Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Нұрмұхамедұлы Жанқожа

Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.

Шынында, тегін болмай шықты. Ұңғысынан оқталып, алысқа оқ ұшыратын мылтықты ұстауға ұлдары жүрексінгесін, туыс ағаларының біріне ұсынып, суретке түсіргенімізбен, фотоаппаратымыз бірнеше кадрдан соң істен шықты. Куәлердің айтуынша, тек Данабек деген дін жолындағы, осы отбасыға қатысы бар азаматтың түсірген фотосы сақталыпты. Әрине, мылтықты батырдың ұстауы мүмкін. Себебі ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін ғұмыр кешкен Жанқожаның Қоқан, Хиуа және орыс әскерімен соғысып жүрген кезде мұндай қаруды қолданғаны анық. Жаппай аттанған жаудың ірі шенділерін аттан аудару үшін шиті мылтық, ақберендер талай оғланның жанында жүргені де тарихтан аян. Сексен жасқа дейін ат үстінен түспеген арқалы батыр 1860 жылы Елекей сұлтанның қолынан намаз оқып отырғанда қапыда қаза тапты делінеді.
Ақмырза ата ұрпағының барлығы дерлік аруақты адамдар болып, Жанқожа әулие бейітінің басында да осы кісіден өрбіген жанның отыруы біраз жайды аңғартады. Әрі батыр, әрі әулие таза жолды ұстап қалған бауырының ұрпақтарына суық қаруын аманаттаған болуы да ғажап емес.
Біз анық ақпаратты ғана айттық, қалғанын ғалымдардың зерттеуіне қалдырдық.