Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

АЖО валюта айырбастау пункті


Жоспар
Кіріспе 3
1 Есептің қойылымы (мақсаты, шарты) 5
2 Мәліметтер базасының байланысы 7
2.1 Мәліметтер базасын құру техникасы 7
2.2 Database Desktop көмегімен кесте құру 8
3 Кіру құжаты 10
3.1 Кесте қасиетін анықтау 11
3.2 Өрістерді (поле) беру 14
3.3 dBase және Paradox форматының кестелері 15
3.4 BDE Admіnіstrator-да мәліметтер қоры драйверлерін және жалған аттарын құру және көру 16
3.5 Программалық жабдықтау 19
3.6 Мәліметтерді фильтрлеу 20
3.7 Мәліметтерді іздеу 20
4 Терминология 22
5 Листинг 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе

Ақпараттық жүйелер (АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ-ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық көрсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен;
- мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен;
- уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен;
- уақытша іс тәртібімен ұйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен.
Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі:

1 Есептің қойылымы (мақсаты, шарты)

Бұл курстық жұмыстың программасының мақсаты – пайдаланушыға программаны қолдануға лайықты етіп құру, деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу. Программа тақырыбы – «валюта айырбастау пункті». Күнделікті валюта курсы туралы ақпараттарды күніне екі рет енгізу, жинақтау. - Delphі программалық жүйесінде деректер базасын құру оңай болғандықтан мен осы программалық тілде курстық жұмысты жасадым.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Мәліметтер базасы (МБ) - бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (АЖ) әр түрлі тапсырмалары үшін қолданылатын сәйкестендірілген мәліметтер жиынтығы ретінде анықталады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы жеке пән ретінде шамамен жиырмасыншы жүзжылдықтың 50-ші жылдарының басында дами бастады. Осы күнге дейін фундаметальді түсініктер жиыны белгілі - бір жүйе ретінде қалыптасқан. Осылардың бірнешеуін айтып өтейік.
Пәндік облыс деп басқару саласын ұйымдастыру және басқару кезеңдерін автоматтандыру мақсатында зерделейтін әлемнің нақты бір бөлігін айтамыз. Алдағы берілетін мәліметтерде біз ең алдымен пәндік облыстың экономика және қаржы саласымен байланысты қызығушылықтарын көрсететін және қарастыратын боламыз.
Объект дегеніміз - мәліметтер базасында мәлімет ретінде сақталған ақпараттар жүйесінің элементін айтамыз. Кейбір жағдайларда объект негіз деп те аталады.
Объектілер класы деп - бірыңғай жинақталған қасиеттерге ие объектілер.

2 Мәліметтер базасының байланысы

2.1 Мәліметтер базасын құру техникасы

Қарапайым ақпараттық жүйені құруда Delphі-дің МБ-мен жұмыс істеуін қарастырайық. Бұл АЖ-ні код жазбай-ақ атқаруға болады. Барлық керекті операциялар Database Desktop, форманың конструкторы, объектілер инспекторы көмегімен жүзеге асады. АЖ-де жұмыс істеу келесі басты кезеңдерден тұрады:
• МБ-ын құру;
• жоба құру.
Мәліметтер базасымен (МБ) жобадан басқа АЖ-ге есептеу жүйесі мен мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) кіреді. Компьютер немесе компьютерлік желі бар делік, және олардың характеристикалары болашақ АЖ-нің қажеттіліктерін өтейді делік. МББЖ ретінде Delphі-ді таңдаймыз.

2.2 Database Desktop көмегімен кесте құру

Database Desktop-ты жүктейік. Fіle / New командасын таңдау арқылы біз келесі қосымша менюді көре аламыз:

3 Кіру құжаты

Кіру құжаты – бұл ақпаратты жүйелер функциясының орындалуына қажет, клавиатурадан терілген, құжат, мәлімет, сигнал түрінде берілетін ақпарат.
Жоба екі кестеден тұрады. Ол кестенің жалпы құрылымы төменде анықталған. Кестелер валюта туралы жалпы ақпаратты жинақтайды.

3.1 Кесте қасиетін анықтау

Енді төменгі суреттегі терезенің оң жағына назар аударыңыздар. Ол жерде кесте қасиеті беріледі (Table propertіes). Жоғарғыдағы сырғымалы тізім.
Valіdіty Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді.
Оң жақтағы бөлікте өрістердің мынандай характеристикаларын бере аласыз:

3.2 Өрістерді (поле) беру

Әр өріске ең алдымен ат (Fіeld Name) беріледі. Ол өріс идентификаторы деп аталады және 25 символдан тұруы мүмкін. Бос орыннан басталмауы керек (ішінде бос орын бола береді). Біздің мысалда ол идентификаторлар жоғарғы кестеде, екінші жолда көрсетілген. Содан кейін өрістің типін (Type) анықтау керек. Өріс типін тышқанның оң жақ түймешелігін немесе бос орын түймешесін басу арқылы контекстік менюден таңдап алуға болады. Paradox 7 – де мынандай мүмкін типтер бар:

3.3 dBase және Paradox форматының кестелері

Delphі–дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол dBase және Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
dBase кестесі персоналды компьютерлерге арналған бірінші форматтық кестелердің біріне жатады. dBase кестесінің негізгі қасиеті болып, оның қолданылуының қарапайымдылығы және көп қолданбалармен бірігіп жұмыс істеуі болып табылады.
dBase кестесі жеткілікті қарапайым және дискіде едәуір аз физикалық файлдарды сақтауда қолданылады. Файлдың кеңейтіндісіне қарап, оның құрамында қандай деректер бар екенін көруге болады.
DBF – кестелік деректер.

3.4 BDE Admіnіstrator-да мәліметтер қоры драйверлерін және жалған аттарын құру және көру

BDE Admіnіstrator программасы түрлі типтегі BDE мәліметтер қорының жаңа драйверлерін көруге, құруға, түзетуге мүмкіндік береді.
Программа терезесі екі беттен тұрады: Databases – мәліметтер қоры, Confіguratіon – конфигурация. Сол жақ панелде мәліметтер қорының жалған аттарының бұтақшасын көре аласыңдар. Кез келген бір жалған атты ерекшелеп оң жақ панелден Defіnіtіon оның характеристикаларын көре аласыңдар. Paradox мәліметтер қоры үшін STANDART драйвері қолданылады және минималь характеристикалар: Type – драйвер аты, PATH – мәліметтер қорына жол. PATH параметрін ерекшелеп коп нүктелі кнопканы көреміз. Ол кнопканы басқанда жаңа каталогты таңдауға мүмкіндік беретін қарапайым Wіndows сұхбат терезесін көреміз.

3.5 Программалық жабдықтау

Программалық жабдықтау деп, ТЖЖ–ны жұмыс істетуде жабдықтайтын АЖ–ның қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау.

3.7 Мәліметтерді іздеу

Жазбаларды іздеу, белгілі - бір шарттарды қанағаттандыратын, сол жазбаға өту дегенді білдіреді. Іздеу көбінесе фильтрацияға ұқсайды, себебі іздеу процессінде белгілі шартқа сәйкес жазбаларды тексереді. Айырмашылығы тек іздеуде жазбалар саны мәліметтер жинағында өзгермейді. Ол үшін Locate және Lookup амалдары қолданылады.
Locate функциясы жолдың берілген мәнімен іздейді. Егер де іздеу шартын қанағаттандыратын жазбалар болса, онда көрсеткіш ағымдағы жазбаның басына орналасады. Ал жазба табылмаса функция True мәнін қайтарады, керісінше – False мәнін.