Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Қазіргі Қазақстан тарихнамасындағы қазақ ұлттық зиялы қаумының қалыптасу тарихы


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақстан тарихының тарихнамасындағы ұлттық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі және қазақ интеллигенциясының 1905-1916 жылдар аралығында қоғамдық саяси қызметі 11
1.1 Қазақстан тарихнамасындағы Қазақ ұлттық зиялы қаумының қалыптасу тарихының бейнеленуі 11
1.2 Қазақ интеллигенциясының бірінші орыс революциясы жылдарындағы қоғамдық – саяси қызметі 21
1.3 Мемлекеттік дума және қазақ интеллигенциясы 29
2 Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты. «Қазақ» газеті және азаттық үшін күрес идеологиясының қалыптасуы 39
2.1 Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты мәселесінің тарихи аспекті 39
2.2 «Қазақ» газеті және отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы қүрес идеологиясының қалыптасуы 47
2.3 Қазақ демократиялық интеллигенциясы бірінші дүниежүзілік соғыс қарсанында 56
Қорытынды 61
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi 63

Кіріспе
Диплом тақырыбының өзектілігі. Кеңес күйреуі, Қазақстанның тәуілсіз мемлекет болуы қоғамдық ғылымдарда назардан тыс қалып келген мәселелердің шешімін табуға, соның ішінде тарих ғылымында бұрын сынаржақ баға беріліп келген, идеологиялық себептермен айтыла бермейтін жабық тақырыптарды зерттеп, ғылыми талдаудан өткізу үшін жаңа міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі таңда осы проблемаларда пайымдылықпен зерттеудің нәтижесінде тарихымыздың көмескі беттерінің шындығы ашылып, оларға шынайы баға берудің ғылыми деңгейі жаңа сатығы көтерілді.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, еліміздің тарихында жаңаша ой-пікірлердің қалыптаса бастаған шағында осы мәселені жан-жақты зерттеуге мүмкіндіктер туды.

1 Қазақстан тарихының тарихнамасындағы ұлттық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі және қазақ интеллигенциясының 1905-1916 жылдар аралығында қоғамдық саяси қызметі
1.1 Қазақстан тарихнамасындағы Қазақ ұлттық зиялы қаумының қалыптасу тарихының бейнеленуі
XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өніп-өсуде кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Басқаша айтқанда, бұл мезгілде ортағасырлық мешеулік пен үлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.
Міне, осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш - ұлттық интеллигенция араласа бастайды. Негізінен метрополия оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасына орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған зиялылар мұның бәрін жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен үлттық мәдениеттің өсіп-өркендеуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатына қызмет ете бастайды. Соның нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, феодалдық тоқырау мен отарлық тәуелділікке қарсы қүрес оның негізгі белгілеріне айналады [10,б.46].

1.2 Қазақ интеллигенциясының бірінші орыс революциясы жылдарындағы қоғамдық – саяси қызметі
Патшалық биліктін Қазақстанды және басқа шет ұлт аймақтарын отарлау саясатының әдістерін арнайы талдауды көздеген зерттеу еңбектері жоқ. Дегенмен, деректік материалдардан XVIII ғасырдың 30-40 жылдары-ақ, яғни Ресей империясы Қазақстанды өзіне біржола қосу ісіне кіріскен сәтте, оның отарлау саясатының негізгі мақсаты, сондай-ақ ол мақсатты іске асыру құралдары қалыптасып қалғанын аңғаруға болады. Негізгі мақсаты - бар байлығымен қазақ жерлерін иемдену болса, ал бұл мұратты іске асырудың басты құралы етіп онсыз да толық қалыптасып және қатайып үлгірмеген қазақ қоғамындағы мемлекеттік құрылымды біржола жойып, сол арқылы ұлттық тұтастық пен саяси бірліктің нығаюына мүмкіндік бермеуді таңдап алған еді [16,б.11].

1.3 Мемлекеттік дума және қазақ интеллигенциясы
Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеу барысында қазақ қоғамына да жеткен үлкен тарихи жаңалықтың бірі 1905 жылы 6 тамызда шыққан манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік думаға депутат сайлау құқығының берілуі еді. Қазақ интеллигенциясы Мемлекеттік думаны империяның Қазақстандағы саясатына, әсіресе, жер мәселесіне әсер ету құралы деп бағалап, оның жұмысына үлкен үміт артьп, сайлау науқаны мен Думадағы түрлі фракциялық жұмыстарға белсене араласты.

2 Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты. «Қазақ» газеті және азаттық үшін күрес идеологиясының қалыптасуы
2.1 Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты мәселесінің тарихи аспекті
1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық деңгейдегі орыс әкімшілігі қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалысын бастаушы саяси күш - ұлттық интеллигенциямен бетпе-бет келді.Сондай-ақ тура осы мезгілден бастап әкімшіліқ орындары ұлттық интелліггенцияның белсеңді өкілдерін қудалау саясатын қолға алды. Бүл саясаттың басында империяның Ішкі істер министрлігі тұрды, ал жергілікті жерлерде оның нақты жүргізушілері губерниялык, және уездік әкімшілік орындары болды
Біз жоғарыда 1905-1906 жылдары үлт-азаттық қозғалыстың әсіресе далалық облыстарда тегеурінді жүргендігін айттык. Соған сай реакция жылдары да отаршыл билік пен үлттық интеллигенция арасындағы күрес осы облыстарда айқын сипат алды. Басында далалық облыстардың генерал-губернаторы түрған облыс және уезд әкімшіліктері ұлт-азаттық қозғалыстың бастаушы өкілдерін, шығармашылық қызметімен үлтық санаға ықпал жасай бастаган ақын-жазушыларды, революция жылдары түрлі саяси істерге белсенді атсалысқан жеке адамдарды, дін қызметкерлерін жазалау шараларын іске асырды [29,б.33].

2.2 «Қазақ» газеті және отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы қүрес идеологиясының қалыптасуы
Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті туралы тарих ғылымында соңғы жылдарға дейін объективті ғылыми түсінік қалыптаспаған. Солай болуы заңды да еді. Өйткені, объективті ғылыми баға Қазан революциясына дейін жарық көрген қазақ басылымдарын шығарушы үлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметіне де берілген жоқтын. Сондьқтан да, үлттық интеллигенцияның бүл тарихи кезеңдегі қызметі буржуазиялық үлтшылдықтың көрінісі есебінде бағаланса, олардын, қолынан шыққан басылымдардың жеңіл түрде буржуазиялық-ұлтшылдық бағыттағы басылым аталуы да тақданыс тудырмаса керек. Осьндай тар таптық айқындаманы ұстанған зерттеушілер «Қазақтың» материалдарын пайдалануға да соншалықты ынталылық танытпай келді [36,б.57].

2.3 Қазақ демократиялық интеллигенциясы бірінші дүниежүзілік соғыс қарсанында
1913 жылдан «Қазақ» газетінің төңірегіне біріге бастаған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси айқындамасы империядағы, қазақ облыстарындағы нақты саяси жағдайға байланысты қалыптасып, өзгеріп отырды. Сонымен бірге жоғарғы билік оппозициялық күш ретінде танып, жергілікті отаршыл әкімшілік бітіспес жауы ретінде қуғынға алған үлттық интеллигенция өз халқы тарапынан да түсінушілік пен айтарлықтай үлкен қолдау таба алған емес. Мұндай ауыр жағдай оның саяси көзқарасы мен ұстанған бағытына да өз әсерін тигізбей коймады. Ұлттық интеллигенцияның бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы көтеріліс тұсындағы қоғамдық-саяси қызметін тура түсіну үшін, міне, осы аталған факторларды есепке алмай болмайды.

Қорытынды
Сонымен, XX ғасырдың бас кезінде екі бірдей - отарлық және феодалдық езгінің қыспағына түскен қазақ қоғамы бір жағынан, ауыр қоғамдық дағдарысқа келіп тірелсе, екінші жағынан, ортағасырлық ұйқыдан оянып, басқа елдермен бірге өзіне лайық жол издеу әрекетіне көшті. Бұл оның азапты тарихындағы сапалы жаңа кезен еді. Өйткені енді ол бұрынғы күйде өмір сүре беруге болмайтындығын, ал жаң заман, жаңа өмір, жаңа тұрмысқа көшу үшін оған кедергі болып отырған коғамдық мерездерді жою мәселесін батыл қойып, олардан арылу жолын ел болып іздеу қажеттігін түсіне бастады. Өзін-өзі тану аталатын бұл азапты процестің басында қазақ қоғамы үшін жаңа, дербес әлеуметтік-саяси күш-ұлттық интеллигенциясының алғашқы буыны түрды.