Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 89 стр.

Полный просмотр работы

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі


Мазмұны
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. САЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАЗМҰНЫ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ТӘЖІРИБЕСІ 6
1.1. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны 6
1.2. Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері, олардың түрлері 15
1.3. Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі 32
ІІ ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ (Қ.Р., КӨКСУ АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА) 44
2.1. Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау 44
2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау 60
ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 77
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы 77
3.2. Салық салуды жетілдіру жолдары 83
ҚОРЫТЫНДЫ 86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 89

КІРІСПЕ
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық салу тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыста Қазақстан республикасының салық жүйесіне толық сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдық.
Салық салудың негізгі мақсаты – мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.
Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде – жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде салықтың мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және салық салудағы кейбір дамыған шетелдердің тәжрибесі қарастырылған.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы, Көксу ауданы бойынша бюджетке түскен салық түсімдерінің 2002-2005 жылдар аралығындағы көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасалған.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы, салық механизмдері және салық салуды жетілдіру жолдары талданды. Сонымен, мемлекеттің нарықтық экономикасын құруға әсер етуіне көмектесетін экономикалық тетіктердің ішіндегі салықтың мәні зор.

І ТАРАУ. САЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАЗМҰНЫ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ТӘЖІРИБЕСІ
1.1. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.

1.2. Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері, олардың түрлері
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:

1.3. Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі
Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып, біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Америка Құрама Штаттарының салық жүйесімен қысқаша да болса түсініктеме беру өте орынды.

ІІ ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ (Қ.Р., КӨКСУ АУДАНЫ БОЙЫНША САЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
2.1. Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау
Республикамызда соңғы жылдары аймақтың экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жерде салық жүйесінің алатын орны зор.
Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке,Қаржы Министрлігіне жүктеледі.

2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау
Қазақстан Республикасындағы салық төлеу міндеттемесі азаматтардың конституциялық міндеттемесіне енгізілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек қана салық төлеу емес, сонымен бірге алымдар және басқа да міндетті төлемдер туралы айтылған.
Салық салу ісін ұйымдастыруда және іске асыруда негізгі жұмысты аудан бойынша салық комитеттері жүргізеді десек артық болмайды.Көксу ауданы бойынша салық комитеті мынадай бөлімдерден құралған:

ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы
Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заңдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді. Салықтарды жинау әрқашанда ақша шығару немесе Заң әділеттілігі сияқты мемлекеттің егемен құқы болып табылады.
Экономистердің анықтауы бойынша салық саясаты қаржы саясатының бір бөлігі болып табылады. Салық саясатының мазмұны мен мәні қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысы билік басында тұрған тұлғамен шарттастырылады.

3.2. Салық салуды жетілдіру жолдары
Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет салық жүйесінің перманентті реформалау жағдайында болып отыр. Салық жүйесін жетілдіру жолдары шексіз, өйткені қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезеңнің экономика дамуында өз артықшылығы бар, бұл өз кезегінде мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы мәселелерді адекватты түрде шешуді талап етеді.
Салық әкімшілігі – салықтардан кетуден гөрі салықтарды төлеу тиімдірек деген деңгейге әлі жеткен жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорыта айтқанда, салықтар – мемлекет қазынасын толтырудың, экономиканы дамытудың негізгі көзі болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған күннен бастап қысқа мерзімде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өзінің салық жүйесін құруды көздеді. Яғни 1991 жылы салық мәселелеріне байланысты заң актілерін қабылдау мемлекеттің басты мақсаты болды. Бұл актілердің құрамына 14 заң актілері, солардың ішіндегі ең негізгісі „Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” заңы кірді. Атап айтқанда, осы заң салық жүйесін құрудың жалпы принциптерін, салықтар мен төлемдер өндіріп алуды реттеу, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін және төлемдердің бюджетке толығымен, әрі уақытында есептелуін анықтайды.