Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Өнімділігі 90 т/ тәулігіне дистилляцияланған майлы қышқылдары цехын жобалау

МАЗМҰНЫ

1. ЖОБАНЫ ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ 2
1.1 Цехтың жалпы сипаттамасы 2
1.2 Аудан және құрылыс пунктін негіздеу 2
1.3 Шикізат пен материалмен қамтамасыз ету 3
1.4 Ток жүйесімен қамтамасыз ету 3
1.5 Жылумен қамтамасыз ету 3
1.7 Транспортты және құрылыс мекемелермен, кадрлармен қамтамасыз ету 4
2 АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ 5
2.1 Майлы қышқылдарының алыну жолдары мен әдістері 5
2.2 Майлы қышқылының құрылысы, құрамы және физика- химиялық қасиеті 9
2.2.1 Майлы қышқылының қасиеті мен құрылысы 9
2.3 Майлы қышқылдарға қойылатын талаптар 12
2.4 Дистилляция 13
2.4.1 Дистилляцияланған майлы қышқылдарды алу процесінің сатылары 13
2.5 Дистилляцияланған майлы қышқылды алудың технологиялық тәсімдер 14
2.6 Майлы қышқылын дистилляциялауда қолданылатын жабдықтардың сипаттамасы 17
3 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ 22
3.1 Шикізаттың, қосымша материалдың және дайын өнімнің сипаттамасы 22
3.1.1 Соапстоктың сипаттамасы 22
3.1.3 Дистилляцияланған майлы қышқылының сипаттамасы 24
3.2 Технологиялық тәсімді таңдау және сипаттау 25
3.3 Технологиялық тәсімді таңдау және сипаттау 26
3.4 Технологиялық есептеулер 27
3.4.1 Материалдық баланс 27
3.4.2 Жылулық баланс 29
3.4.3 Өнім есебі 32
3.6 Негізгі объектінің таңдалған конструкциясын негіздеу 33
3.7 Негізгі жабдықтың есебі 35
3.8 Технохимиялық бақылау 37
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ 41
4.1 Төтенше жағдай аумағында құтқару және де басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу 42
4.2 Метеорологиялық жағдайлар 43
4.2.1 Өндірістік бөлмелерде желдету 43
4.2.2 Өндірістік ортаның микроклиматы 44
4.2.3 Жарықтандыру 45
4.4 Жеке қорғаныс құралдары 47
4.5 Технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды іске қосу кезіндегі қауіптік және зиянды өндірістік факторлар 47
4.5.1 Өндірістегі қауіпті және зиянды факторларды талдау және техникалық қорғаныс жасау шаралары 48
4.6 Өрт қауіпсіздігі 49
4.6.1 Өрт сөндіргіш заттар 49
4.6.2 Өрттен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар 49
5 ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ 50
5.1 Технологиялық тәсімінің қысқаша сипаттамасы. Әр бөлімнен шығатын қалдық сипаттамасы 50
5.2 Есептер 52
5.3 Қоршаған ортаның ластануын жақсарту бойынша іс шаралар 54
Қорытынды 57
АННОТАЦИЯ 58
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 59
АНЫҚТАМАЛАР 60
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 61

1. ЖОБАНЫ ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ

Кез-келген өндірістің құрылысы кезінде міндетті түрде географиялық рельефін, тұрғынын, энергия және газбен қамтамасыз етілуінің болуын, қатты және сұйық жанармайдың болуын, транспорттық коммуникацияның болуын, автомашина, теміржол, құбырлы транспорт, телекоммуникацияның болуын, су ресурсының және жерасты суының болуын, жобаланатын объектінің эксплуатациясы және құрылысы үшін еңбек ресурсының болуын ескеру керек.

1.7 Транспортты және құрылыс мекемелермен, кадрлармен қамтамасыз ету

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласынан және Сайрам ауданынан жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз етуге болады. Инженер – технолог маманымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті қамтамасыз ете алады.
Цехта бастапқы шикізатты, дистилляциялау процесінен кейін шығатын қалдықты құбыр арқылы тасымалдайды.
Цехтың құрылысын қалалық құрылыс мекемесі және студенттік құрылыс отряды қамтамасыз етеді.

2 АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

2.1 Майлы қышқылдарының алыну жолдары мен әдістері

Дистилляцияға ыдыратылған нейтралды майлар түседі: Техникалық (сүйекті), сиыр майы (шаруашылық және иіс сабын өндірісі); кориандрлі, рапсты, қышалы май (Б маркалы олеин өндірісі); жоғарғы титрлі саломас (стеорин өндірісі); мақта майының соапстогынан бөлінген қышқылдар.
Нейтралды майлар (үшглицеридтер), күрделі эфир түріндей үш молекула глицериннің бір молекуласымен химиялық байланысқан майлы қышқылынан тұрады. Майдың қасиеті оған кіретін майлы қышқылдың қасиетін анықтайды.
Майдың (глицеридтің) молекуласының құрылысы:

3 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Шикізаттың, қосымша материалдың және дайын өнімнің сипаттамасы

3.1.1 Соапстоктың сипаттамасы

Соапсток өте күрделі құрамды қоспа болып келеді. Оның құрамында саілтімен байланысқан майлы қышқылдары (сабын), нейтралды май, әр түрлі қоспалар, болады.
Соапстоктың құрамы рафинация кезінен алынған майдың түріне байланысты.
Соапсток–майды рафинациялаудан кейін шығатын қалдық. Оны майлы қышқылды дистиляциялау процесінде екінші қайтара шикізат ретінде қолданады.
Соапстоктың түсі мақта майының соапстогында қоңырдан қара– қоңырға дейін, ал ашық түсті майдың соапстында сары түстен қоңыр түске дейін.

3.4 Технологиялық есептеулер

3.4.1 Материалдық баланс

Шикі майлы қышқылын өңдеген кезде соапcтоктың шығымын майға немесе майлы қышқылына есептеп жүргізеді.
1 т шикі майлы қышқылы өндірісінде майдағы немесе майлы қышқылындағы соапстоктың шығымын есептеу үшін келесі берілгендерді қолданады.

3.8 Технохимиялық бақылау

Өндірістің технологиялық бақылаудың мақсаты шикізаттың сапасын систематикалық тексеру, технологиялық процесті жүргізу жағдайы және дайын өнім сапасы. Дистилляцияланған майлы қышқылдар өндірісінде технологиялық процесстерді бақылау берілген режимдерді қадағалау, жоғары сапалы өнім алуы, шығынын төмендетуін қамтамасыз ету.
Шығатын шикізаттың сапасын МЕСТ талаптарына сай болуын қадағалау қажет. Сақтау кезінде шикізаттың жағдайын бақылау, шикізат шығымының төмен болуын, жоғары сапалы өнім алуын қамтамасз ету керек. Бұл үшін сақтау кезінде ылғалдығын, температурасын және қышқыл санын системалық бақылау қажет.

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ

Тіршілік қауіпсіздігі – бұл адамды цехта жұмысшы ортасындағы қауіптен сақтар шаралары жиынтығы, яғни, процесте қалыптасқан адам өміріне, денсаулығына әсер етуші өндірістік қауіптің төнуі, еңбек қызметінің жағдайы.
Дистилляциялық цехтағы жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін басқару мүмкіндіктерінің тиімділігі және әрекетіне ықылас білдіреді. Бұл еңбекті қорғау аумағындағы заңдылықты және экономиканы реформалауды жақсарту жағдайларында іске асырылады.
Адам тіршілігі процесінде қауіпті заттар әсер етуі мүмкін. Кейде олардың әсерінен белгілі бір жағдайларда адам денсаулығына тікелей немесе жанама зиян келтіреді.
Қазақстан Республикасында қабылданған техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтауды міндеттейді. Қазақстан Республикасында 2004 жылдың 28 ақпанында (№28-110) «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы заңы қабылданды. Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық өзара қарым-қатынастарын реттейді және еңбек қызметі кезінде, процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан өзге де құқықтық актілерден тұрады.

4.1 Төтенше жағдай аумағында құтқару және де басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу

Халықты және Республика ТЖ-лардан қорғау, ықтимал болатын нұқсан және залалды азайту мақсатында, ел тіршілік әрекеті сенімді түрде болуын және шаруашылық объектілерін жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз, ететін нәтижелі (тиімді) және тұрақты жүйе қажет. Осы салада біртұтас мемлекеттік саясат жүргізіліп, Республикалық бағдарлама жүзеге асырылуы тиісті.
Сондықтан Қазақстанда атап өткен мәселеге тиісті бірқатар - заңдар, сондай-ақ өзге де заңдық және құқықтық актілер қабылданды. - Негізгілеріне ҚР-ның мынау заңдары жатады:

4.2 Метеорологиялық жағдайлар

4.2.1 Өндірістік бөлмелерде желдету

Майлы қышқылын дистилляциялау зиян, улы және қауіпті заттардың бөлінуі немесе қолданылуымен байланысты емес. Технологиялық инструкцияда көрсетілген тәртіптерді сақтау кезінде жұмысшыларды қалыпты және қауіпсіз шарттармен толық қамтамасыз етуге болады.
Цехта қажетті температура, ылғал режимдерін сақтау желдеткіштің көмегімен жүзеге асырылады. 50-600 –тан жоғары температурада бөлінген сулы бу жергілікті сору құбырлары арқылы жойылады. Жеке жабдықтарға қызмет көрсету кезінде пайда болатын шаңды жою үшін де осы сору құбырларды пайдаланады.
Температурасы жоғары жұмыс орындарындағы шарттарды жақсарту үшін жұмысшыларға жергілікті ауа душтары жасалады.

4.2.2 Өндірістік ортаның микроклиматы

Ортаның микроклиматы түрлі температуралар жиынтығы бойынша анықталады: ауаның ылғалдылығы, ауа қозғалуы, ортаның температурасы адам организмінің жылу алмасуы, жұмысқа қабілеттілігі, денсаулығы бойынша анықталады.
Жұмыс орындағы температура өндірістік ортадағы метеорологиялық жағдайды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Жұмыс ғимаратының ауа ортасының «метеорологиялық жағдайлар» түсінігіне температура, қатысты ылғалдылық, оттегімен толық болуы және ауа қозғалысының жылдамдығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың адам денсаулығына ұзақ әсері адамның денсаулық жағдайын төмендетеді, еңбек өндіргіштігін төмендетеді және түрлі ауруларға алып келеді.
Адам организмі мен сыртқы орта арасында жылу алмасудың үздіксіз процесі болып отырады.

4.5 Технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды іске қосу кезіндегі қауіптік және зиянды өндірістік факторлар

Өндірістік еңбек белгілі бір дәрежеде адам организміне зиян. Өндірістік зиян және қауіпті әсерін азайту басшылардың негізгі алдына қойған мақсаттардың бірі. Мұны мынадай жағдайларда нормативтік құжаттарды жақсы меңгеру, осы өндірісте еңбекті қорғау дәрежеде ұйымдастыру арқылы шешуге болады.
Жұмыс барысы кезінде адамға қауіпті және зиянды жағдайлар болуы мүмкін.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 4 топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психологиялық.
Қауіпті физикалық факторларға мыналар жатады: әртүрлі жүктерді жоғары көтеріп араластыратын құралдар, жан-жағы қоршалмаған, ашық жылжымалы қондырғылар, тасымалдаушы механизмдер, айналдыратын және араластыратын қондырғылар, электр тогы, жоғары температура.

4.5.1 Өндірістегі қауіпті және зиянды факторларды талдау және техникалық қорғаныс жасау шаралары

Жұмыс орындарындағы қауіпті шарттарға жұмысшыларға әсер ететін әртүрлі зиянды заттарды жатқызуға болады. Бұл зиянды әсерлер жарақаттың пайда болуына әкеледі және жұмыстың өтуіне кедергі жасайды. Сондықтан да төменде олардың түрлері мен болдырмайтын жолдары қарастырылады.

4.6 Өрт қауіпсіздігі

Цехта электр немесе газ пісіруін қолданумен жасалатын жөндеу жұмыстары тек қана техникалық басшының рұқсатымен іске асырылады. Жабдықтар шикізаттың түріне және басқа да жанатын материалдардан ажыратылуы керек.

5 ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ

Өндірістік даму қарқындылығы қоршаған ортаны зиянды заттармен ластанумен қатар жүретіндігін ескеру қажет. Зиянды заттар улылығы және зиянды әсер ету нәтижесінде атмосферада елеусіз мөлшерде болғанның өзінде тек қана адам өміріне ғана емес, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктерге, су қоймалары мен жер қабатына қауіп төндіреді, құрылыс ғимараттарын бұзып, өзге де адам жасаған материалдық құндылықтарға зиянын тигізеді.

5.3 Қоршаған ортаның ластануын жақсарту бойынша іс шаралар

Жобаланатын, сонымен бірге қозғалыстағы өндіріс үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс–шаралары, мемелекеттік заң қабылдау актілерімен анықталатын қорғаныс өлшемдері болады. Сонымен қоршаған ортаны биосфераны ластанудан қорғау келесі іс – шаралардан тұрады.
-өндірістік аз мөлшерде қалдықты технологиялық процесстерді, машиналарды, жабдықтарды қолдану және өңдеу, ол материалды және шикізатты ресурстардың меншіктілігін немесе шикізатты қолдану, қалдықты утилизациялау, рационалды қолдануын қамтамасыз етеді.
- лас заттарды тасталуынан қорғау үшін газ тазалағыш жабдықтарды қолдану және өңдеу.
- перспективті ағынды сусыз технологиялық процесстерде пайда болған, қайтымды сумен қамтамасыз етуін кеңінен қолдану.

Қорытынды

Аналитикалық шолу негізінде майлы қышқылды дистилляциялаудың және дистилляцияланған майлы қышқылын алудың технологиялық тәсімі таңдалды. Дистилляцияланған майлы қышқылын Қазақстан республикасындағы Шымкент қаласында АО «Шымкентмай Эль-дос» өндіріп шығарады. Соған байланысты Шымкент қаласында Тассай ауылында цехтың құрылысы ұсынылды. Құрылыс нүктесінің техника-экономикалық негңздемесі көрсетілген. Алынған дистилляцияланған майлы қышқылы МЕСТ талаптарына сай.
Материалдық және жылулық баланс, негізгі және қосымша жабдық есептелген. Таңдалған технологиялық тәсімнің ерекшелігі: патенттерден таңдалынып алынған жабдықтарды қолдану. Бұл технологиялық тәсім өнімнің өнімділігін жоғарылатады, қалдықтың шығымын азайтады, екіншілік буды сепарациялайды және процестің интенсивтігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Дистилляцияланған майлы қышқылы цехының құрылысы негізгі мәселелерді шешеді:

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жобамның тақырыбы: «Өнімділігі 90 т/ тәулігіне дистилляцияланған майлы қышқылдары цехын жобалау».
Жобаның мақсаты Шымкент қаласында Тассай ауылында дистилляциялық цех құрылысын жобалау.
Жобада технологиялық желісі, цехтың жоспары және келесі есептер көрсетілген: материалдық және жылулық баллансы, жабдықты таңдау және есебі, жобаланатын цехтағы процестің есебі.
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтары қарастырылған. Экономикалық тиімділік және цехтың құрылысының техникалық мүмкіндіктері туралы қорытынды жасалды.
Дипломдық жоба түсініктеме жазбасы – беттен, - кестеден, - бет графикалық бөлімнен тұрады.
Сөздің кілті: шикі майлы қышқылы, дистилляцияланған майлы қышқылы, дистилляция процесі, технологиялық режим, технологиялық жабдықтар, технологиялық бақылау, материалдық және жылулық есептер, дайын өнімнің сапасы.