Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: «Педагогика и методика начального обучения

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 39 стр.

Год: 2015

Предварительный просмотр

Жасөспірім кезіндегі киыншылыктар мен ата – аналардың қатысы


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Жасөспірім кезіндегі проблемалары мен ата-аналардың қатысы 4
1.1 Психология ғылымында қарам-қайшылық түсінігі 4
1.2 Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық дамуы 8
1.3 «Жасөспірім және ата-аналар» диадасындағы өзара қатынастар 15
2. Жасөспірім мен ата-аналар арасындағы өзара қатынастарындағы
қиыншылықтарды эксперименталды зерттеу 22
2.1 Зерттеудің ұйымдастырылуы. Зерттеудің әдістері мен әдістемелері 22
2.2 Зерттеудің нәтижелері 28
Қорытынды 34
Ұсыныстар 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

Кіріспе
Ата-аналармен өзара қатынастар - әлеуметтік және психологиялық аспектісі бар жасөспірім кезеңнің маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырып өзектілігі: балалық, жастық шақ адам өмірінің гүл дәурені, ол лезде-ақ өте шығады. Бұл жасөспірімдік кезең - адамның балауса болашақтан біртіндеп арылып, есеюге бұрған, өзін-өзі танып білуге, басқа дүниеден өзін бөліп қарауға, қоғамдағы, әлеуметтік өмірдегі өз орнын іздейтін уақыт.
Дана халқымыз «Асыл-тастан, ақыл-жастан» деп бекер айтпаған. Жастық шақта өнер білімге, дүниені танып білуге деген айрықша құштарлық тән. Бұл кезеңде бала азамат ретінде есейіп, ер жетуге тиіс. Оның үстіне, шын көңілмен ұғынысқан өмірлік серік, дос табу мақсаты және бар. Олардың әрқайсысы өзінің мінез-құлқының қолайлы-қолайсыз жақтарын дұрыс сезініп, тиісті жағдайда өзін-өзі ұстай білуге, өзінің кемшіліктерін жоюға, мінез сапаларын қалыптастыруға бет бұрады. Жасөспірімдік кезеңде қыздар мен ер балалардың жеке адам қасиеттерінің жоғары адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің жетілуі, сол сияқты мінез-құлық сипаттарының тұрақталуы, азаматтық позициясының дамуы байқалады.

1. Жасөспірім кезіндегі проблемалары мен ата-аналардың қатысы
1.1 Психология ғылымында қарам-қайшылық түсінігі
Психология ғылымда қазіргі уақытта қарама-қайшылық мәселесі маңызды орынға ие болды. Қарама-қайшылықтар қазіргі уақыттың әлеуметтік және саяси өмірдің маңызды құбылысы. Бәріне мәлім, адамның қоғамдағы өмірі өте күрделі де қарама-қайшылыққа толы, олар кіші және үлкен топтағы жеке адамдардың қарама-қарсы мүдделердің қайшы келіп қалуына себеп болады.
Қарама - қайшылық (латын тілінен «confluktus») жақтардың, пікірлердің, күтулердің қайшы келіп қалуы. Бүгін қарама-қайшылықтар - күнделікті жағдай [2].
Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі мәселе. Күнделікті тұрмысымызда осындай қатынассыз мүмкін емес.

1.2 Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық дамуы
Жас мөлшері жігіттік пен жасөспірімдік шақтың аралығынан табылатын 15-17-дегі, кейбірі әлде де мектепте оқитын, енді біреулері қызметте жүрген жасөспірімдердің осы кездері бойлары өсіп, салмағы артып, кескін-келбеті де ересек адамға жақындайды, жан қуаттары мен дене күшінің мүмкіндіктері арта түседі. Жас адамның жыныстық жағынан жетіліп, өзінің ішкі жан дүниесіне ерекше үңіле түсуі, құрбы-құрдас, жора-жолдастарымен қарым-қатынас жасауға аса ынталы болуы, бойы мен қатар ақыл ойының да біршама толысуы- осы жастағыларға тән негізгі психологиялық құрылымдар.
Жастық шақ-адам өмірінің көктемі. Бұл жайлы халқымыз жеріне жеткізе айтқан. Мәселен, «Ақыл жастан», «Жастық-жалын», «Болатын елдің он бесінде баспын дер», «Жігіт болсаң шақ, шақ болмасаң жоқ бол», секілді қанатты сөздер бозбалалық шақ - адамның ақыл ойы қауырт өсетін, қажырлы іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа аса құштар, албырт, романтикалық кез екенің өте дәл бейнелейді. Жастық шақтың басты белгісі-адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсінуде осы жаста адамның қоғамдық белсендігі артады, сана - сезімі өседі, жан қуаттары шыңдала, молая түседі. Ол өзі өмір сүретін ортадан тиісті орнын алуға тырысады, қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды.

1.3 «Жасөспірім және ата-аналар» диадасындағы өзара қатынастар
Жоғары сынып оқушыларын ата - аналар еңбек жолын бастауға даяр тұрған үлкен азамат деп есептеп, неге екені белгісіз оларды тәрбиелеу қиын деп табады. 15-17 жастағы жасөспірімді үлкен өмірге әзірлеуді әке мен анаға көптеген ауыр міндеттемелер жүктелмек. Осыған байланысты осы жастағы ұл мен қыздың тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін, тиімді құралдарын ата -аналар меңгерген бе, меңгерсе дәрежесі қандай, оларды азамат етіп қалыптастыруға шама - шарқы жете ме деген санды сұрақ туындайды. Өкінішке орай ата - аналардың тәрбиешілік дәрежесі кеми түсіп жатады. Ата - ана беделінің түсу - түспеуіне қарамай, кез келген балаға оның әкесі мен шешесінің жеке үлгісі зор әсерін тигізеді. Бірге өмір сүргендіктен, үнемі олармен араласып, әңгімелерін тыңдағандықтан, әр түрлі жағдайлардағы олардың өзін - өзі ұстауының куәсі болғандықтан жасөспірімдер саналы және санасыз түрде ата - аналарының дүниеге көз қарасын, әдет - ғұрыптарын, қимыл - әрекеттерін қабылдап, бойларына сіңіреді, соларға ұқсауға тырысады. Көркем әдебиеттерді оқу, кинофильмдерді, театр қойылымдарын, радио және телебағдарламаларды бірлесіп кору, соңынан талдау ата - ана мен жасөспірімдерді кейде осындай диалогтарды құруға ата-ананың шыдамдылығы, интелектісі жете бермейді де, бірден бұйрыққа көшіп, баланы өзіне қарсы қойып алады.

2. Жасөспірім мен ата-аналар арасындағы өзара қатынастарындағы
қиыншылықтарды эксперименталды зерттеу
2.1 Зерттеудің ұйымдастырылуы. Зерттеудің әдістері мен әдістемелері
Жасөспірімдер мен ата аналар психологиялық қызметтің негізгі бағыттарының бірі - психокоррекция (психотүзету) және дамыту жұмыстары. Бұл бағыт негізінен белсенді әдіс ретінде топтық және жеке жұмыста әр балаға психологиялық әсер ету жағдайын қарастырады.
Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы өзара қатынастарының мінезің анықтауға бағытталған біздің зерттеуімізде, 13-14 жасындағы, саны бойынша 60 жасөспірімдер, гендерлік жағынан 37 - қыз бала, 23 - ұл бала қатысты.
Зерттеу объектісі ретінде 13-14 жастағы жасөспірімдер алынды. Зерттеу пәні жасөспірім мен ата-аналар арасындағы өзара қатынастар, ата-аналардың жасөспірімнің ішкі әлемін түсінбеушілігі болып табылады.
Біздің дипломдық жұмысымыздың мақсаты жасөспірім мен ата-аналар арасындағы өзара қатынастарының мәселелерін зерттеу.
Біздің мақсатымыздан келесі міндеттер шығады:

2.2 Зерттеудің нәтижелері
Өз жұмысымыздың бірінші бағытында, біз жасөспірімнің көзқарасы бойынша болатын түсінбеушіліктің себептерін анықтадық. Төменде бүкіл іріктеу бойынша зерттеудің нәтижелері берілген.
I. Жасөспірімдерді зерттеу:

Қорытынды
Жасөспірімдер мен ата-аналар өзара қарым-қатынас жасау мәселесі -психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелерінің қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжіребелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас орнатуға айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мүндай мәселедегі елеулі жайттың бірі ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.