Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстанның индустриалды - инновациялық дамуының қазіргі мәселелері

Қазақстан - ауқымды табиғи - ресурстық, интеллектуалды, білім беру және өндірістік әлуеті бар ел. Бірақ табиғи - ресурстық әлует өзінен-өзі тұрақты экономикалық өсу мен өмір деңгейінің өсімін қамтамасыз етпейді.Қазіргі кезде территория көлемі де, жер асты байлықтары да, халық саны да нақты экономика өсімінің кепілі бола алмайды. Тек білім, ғылым мен интеллектуалды әлует, ғылыми мүдделердің өндіріспен үйлесімділігі ғана экономиканың тұрақты дамуы мен ел байлығының негізі болады. Дамыған нарықты экономикалы елдер тәжірибесі жаңа технологияларды құру мен игеру, бәсекеге қабілетті өнімнің әлемдік нарыққа шығаруы тұрақты ұлттық экономиканың маңызды шарты болып табылатындығын дәлелдейді.

Елді инновациялық даму жолына түсіру үшін жан-жақты жағдайлар жасады.Атап айтсақ, заңнамалық базаны қайта қарап, оны бүгінгі күннің талаптарына сәйкестендіру, отандық инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және олардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, еліміздің даму институттары арқылы инновациялық жобаларға қаржы бөлу, сондай-ақ ұлттық инновациялық жүйенің негізін қалыптастыру сияқты жұмыстар атқарылды. Әйтсе де, елімізде инновациялық ортаның қалыптаспауы инновациялық жүйенің дамуына кедергі болып отыр.
Инновациялық орта деп ғылыми білімдер мен техника жетістіктерін өндіріске енгізіп, одан табыс табу мақсатында кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекет етуіне ыңғайлы экономикалық кеңістікті айтамыз.

Қазақстанның бәсекеге қабілетінің нашар болып отырғанының басты себебінің бірі осы инновациялық даму деңгейінің төмендігінде.
Әлемдік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан бұл мәселеде посткеңестік республиканың көбісі және жан басына шаққанда ЖІӨ өзімен шамалас Тунис, Мексика, Колумбия секілді елдердің соңында келеді. Макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша табысы орта елдердің қатарына кіргенмен, білімді экономикада қолдану индексі бойынша халқының табысы әлдеқайда нашар Кения, Монголия сияқты елдердің қатарында тұр.
Шешімін таппаған отандық инновациялық әлеуеттің дамуына теріс эсер ететін мынадай негізгі проблемаларды атап өтуге болады: