Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 52 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Педагогика мен психологиядағы студенттердің өзіндік ерекшелігі


Мазмұны
Кіріспе 3
I-Тарау. Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері 6
1.1 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері 6
1.2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері 11
II-Тарау. Студенттердің өздік жұмыстарын басқаруды дамыту жолдары 18
2.1 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары 18
2.2 Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері 27
2.3 Студенттердің әлеуметтік-саяси әлеуеті 41
Қорытынды 48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 52

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі
Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: « ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» – деді [1, 18-19 бб.].

Отандық ғалымдарымыз арасынан Ж.Б. Қоянбаев еңбегін ерекше атаған жөн [9].
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің ертеңгі маман ретінде болашақ өмірге бағдар алуына жол ашу болып табылады.
Зерттеу міндеті: Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу объектісі: Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I-Тарау. Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері
1.1 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері
Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы студенттердің еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі «үлгермеушілікке» және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.

1.2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері
Қазіргі таңда еліміздегі барлық жоғары оқу орындары білім берудің кредиттік жүйесіне көшуде. Кредиттік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі - әлемдегі білім берудің ең үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып елімізге қажетті мамандарды сапалы дайындап шығару. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдерімен қатар, студенттің ізденуіне, жаңаша көзқарас тұрғысынан келіп, сапалы білім алуына жағдай туғызу. Кредит сөзінің мағынасы – сенім, яғни студентке сенім білдіру арқылы оның білімін көтеруіне, өзіндік ізденісіне, әрбір өтілген тақырыпты шығармашылықпен меңгеруіне жол ашу. Оқытушы әрбір өтілетін тақырыпты жіктеп, жіліктеп түсіндіріп, студенттен сол материалдарды қалай меңгергенін сұрау арқылы оның білімін бағалауды мақсат етпейді. Әрбір өтетін тақырып төңірегінде сол тақырыптың ерекшелігі жайлы, студент аталған тақырыптан қандай мәселелерді меңгеруі керектігі жөнінде бағыт-бағдар береді.

II-Тарау. Студенттердің өздік жұмыстарын басқаруды дамыту жолдары
2.1 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары
Оқытушының, студенттердің өздік жұмыстарына (СӨЖ-на) басшылық жасаудағы басты құралдарының бірі – нысанды тапсырмалар жүйесінің кешені.
Ол студенттің барлық танымдық іс-әрекеттерін бағыттап және реттеп отыруға ықпал жасайды. Бұл бағдарламада жұмыс жоспары, оқу мақсаты, түсіндіру, түсініктеме, баяндау және қойылған қызметке жалпы келістің жолдары, өздік жұмыстары, жауаптар және өзін-өзі бақылау үшін бағдар, тағы басқа тұжырымдалған.

2.2 Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері
Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. Дидактикада олар студенттердің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.
Жоғары мектептерде оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, олардың әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады. Оқу пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады.

2.3 Студенттердің әлеуметтік-саяси әлеуеті
Студенттердің әлеуметтік-саяси әлеуетін көтеру процесі кезеңінде тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты оларды өз Отанын сүюге, халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, жеке басының қабілеттерін ашып арттыруға негізделеді. Осы кезеңде мынадай тәрбие қағидалары басшылыққа алынады:

Қорытынды
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашығы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер – мамандар дайындайтын жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер. Өйткені халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр.