Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 67 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Абай – адамзаттық өркениет тарихындағы ұлы тұлға


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1. Абай–кемеңгер, ойшыл ақын
1.1 Абай–қазақ халқының күн шуақты асқар биігі 7
1.2 Абай шығармаларындағы кірме сөздер 15
1.3 Абай өлеңдеріндегі қанатты сөздер 25
1.4 Абай шығармаларындағы диалек сөздер 32
2. Абай шығармаларының тілдік өрнектері
2.1 Абай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері 35
2.2 Абайдың қара сөздерінің маңызы 46
2.3 Абай шығармаларындағы афоризмдер 54
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67

КІРІСПЕ
Даналық өлшеміне айналған ойшыл Абайдың ой дүниесі біздің негізгі идеялық, ұлттық қаруымызға айналып, қазіргі заманғы сын таразысынан өтіп, бүгінгінің биігінен түспей, ертең де еңселі болуы үшін әлі де зерттеп, танып-таразылай береріміз заңдылық, айнымас ақиқат.
Бүгінде Абай тақырыбы әр қырынан зерттелу үстінде, шешімін табуды қажет ететін мәселелер әлі де жалғасуда. Мұхтар Әуезов: “Абай кешкен өмірді, Абай қалдырған мұраны тану керек, зерттеу керек дегенді бәріміз де түсіндік.
Тегінде Абай шығармасының аздығынан кенде боп жүргеніміз жоқ” [1,251 б.] – дей келе, Абай тақырыбын әрі қарай байыптай түсуге шақырады. ... “Ал Абай жәйін зерттеушілерге өзгеше бағалы, өзі соны және үлкен ғылымдық, тарихтық қасиеті зор бір алуан істер бар. Енді бір кезек көңіл бөлгенде соған бөлсек екен. Ол – Абайдың дәуірін танытар мағлұматтар. Бұған үлкен де, ұсақ та нәрселер кіреді. Бірақ бәрі-бәрі де Абай өлеңдерінің ішіндегі көп-көп өзгеше жолдардың сырын, нәрін, мәні-жөнін танытады [1,252-253 б.].М.Әуезов нұсқаған бағдарды біз Абай шығармалары тілінің қоғамдық-әлеуметтік астарын зерттеу қажеттілігімен байланыстырамыз. Тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдағы ойды таныту құралы.
Тіл білімінде бүгінгі таңда белсенді сипат иеленіп отырған зерттеу жұмыстары Абай поэзиясының терең тілдік табиғатын жете тану үшін де алынатын басты ұстаным болмақ.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Абай шығармалары тілінің ерекшелегін анықтау зерттеу нысанының бірі. Абайдың тіліндегі негізгі мәселелердің бірі Абай қолданған сөздер мен қарасөздердің жанрлық мәртебесін нақтылау Себебі, Абай қолданған сөздер мен қарасөздерін этникалық сана мен оның тілдік бейнесі ретінде, тіпті қоғамдық ой мазмұны сипатында зерделегенде ғана оның сапалық қасиеті айқын көрінбек.

1. Абай–кемеңгер, ойшыл ақын
1.1 Абай – қазақ халқының күн шуақты асқар биігі
Абай! Бүгінде тіл біткен қазақтың аузында осы есім, көңілінде осы бейне. Мұншалықты биік бақытқа ие, ғажайып мәртебеге жеткен ұлтымыздың тарихында өнер адамы әлі болып көрген емес.
Өйткені ол – адамзат поэзиясының тарих білетін алыптарының бірі. Әлемдік әдебиетке қазақ топырағынан тұңғыш маржан қосқан ақын. Абай деп атар қазақ аузы ғана емес, Отанымыздың төрт тарабында тегіс атап сүйеді, сүйсінеді.
Абай есімі Мұхтар Әуезов махаббатымен бар ғаламға мағлұм ғой. Бүгінде өз өнері де Батыс пен Шығысқа бірдей бет алады. Әлі де жетпеген жері болса, - ол ертеңгі күннің аманаты. Ұлы есімдер уақыт тастап шығандай бермек, шырқай бермек.

1.2 Абай шығармаларындағы кірме сөздер
Халықтардың тарихи әлеуметтік, экономикалық, мәдени байланысы нәтижесінде, тіларалық қарым қатынас барысында бір тілден екіншісіне сөздердің ауысуы – әр кезеңде бола беретін объективті заңдылық. Белгілі ғалым Ө.Айтбаев осы мәдени процестің себебін орта ғасырдағы түркі әдеби тілінің әсері; кейінгі кезеңдегі діни оқумен; ескіше оқығандардың сөйлеуінде қолданғанымен байланыстырады, сондай ақ кірме сөздер бірде о бастағы мағынасында ғана жұмсалса, енді бірде жаңа мағыналық реңкте қолданғанына тілдік сараптама жасап, объективті түйіндерін келтіреді [2,52б.]. Тілге ықпал еткен түрлі сыртқы факторлар этностың тілдік санасынан көрініс тауып, ұжымның тілдік танымдық деңгейін айқындауға белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Өзге тілден енген кірме сөздердің өзіндік табиғаты айқындалып тұруы да, бастапқы болмысы мүлде өзгеріп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, төл сөзіндей кірігіп кетуі де ықтимал.

1.3 Абай өлеңдеріндегі қанаттй сөздер
Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен бір саласы болып саналатын түр ақыл, нақыл сөздер деуге болады. Күні бүгінге шейін бұл екеуі қосылып, бірнеше рет қазақ тілінде кітап етіліп шығарылды. Бірақ олардың ешқайсысында айтуға тұрарлықтай бұл мәселелерге талдаулар берілген емес. Халық әдебиетіндегі аз сөзбен көп мағына беретін қысқа-қысқа терең мағыналы сөздерді нақыл сөз, не мақал-мәтел деп атап, жинап бастырумен ғана қанағаттанып келінді.

1.4 Абай шығармаларындағы диалек сөздер
“Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді”, – [13,4б.] десек те, Абай шығармаларындағы диалектілер ұлт тілінің құрамды бөлігі, әдеби тілдің бір көрінісіндей болып, қолданыста ешбір айырмашылығы сезілмейді.
Абай тілінде қазіргі әдеби нормамен салыстырғанда бірқатар жергілікті ерекшеліктер орын алғанын филолог ғалымдар С.Аманжолов, Қ.Жұмалиев, Р.Сыздықова өз зерттеулерінде нақтылай көрсетеді. Ғалымдардың Абай тіліндегі диалектілік құбылыстарды танудағы ұстанымы бірдей болмағанымен, тілді тұтынушы, дамытушы тұлғаның тіліндегі әдеби нормаға жатпайтын ауытқушылықтар сараланады. Әйтсе де, ол құбылыстар шығарма тілінің көркемдігі мен әдеби сапа белгісін төмендете алмасы анық.

2. Абай шығармаларының тілдік өрнектері
2. 1 Абай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері
Этникалық ақпарат жеткізетін мәдени-рухани құндылықтар болмысы қазақ ғалымдары зерттеулерінде соңғы кезде кеңінен талдануда.
Абай шығармаларының сөздік құрамынан қазақ қоғамының материалдық және рухани мәдениеті жайлы толық мәлімет ала аламыз. Себебі Абай–суреткер өз ұлтының рухани арнасынан, яғни халықтық білім қорынан нәр алған, мол мағұлмат түйген, ал халықтық білім қазынасы деген – “этностың бағзы заманнан бері қоршаған ортаны иеруіне байланысты қалыптасқан қорытынды тәжірибелері, содан туындайтын этно-мәдени болмысы, сан қырлы идеологиялық, әлеуметтік, қатынастары мен ежелгі дүниетанымдар жүйесі” [16,227б.]. Мәдени-танымдық ақпарат беретін лексика қатарына тұрмыс-салт, әдет-ғұрып және материалдық мәдениетке қатысты белгілерді жатқызамыз:

2.2 Абайдың қара сөздерінің маңызы
Абай халқының даналығын жете меңгерген, дала данагөйі әлемдік ақыл-ой шыңына көтеріле алғанын өлеңдері мен қарасөздері өзегінен таба аламыз. Абай шығармаларының өміршең болуының бір себебі – даналық дүниетанымында екені ақиқат. Абай философиясы – оның ойлау биігінің, пайым-парасатының өлшемі, ал философиялық ілімнің өзі адамзаттың ой құдыретінің биік көрінісі екендігі шүбәсіз. Абай ақыл-ойының жүлгесі дала философиясындағы “көне көздердің” терең ой иірімдеріне жетелейді. Осы мәселеге орай, ұлы Абайдың әлемдік ой алыптары мен ой таластырған, “сөз жарыстырған” дүниетанымын, олардың шығармаларын салыстыра отырып, көз жеткізе аламыз. Абай қарасөздері – ұлттық рухтың бірегей көрінісі, рухани биіктіктің өлшемі. Ұлы Абай қазақтың тілі мен ойының мәйегі, пайым-парасатының деңгейіне айналған шығармаларды ұрпаққа мұра етті. Абайдың бізге қалдырған рухани мұрасында әлемдік философиялық ой қазынасына қосылар құнды пікір-пайымдаулар мол және ол жайлы үнемі айтылып келеді. Философиялық сырын тарқатқан зерттеулер де бар. Ойы терең, мәні құнды еңбектердің қатарында қарасөздер қомақты орын алады.

2. 3 Абай шығармаларындағы афоризмдер
Қазіргі таңда қазақ тіліне әлеуметтік сұраныстың жоғарылауы сөйлеу тіліне тән ұлттық ерекшеліктерді айқындауды қажет етіп отыр. Сөйлеудің жалпыланған түрлерінің болуы ойлаудың адамзатқа тән ортақ логикалық құрылымымен байланысты. “Сөйлеу әрекетінде жалпылылықпен қатар әр ұлттың дүниетаным ерекшелігінің тілдік бейнесі беріледі. Ұлттық ерекшеліктің белгісі, ең бірінші, сөйлеу актісінің берілуінен көрінеді. Сөйлеу актілерінің тілдік көрінісі ұлттық ерекшелікке бай” [30,149б.]. Сондай құндылықтар қатарына біз афористік ойлау үлгілері жатады. Қазіргі жоғары қарқынмен дамыған, ақпараттар ағыны тасқындаған, техникасы қарыштаған заманда, уақыты шектеулі тіл тұтынушының қолдануына ықшам әдеби жанр – афоризмдер өте ыңғайлы, яғни ойына ой қосу, пікір түю, ойын өзгеге жеткізу сияқты функция атқару үшін афоризм көмегі керек-ақ. Ол өзінің толықтай түйінімен де қазақ ұлтының менталитетіне өте жақын келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Абай өз халқының рухани мәдениеті мен ой-санасын жаңа сатыға көтерді, жаңа рухани кеңістік ашты, шындықты көркем тұрғыда игерудің бұрын белгісіз болып келген үлгілерін өрнектеді. Біздің дәстүрлі мәдениетіміздегі үлгілерден түбірлі айырмашылығы бар үлгілер жасады. Ол жаңаша ойлау мен тың көзқарас негіздерін, басқа этникалық және эстетикалық құндылықтарды қалыптастырды. Мәдениеттің кейінгіге мирас болар табиғатына қатысты алғанда, Абай тіліндегі лексика көркем эстетикалық қызметте де, ең бастысы, халықтың тарихи-мәдени тұрмысынан хабардар етер ақпарат көзі ретінде де талдап-танылуы міндет. Абай шығармаларының мәтіні ұлттық мәдени құндылықтарды тек сипаттап қана қоймайды, кейінгі толқын Абайдың тілі арқылы ұлттың дүниетанымы мен болмысынан хабардар болып, дүниенің ұлттық тілдік бейнесі көмегімен олардың мазмұнына қанығады.