Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Гаухар батыр (поэма) (қазақша)

Малайсарының қаны бір қарындасы Гаухардың ерлігіне де тоқталмасқа болмайды. 1724 жылы қазақтардың сол кездегі астанасы Түркістан қаласын жоңғарлардың қалын қолы тұтқиылдан шабуылға алады. Осы шайқаста Кіші жүздің ханы Әбілхайыр отыз мың әскер, Орта жүзден Сәмеке жиырма мың әскер дайындап, Қабанбайдың бас сардарлығымен жоңғарларға қарсы шабуылға шықпақ болып жатқанда, Гаухар жоңғарлардың қоршауын ерлікпен бұзып шығып, Қабанбайдың қасына барып, оларды жау жағдайы жөнінде толық мәліметтермен қамдайды.

Гаухар батыр
(жырынан үзінді)
Гауһар қыз тартып туған ағасына,
Ұшқын бар байсалды көз қарасында.
Өжет боп ел көзіне түскен екен,
Он екі, он үш жастың арасында.
Ол кезде аштық, тоқтық бәрі малдан,
Мал болса көшпелі елдін жаны қалған.
Тал түсте қойға шапқан бір көкжалды,
Өжет қыз үзеңгімен соғып алған.
Ел естіп бұл хабарды қайран қалды,
Аралап Арғын, Қыпшақ, Найман барды.

Тұяғын санап шығу киын емес.
Сол үшін Дөржі жақсы көрген еді,
Қасына бұл жолы да ерген еді.
Шапқан аттың үстінен садақ тартса,
Жүзікті іліп түсер мерген еді.
Күні-түн бағып отыр құба жонды,
Тың тыңдайды, шолады оң мен солды.
Ұшқан құс, жүгірген аң — бәрі есепте,

Басқарған қазақ қолын хан алдында,
Іске асты Қабанбайдың амалы да.
Қос өркешті түйелер қалың қол боп,
Көрінді жау көзіне таң алдында.