Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Іс жүргізу

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2013

Полный просмотр работы

Құжат деректемелерінің құрамы. Құжат деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптар.

Жоспар
1 Құжат деректемелерінің құрамы 3
2 Құжат деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптар 5
Әдебиеттер 12

1 Құжат деректемелерінің құрамы
Деректемелер ресми құжатты ресімдеудің міндетті элементтері болып табылады. Олардың құрамы және орналасу сұлбасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк ҚР СТ 1042-2001 «Ұйымдастырушылық-өкiмдiк құжаттама. Құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптар» стандартымен анықталған (3-қосымша).
Хат бланкiсiн (4-қосымша) дайындау кезiнде мына деректемелер және деректемелердi орналастыру үшiн шектеулiк белгiлер пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы немесе эмблема, логотип, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);
2) жоғары тұрған органның ресми атауы;
3) ұйымның ресми атауы;
4) ұйым туралы анықтамалық деректер;
5) құжат уақыты;
6) құжаттың тiркеу нөмiрi;

2 Құжат деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы құжат бланкісінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ҚР СТ 989-96 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық талаптары» стандартының талаптарына сәйкес орналастырылады.
Эмблема, логотип немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) бланкіге ұйымның құрылтайшылық құжаттарына сәйкес көшiрiлiп салынады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкiге эмблема, логотип немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) салынбайды.
Құжат ұйым-авторының ресми атауы, оның жоғары тұрған органының ресми атауы тиісті нормативтік құқықтық актілермен және/немесе ұйымның құрылтайшылық құжаттарымен белгіленген атауларына сәйкес болуы тиіс.
Ұйымның қысқартылған атауы тиісті нормативтік құқықтық актілерде және/немесе құрылтайшылық құжаттарда бекітілген жағдайларда ғана келтiрiледi және толық атауынан төмен жақша ішінде жазылады.

Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнідегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасы ¬ділет министрлігінде 2003 жылғы 2 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2331. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 128 Бұйрығымен