Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қазақстан банк жүйесі туралы


Мазмұны
Кіріспе 3
І. Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері 6
ІІ. 1930 – 1932 ж. несие реформасының мазмұны 9
ІІІ. 1988 ж. түбегейлі банк реформасы 13
ІV. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Кіріспе
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу ұзақ әрі қиын, күрделі де қайшылықты жолдарға толып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз ілгері даму үстінде. Әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда біздің ел көршілес Еуропа, Батыс елдерінен анағұрлым артта қалуда.
«Қазақстан банк жүйесі туралы»жазған курс жұмысымда негізгі төрт бөлімді қарастырдым.
Бірінші бөлімде Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері, яғни бұл жерде банк жүйесі деген не, оның құрылымы және ерекшеліктері туралы жазылған.
Екінші бөлімде 1930 – 32 ж. несие реформасы, бұл жерде несие реформасының жүргізілу себептері, мақсаты, алғы шарттары жазылған.
Үшінші бөлімде түбегейлі банк реформасы – мұнда банктік реформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде банктердің құрылуы. Банк жүйесін қайта құрудан кейін әртүрлі маманданған банктер арасында туындаған әр түрлі қайшылықтар, кемшіліктері, сәтсіздіктер туралы жазылған.

І. Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерілісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты. 1917 ж. қазан төңкерілісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекеттік монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктіріледі.

ІІ. 1930 – 1932 ж. несие реформасының мазмұны
1930 – 1932 ж. жүргізген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді және соның нәтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылады. Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кездері экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 ж. мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке, көтерме саудада 97,2%-ке, ал бөлшек саудада 86,5%-ке жетті. Ауыл шаруашылығында 55 % тауарлы астықты мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар өндірді.

ІІІ. 1988 ж. түбегейлі банк реформасы
Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша - несие қатынастарының мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы 1988 ж. 1 қанттарынан бастап банк жүйесін қайта құру туралы Қаулы қабылданды. Реформаға дейін КСРО және Шығыс Еуропа социалистік елдерінде банк жүйесінің құралымы бірдей бөлді. Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және несие беруді есеп жүргізуді мемлекеттік валюталық басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағыты – банктердің құрылымы мен ондағы қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе – басқаруды қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше дербес банктердің құрылуына себеп болды.

ІV. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
1990 ж. Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 ж. желтоқсанында қабылданған «ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы « алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 ж. арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарды.

Қорытынды
Қорыта келгенде, нарықтық экономиканың тиімді ұйымдастырылып, тиімді қызмет етуінің негізі, жалпы экономиканың басты қозғаушысы қаржы секторы болса, ал оның басты құралы банк жүйесі болып отыр. Сондықтан, экономиканы реформалауда ең бірінші банктік жүйені реформалау қажет. өйткені банктік жүйе жүргізетін ақша-несие, валюталық реттеу және бақылау саясаттары арқылы экономиканы одан әрі реформалап, жан-жақты дамытуға болады.
Сонымен, банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді.