Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі


Жоспар
Кіріспе 3
1 Негізгі бөлім 5
1.1 Қазақстан Республикасының салықтары және салық жүйесінің сипаттамасы 5
1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы 15
1.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар 15
1.4 Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 19
2 Ақпараттық жүйені жобалау 22
2.1 Мәселе қойылымы 22
2.2 Кіріс ақпараттары 22
2.3 Шығыс ақпараттары 23
2.4 Программалық жабдықтау сипаттамасы 25
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.

1 Негізгі бөлім

1.1 Қазақстан Республикасының салықтары және салық жүйесінің сипаттамасы

Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай–ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі болып табылады.

1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық комитетінің жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат - ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы - ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткенде заңды немесе жеке тұлғалар мемлекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс.

1.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) - бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

2 Ақпараттық жүйені жобалау

2.1 Мәселе қойылымы

Салық комитетінің салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесіндегі негізгі мәселе – Салық Комитетінде жиналған ақпараттардың Қаржы Министрлігіне дер кезінде берілуі.

2.2 Кіріс ақпараттары

Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

2.3 Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

2.4 Программалық жабдықтау сипаттамасы

Программалық жабдықтау деп - техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының салық жүйесі осы талаптарды орындаған кезде жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Егер де біз тек осы саламен ғана шектеліп қоймай барлық салының жұмыс істеуін автоматтандыратын болсақ онда біз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуымыз айдай анық. Қазіргі кезде жүйелерді автоматтандыру өте күрделі үрдіс болып табылады, ол білікті білімді мамандар қажет етеді осы мамандар арқылы аталған мәселелерде шешуге болады деп есептеймін. Нарықтық экономикада уақытты өте бағалайды егер де Қазақстан Республикасының салық жүйесі автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейтін болса уақыт тиімділігі осы жерден көруге болады. Тұрғызылған ақпараттық жүйе Салық комитетінің жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатады, арттырады және салыққа байланысты ақпаратты дер кезінде алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпараттық жүйе Салық комитетіне мәліметтерді өңдеуге, топтастыруға мүмкіндік береді, салық базасынан кез келген салық және кәсіпорындар туралы ақпараттарға оңай және тез арада қол жеткізуіне жағдай жасайды.