Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Оқыту технологияларын мектеп пәндерін оқытуда пайдалану

Осы заманғы жаһандану уақытындағы білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттарға назар аударсақ, оқушының адамгершілік, шығармашылық және дамуының негізгі шарты ретінде оқыту технологияларын біртұтас оқыту процесінде пайдалануды қажеттілік делінеді.
Мектептегі білім беру ісіне көптеген елдерде қанағаттанбаушылық, оны реформалауға алып келді. Осы мақсатта мектептегі оқыту процесін болашақтағы дамуына стратегиялық бағытты жасау қажеттігі туындады.

Бұндай зерттеу нәтижесінде, мынандай қорытынды шығаруының — мектеп түлектерінің алған теориялық білімдерін практика мен нақты жағдайда пайдалану деңгейлері төмен екендігін аңғартты.
Кез келген елдің білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты сияқты біздің еліміздегі мектепте қоғамның экономикалық мәдени, саяси өміріне белсенді араласатын адамды тәрбиелеу қажеттігін қояды. Бұл ретте мектептің рөлі жоғары. Білім беру мекемесінде жинақталған тәжірибе мен білімді сақтай отырып қоғам сұранысына оңай бейімделуі қажет.

Осы және бұдан да басқа оқыту технологияларының түрлері бір-бірімен интеграцияланған комплексті түрде оқыту процесінде енгізіліп, дәстүрлі әдістермен орын алмастыра алса, оқу процесінде ұлттық білім парадигмасын жасауда нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіледі.
Оқыту технологияларын пайдалану кезінде есте сақтайтын негізгі педагогикалық принциптер: еркін таңдау принципі; ашықтық принципі; іс-әрекет принципі; кері байланыстың болу принципі, мінсіз (іс-әрекеттің пайдалы коэффицентінің жоғарғы болуы) принципі.