірлер бар. Қазақ тіліндегі зерттеулерде көріктеу құралдарын жасалу жолына қарай анықтау қалыптасқан. Қазіргі зерттеулерде «троп» және «фигура» (сөз айшықтары мағынасында) ұғымдарының ара қатынасы туралы пікірлер әр түрлі беріліп жүр.

2 Стиль - суреткер талантының даралық қуатын көрсететін сапалық белгі

2.1 Ұлттық менталитеттің экспрессивтік стилистикадағы көрінісі
Тілдік экспрессия жасауда дін, менталитет ұғымы белгілі бір ұлттың бойында ғасырлар бойы қалыптасып, әлемді қабылдауын көрсететін ұлттық дүниетанымдылық құндылықтарының жүйесі.
«Діл – мәдени бірегейленумен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстардың біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленді [34, 321]. Аталған құндылықтар қатарында әр ұлттың өзіне тән қастерлейтін ұғымдары болады, олар ортақ табиғи ортада қалыптасу негізінде мәдени-ұлттық танымдармен тікелей байланыста қарастырылып тіл арқылы көрініс тауып отырады.

2.2 Экспрессивтік стилистика және сөз мәдениеті
Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде қарастыратын негізгі объектісі, біріншіден, тілдік норма. Тілдік норма негізінен екі нәрсе арқылы айқындалады: пайда болған жаңа құрылым жүйеге сәйкес пе, жоқ па? Дағдыға айналды ма, жоқ па?
Бұл – сөз мәдениетінің құрылымдық-жүйелік аспектісі. Сөз мәдениетінің қарастыратын объектісі, екіншіден, сөйлеген (жазылған) сөздің коммуникативтік сапасы: дұрыс/бұрыс, бай/жұтаң; бедерлі/бедерсіз; дәл/дәл емес т.б. Бұлай деп баға беру сөз мәдениетінің коммуникативтік аспектісіне жатады.

2.3 Ресми ісқағаз стилі және сөз мәдениеті

Ресми ісқағаз стилі ресми іскерлік саладағы қарым-қатынаста қызмет ететін тілдік құралдардың жиынтығы мен әдіс-тәсілдері.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің өзара қарым-қатынасы, жеке адамдардың өндіріс, шаруашылық, құқықтық саладағы қарым-қатынасы ресми іскерлік қарым-қатынас деп аталады.
Әдеби тілдің ресми ісқағаздар стилі жоғарыда аталған салаларға қызмет етеді. Функционалдық стильдің бұл түрі өз ішінде: кеңсе ісқағаздары стилі, құқықтар ісқағаздар стилі, дипломатиялық қатынас стилі тәрізді үш тармаққа бөлінеді. Негізгі сипаты жағынан бұлар бір-біріне өте жақын, тек бұлардың ішінде дипломатиялық қатынас стилінің өзіне тән дипломатиялық формулалары ерекше этикеттік нормалары жағынан өзгелерден гөрі оқшаулау тұрады.

2.4 Стиль және ақындық шеберлік
Стиль - әдеби дамудың деңгейі мен бағыт-бағдарын тануда, көркем шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым. Стиль термині әр түрлі ғылым саласында (әдебиеттану, өнер, тіл білімі, мәдениеттану, эстетика) қолданылады. Эстетикалық категория ретінде стиль, Ю. Боревтің пікірінше, «шығармашылық процестің, көркемдік ойлау процесінің, көркемдік қарым-қатынастың, туындының факторы» [37, 181] болып табылады.

2.5 Қазақ прозасындағы романтикалық стиль мәселесі
Романтикалық стиль мәселесіне тоқталмас бұрын стиль ұғымына түсінік берген жөн. Стильді зерттеу барысындағы бай терминология мен сан алуан ұстанымдар осы ұғымның күрделі екенін көрсетеді. Стиль ұғымы өнертану саласында ХҮІІІ ғасырда ғылыми айналымға еніп, бүгінде мәдениеттану, философия, әдебиеттану, т.б. ғылыми салаларда кең қолданыс тапқан.
Әдебиеттанудағы стильді тілдің функционалды бір түрі болатын лингвистикалық стиль ұғымымен шатастырмау керек (ресми, ғылыми, публицистикалық, т.б.). Әдебиеттануда стиль ұғымы – нақты қайталанбас қасиетке және белгілі бір мазмұнға ие көркем форманың барлық элементтерінің эстетикалық бірлігі, эстетикалық, яғни бағалау категориясы.

2.6 Поэзиялық шығармалардағы фразеологизмдердің стилдік сипаты
Сөзді сұлуландырып, ойды әсемдеп, тілді мәнерлеп жеткізетін әрі стильдік мәні ерекше сөздердің бірі – фразеологизмдер ауызекі сөйлеу тілінде де, көркем шығарма тілінде де көп қолданылады. Көп сөзбен бір ғана мағына беретін, тілдің стильдік сапасын арттыратын тұрақты тіркестер прозалық, поэзиялық шығармаларда жиі кездеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ
1. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы тіл философиясы, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу, тілдік таным мен бейне, эмоция және тілдік таңба, ұлттық таным мен сана, ұлттық тіл мен діл, көркемдік таным, ұлттық тіл мәдениеті, ұлттық ақыл-ой өрісі, гендерлік тіл табиғаты мәселелерімен өзектесіп жатқан өзіндік ерекшелігі мол, іргелі сала болып табылады. Экспрессивтік стилистика логика, философия, психология, этнопсихология, этнолингвистика, когнитология және әдебиет теориясы, поэтика, көркем сөз теориясына қатысты мәселелердің тоғысқан жерінде пайда болып, өзіндік тілдік сипат алады. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігін сипаттайтын зерттеулер жасалса да, оның тілдік құрылымы мен жүйесі тұтастықта қарастырыла қойған жоқ.