Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 70 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Септік категориясы 8
1.1 Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі 13
1.2 Септік жалғаулары 16
1.3 Септік жалғаулардың сөйлемдегі қолданылуы 29
2 Септік жалғаулары арқылы меңгеріле байланысқан сөз тіркестері 36
2.1 Табыс жалғаулы сөз тіркестері 45
2.1 Табыс жалғаулы сөз тіркестері 45
2.2 Барыс жалғаулы сөз тіркестері 49
2.3 Жатыс жалғаулы сөз тіркестері 51
2.4 Шығыс жалғаулы сөз тіркестері 53
2.5 Көмектес жалғаулы сөз тіркестері 56
2.6 Сабақ үстінде зат есімнің септелуін пайдалану ролі 60
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70

КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. Сөздер сөйлем құрамында жұмсалу үшін олар әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста болуы шарт. Демек, тіркеске енбеген, өзара байланысқа түспеген сөздер (дара қалпында тұрып сөйлемдік мәнге ие болатын сөздерді қоспағанда) сөйлем құраудың материалы да бола алмайды. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесімділік қасиеті — сөз тіркесі синтаксисі қарастыратын басты объектілердің бірі келіп шығады.
Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің тек тіркесімділік қасиетін ғана емес, олардың тіркесу тәсілдері мен формаларын, сөз тіркесінің құрамы мен түр-түрлерін де қарастырады. Міне, осылар тәрізді өзіндік зерттеу объектісі бар сөз тіркесі синтаксисі жалпы синтаксистің құрамынан түркі тілдерінде кейінгі кездері ғана бөлініп шықты. Демек, сөз тіркесі синтаксисі — түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде ғылыми дербестікке кейінірек ие болған жас ғылымдардың бірі. Осы себептен де сөз тіркесінің зерттелу тарихы түркі тілдерінде тым ұзаққа бара бермейді.

1 Септік категориясы
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің парадигмалық түрлену жүйесінің бірі – септік жүйесі. Әдетте септік жалғау кейде тікелей өзі, кейде басқа тұлғалармен қабаттасып (мысалы, жіктік жалғаумен, тәуелдік жалғаумен қоса), зат пен қимыл, я зат пен (сын) арасындағы субъектілік (субъектілік-предикаттық), тура және жанама объектілік, меншіктілік-қатынастық, мекендік-мезгілдік, көлемдік, амалдық-құралдық сияқты қатынастарды білдіреді [2,54б].

1.1 Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
Қазіргі казақ тілінің грамматикалық құрылысында 7 түрлі септік жалғау бар. Бұл септік жалғаулардың әр түрі өзіне тән грамматикалық тұлғалар арқылы белгілі грамматикалык мағына білдіріп, сөйлемде тиісті қызмет (бір жағынан, белгілі грамматикалық топтағы сөздерді байланыстырып, екінші жағынан, ол сөздер белгілі синтаксистік қатынаста жұмсалуы арқасында белгілі сөйлем мүшесінің де қызметін) атқарады. Септік жалғау түрлері осындай үш түрлі сипаты (грамматикалық тұлға — грамматикалық мағына — грамматикалық қызмет) арқылы, бір жағынан, жеке-жеке грамматикалық тұлға ретінде танылады, екінші жағынан, бұлардың жиынтығы парадигмалық жүйе ретінде септік категориясын кұрайды [3, 78б].

1.2 Септік жалғаулары
Анықтауыштық қатынаста және септеулік шылаулармен (үшін, арқылы, жөнінде, жайында, туралы, бойы т. б.) тіркесіп қолданылған зат есімдер де атау септік тулғасынан өзгеше. Бұл тұлға негізінен зат есімнің түбір тұлғасы болып табылады. Түркі тілдеріндегі түбір — сөздің жеке тұрғанындағы мәнді, мағыналы бөлшегі болғандықтан, сейлемде сол күйінде өз бетімен жеке қолданыла алады. Міне, зат есім түбір (негізгі және туынды
түбір) күйінде қолданылғанда осындай қатынастарда (анықтауыштық) және шылаулармен тіркесте соған сәйкес белгілі синтаксистік қызметте жұмсалады. Ол зат есімдерді сыртқы түріне ғана қарап атау септік тұлғасымен шатастыруға болмайды.

2 Септік жалғаулары арқылы меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
Белгілі ғалым A. B. Десницкая табыс септігінің пысықтауыш қызметін атқару дертінен біртіндеп арылып, бірыңғай тура толықтауыш қызметін атқаруға көшуі, соған орай оның сабақты етістікпен тіркесетіндей болып омалануы етістіктердің меңгеруін қалыптастырды деп есептейді. Осы айтылған пікірді біз де толығынан қуаттаймыз. Өйткені Орхон-Енисей ескерткіші тілінде табыс септігінің салт етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатынастарда жұмсалуы — кездесіп тұратын құбылыс. Мысалы: Көгмен йышығ тоға йорып қырқыз бодунығ уда басдымыз — Көгмен жотасынан асып, қырғыз халқын ұйқыда жатқанда бастық. Бен өзүм білге Тониқуқ өтүкен йеріг қонмыс— Мен өзім данышпан Тоникөк өткен жерінде тұрдым (қоныстандым). Аны субуғ баралым —Анна өзенімен барамыз. Осы келтірілген мысалдарға назар аударатын болсақ, терілген сөз тіркестерінің басыңқы сынарлары — қимыл-әрекеттің кеңістіктегі бағытын, мекенін, іске асу тәсілін білдіретін салт етістіктер. Сондықтан да бұлар табыс септігіндегі сөздермен емес, жанама септіктермен тіркесуге тиісті. Бірақ осыған қарамастан, жоғарыдағы салт етістіктер табыс септігі тұлғасындағы сөздермен тіркескен, соған орай табыс жалғаулы сөздер толықтауыш емес, пысықтауыш қызметін атқарған. Мұндай құбылысты біз осы типтес етістіктердің әлі де болса салт, сабақтылық мағынасы жағынан толық жіктеліп болмағандығынан, табыс септігінің пысықтауыш қызметін атқару дертінен арылып, бірыңғай толықтауыш қызметін атқаратындай болып қалыптаспағандығынан деп білеміз. Басқаша айтқанда, тым әріден келе жатқан жүйесіздіктің қалдықтары, сілемдері деуге болады [10, 28б].

2.1 Табыс жалғаулы сөз тіркестері
Түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде табыс септікті сөз тіркестері жалғаулы түрінде де, жалғаусыз түрінде де қолданыла береді. Бұл мәселеге назар аударған кейбір ғалымдар табыс септікті сөз тіркестерінің жалғаусыз түрі жалғаулы түрінен бұрын қалыптасқан деп қарайды. Бұл пікірді толығынан қуаттауға болады, өйткені, біріншіден, тым ертедегі дәуірде сөздерді өзара байланысқа түсіретін қосымшалар (септік жалғаулары) жоқ кезде олар бірімен-бірі мағыналық жақындықтарына қарай іргелес тұрып байланысқан. Демек, тура объект мәніндегі жалпы есімдер сабақты етістіктермен мағыналық жағынан байланыста, органикалық бірлікте тұратындықтан, қосымшасыз, іргелес тұрып байланысып, объектілік қатынастағы сөз тіркестерін құраған болса, екіншіден, ертедегі Орхон-Енисей ескерткіштер тілінде табыс септікті сөз тіркестерінің жалғаусыз түрі жалғаулы түрімен салыстырғанда әлдеқайда жиі кездеседі. Мысалы: үч отуз балық сыды — Олар отыз үш қаланы қиратты. Қырық йыл ел түтдым бодун башладым — Қырық жыл ел билеп, халық басқардым. Иеті бөрі өлтүрдүм— Мен жеті қасқыр өлтірдім т. б. [17, 32б].

2.2 Барыс жалғаулы сөз тіркестері
Қазіргі қазақ тілінде барыс жалғаулы сөз тіркестерінің үш түрлі моделі қалыптасқан: 1) -қа (-ке, -ға, -ге) түлғалы синтаксистік құрылыстар; 2) -а (-е) тұлғалы синтаксистік қүрылыстар; 3) -на түлғалы синтаксистік құрылыстар.
Барыс жалғаулы сөз тіркестерінің -на (-не) түлғалы моделі кептеген оғыз тобындағы тілдер меи қыпшақ тобындағы тілдерге тән. Мысалы: азербайжан тілінде, Кәлин оз фикириыи гайынасына данышды — келіні енесіне ез пікірін айтты. Түрікмен тілінде, ...чеп топугына баглады — сол аяғына байлады. Башқүрт тілінде. Кеше* лер тәндең каранғылығына ширәп шым ғына ауыл кап-каһынан үтәләр ине — Кісілер түннің щараңғылығына қалып, ауыл қақпасынан жайлап өтті. Қазақ тілін-Де. Қара пышағын шапшып тұрған қара қасқырдың қақ жүрегіне салып-салып алды (М. Ә.).

2.3 Жатыс жалғаулы сөз тіркестері
Кейбір фонетикалық ерекшеліктері болмаса, жатыс септігі түркі тілдерінде -да тұлғасында қолданылады. Түркі тілдерінің ішінен тек чуваш тілінде ғана жатыс септігі -та, -те тұлғасынан тыс -ра, -ре, -че формасында кездеседі. Демек, жатыс септігі тілдің дамуы барысын-да, негізінен, тұлғалық жағынан емес, мағынасы мен қызметі жағынан ғана өзгеріске түскен.

2.4 Шығыс жалғаулы сөз тіркестері
Шығыс септігінің қалыптасу тарихы жайында түркі тілінде әр турлі көзқарастар бар. Алайда шығыс септігін жатыс септігінің негізінде қалыптасты дейтін пікір басым. Г. Рамстедтің пікірі бойынша, оғуз-да сәзі жатыс және шығыс септігінің мағынасын береді. Шығыс септігінің мағынасын жатыс септігінің мағынасынан ажырату үшін, оғузда сөзіне йан формасы қосылған деп қарайды (32, 43). Алайда ертедегі ескерткіштер тіліндегі берідениен, өндениен, йырдантайан тәрізді сөздер құрамынан -иан тұлғасын қоспайақ -дан аффиксін айқын бай-Кауға болады (30, 65). Б. А. Серебренников -дан жалғау-ьін жатыс септігінің -да аффиксі негізінде қалыптасты Дей келіп, дан құрамындағы да тұлғасы мекен мағынасын білдіреді де, ал -н тұлғасы бағыт мағынасын білдіреді деп қарайды. A. M. Шербактың пікірі бойына шығыс септігінің -дан жалғауы — жатыс септігінің негізінде қалыптасқан кейінгі көрсеткіш емес, тым әріден келе жатқан көне аффикс. Ертедегі ескерткіштер тіліндегі жатыс септігінің шығыс септігі мағынасында қолданылуы -дан тұлғасынан -н элементінің түсіп қалуымен байланысты. Өйткені, қазіргі түркі тілдерінде жатыс септігі мен шығыс септігінің мағыналық жағынан тең келіп, бірінің орнына екіншісінің қолданылуы кездеспейтін құбылыс және барлық түркі тілдерінде шығыс септігі фокетикалық ерекшеліктерін ескермегенде бір ғана тұлғада қолданылады деп қарайды Сонымен, шығыс септігінің қалыптасу тарихы жайындағы мәселе осы күнге дейін шешімін тапқан емес [25, 39б].

2.6 Сабақ үстінде зат есімнің септелуін пайдалану ролі
Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің түрлену жүйесінің бірі – септік жалғауы. Бұл ұғыммен оқушылар алғаш рет ІҮ сыныпта «Сөз таптары» тарауын өту барысында танысады. Ал Ү сыныпта «Зат есімнің септелуі» тақырыбын өту барысында ІҮ сыныпта алған білімдері кеңейтіледі. ҮІІ сыныпта септелудің жай және тәуелді септеу түрлерімен танысады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе септік жалғауларының жұмсалуын, олардың түрлерін, сөз тіркестері сөйлем мүшелерінің тіркесіне негізделмей, сөздердің, сөз таптарының тіркесіне негізделетіндігі — түркі тілдері, соның бірі қазақ тілінде орныққан пікірлердің бірі. Бірақ бұған қарап мағыналық жағынан алшақ жатқан; әрі синтаксистік байланыста айтылмайтын сөздерді өзара тіркестіре беруге болмайды. Демек, бұған қарағанда мағыналық жағынан орайлас жатқан сөздер мен өзара тіркесе алады. Сөз тіркесіне тән бұл ерекшелік — сөз тіркесі синтаксисін айқындайтын басты қасиеттердің бірі.