Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2003

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1- тарау. Туризм дамуының теориялық аспектісі 7
1.1 Туризм ұғымы және түсінігі 7
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар 11
1.3 Туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік–экономикалық факторлар 23
2-тарау. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау 28
2.1 Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері 28
2.2 Қазақстан Республикасында туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары 30
2.3 Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы 39
3-Тарау. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы 48
3.1 Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары 48

Кіріспе
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.

Бұл мақсатқа жету үшін мына мәселелерді шешу қажет:
- туризм жайлы жалпы түсінік беру (ұғымы, мәні);
- туризмға әсерін тигізетін факторларды анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы туризм мәселелері;
- Елдегі туризмның даму динамикасы;
- Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуеті (Бурабай)
- Отандық туризмның даму мүмкіндіктері және болжамы;
Жазба жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер), «Туристік қызмет туралы» заң актілерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік және шет елдік зерттеушілер еңбектері алынды.

1- тарау. Туризм дамуының теориялық аспектісі
1.1 Туризм ұғымы және түсінігі
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.
Саяхат - адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша : «Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».
Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:

1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар
Күрделі әлеуметті - экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін , осы факторларды есепке алған өте қажет.
Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:
- сыртқы (экзогенді);
- ішкі (эндогенді).
Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.
Туризм дамуына әсерін тигізетін , маңызды сыртқы факторларға мыналар жатады:

1.3 Туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік–экономикалық факторлар
Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.
Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар:

2-тарау. Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері
Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр.

2.2 Қазақстан Республикасында туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары
Қазақстанда туризм дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар оң ықпал етуі тиіс. Оны елдің экономикалық дамуына қарап айтуға болады.
Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды желбіреткеніне де бірталай уақыт болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл қадамдармен шығып кетуінің бірден-бір амалы – туризм индустриясын құрып, дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы «туризм» ұғымын екі тұрғыдан, біріншіден, адамдардың дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту, екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның кішкентай Бахрейн, Кувейт секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас бөлігі ретінде өрістету үстінде.

2.3 Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы
2003 жылы туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсету туралы мәліметтерге жүгінсек, олар төмендегідей:
2003 жылы 713 туристік фирма мен агенттік 229,0 мың турист пен экскурсантқа қызмет көрсетті . Ал 2002 жылы 612 фирма мен агенттік есеп берді және 171,4 мың адамға қызмет көрсетілді. Есеп берген туристік фирмалар мен қызмет көрсетілген туристер туралы деректер төмендегідей:

3-Тарау. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы
3.1 Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары
Сұлу табиғатымен ерекшеленетін Қазақстан үшін туризмды дамыту тиімді қызмет саласы болмақ. Ертеден қалыптасқан пікір бойынша, көп оқулықтарда Қазақстан Республикасының туристік ресурстары туралы ештеңе жазылмаған, соларды оқып, бұл қателікті түзету керек деген ой туындайды. Ол үшін біз өзінің сапасымен, өзектілігімен ерекшеленетін жаңа туристік өнім ұсынуымыз керек. Сол турөнім арқылы басқа мемлекеттерде Қазақстан жайлы мәліметтер пайда болар деген ойдамын. Еліміздегі туризмның болашағы зор.