Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Компаниядағы қоғаммен байланыс маманының қызметін ұйымдастыру


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қоғаммен байланыс: жалпы түсініктер 5
1.1 Анықтамасы, мәні 5
1.2 ПР және насихат 5
1.2.2 PR–дың субъектісі және объектісі, мақсаты мен міндеті 9
1.2.3 Қоғаммен байланыстың принциптері, құрылымы және функциялары 10
1.3 Қоғаммен байланыс қызметі 11
1.3.1 Қызметтің бағыттары 11
1.3.3 Бөлім құрылымы және персонал функциясы 14

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбы - «Компаниядағы қоғаммен байланыс маманының қызметін ұйымдастыру».
Берілген тақырыптың маңыздылығы ескертілген:
Қазіргі уақытта «public relations» (PR) тақырыбы жақсы жоспарланып, әдебиетпен қамтамасыздандырған, бірақ, бұл әдебиеттің көлеміне үңіле қараса, оның көптүрлілігі елес болып көрінеді. Тек жақында ғана осы тематика бойынша отандық авторлардың жұмыстары шыға бастады. Оның өзінде шетелдік мамандардың жұмыстарынан алынған материалдар мен зерттеулер кездеседі.
Шындығына келгенде, «public relations» тақырыбы қымбат материалдарды қамтиды, бірақ осы сферадағы терең зерттеулер айтарлықтай бұрыннан жүргізілген және де істің қазіргі жағдайын толық қамтымаған. Сонымен қатар осы жұмыстың авторларының көбі өздерінің өңдеулерін батыс экономикасына бағытталған - батыстық мамандар. Біздің елімізде осы саладағы менеджерлер соңғы 8 жыл ішінде жұмыс істеп келеді.
Дипломдық жобаның мақсаты – компаниядағы PR мамандығының ұйымдық негіздегі қызметін оқып білу.
Берілген дипломдық келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1 Қоғаммен байланыс: жалпы түсініктер

1.1 Анықтамасы, мәні

Адамдық қызметтердің барлық саласында PR өте үлкен маңызға ие болады. Әрбір сала өзіне бұл инструменттің қажеттілігін өзінше анықтайды. Көп немесе аз деңгейде бұл барлық жерде қолданылады: саясат, бизнес, қайырымдылық және т.б. Паблик рилейшнздің көп түсініктемелері бар (ПР, қоғаммен байланыс, СО, public relations, PR) және нақты біреуін таңдау өте қиын. Мен кейбір жақсы, сәтті анықтамаларға тоқталдым:
1) Ұлыбританияның қоғаммен байланыс Институтының (IPR) профессионалдары PR-ды ұйымның және оның қоғаммен өзара түсінушілік және тілектестік қарым-қатынасты қолдау және құруға бағытталған ұзаққа созылған күш салулар жоспарлар деп түсінеді.
2) PR – мақсатты бағытталған оперативті,шынайы және жеткілікті ақпараттар негізіндегі қоғам мен ұйым арасындағы тілектес қарым-қатынасты сақтауға және қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік қызмет.

1.2 ПР және насихат

ПР мен насихатты нақты шекаралау керек. Геббельс насихат туралы «саясат инструменті, әлеуметтік бақылаудың құралы... Қайта түсіндіру насихаттың міндетіне жатпайды, оның функциясы – жақтаушыларды өзіне тартып, өзінің қол астында ұстау... Лайықты жолдардың барында насихаттың міндеті әлемдегі қозғалысты өз көзқарасымен (нацистік) қабылдауды мәжбүр ету және адамзаттың өмір сүру ортасын өзгертудегі барлық адамзат түрлерін қамту болып табылады.» Геббельстің сөз сөйлеулерінен алынған бұл үзінділерде екі ықпалдың арасындағы терең ерекшеліктеріне көп көңіл аударылған. Насихатта әрдайым этикалық аспектілер ескеріле бермейді. Және қазіргі таңда сөз негізінен тек жеке пайдаға және мақсатқа жетуде фактілерді бұрмалаушылық қолданып, өз сендірулерін толық түсіндіру үшін керек. ПР қарама-қарсы ұзақ уақытты жауапкершілікті мойындайды және сендіруге талпынып, өзара түсінушілікті ерікті пікірлер мен идеялар арқылы жетуді талап етеді. ПР тек этикалық нормаларға негізделгенде, шынайы құралдармен жүзеге асырғанда ғана табысты болады. ПР-ды жалған, зиянды және күдікті құралдарды қолданғанда мақсат ақталмайды.

1.2.2 PR–дың субъектісі және объектісі, мақсаты мен міндеті

ПР- қызметінің субъектісі жеке адам да, арнайы құрылған қызметтер де және қоғаммен байланыс қызметтері, ақпараттар және жарнамалар, консалтингтік фирмалар сияқты ұйымдар да бола алады. Бұл қоғаммен қарым-қатынас үндестігіне бағытталған нақты іс-әрекеттерді орындайтын және ПР субъектісінің имиджін, оның стратегиясын және тактикасын қалыптастыру процесіне нақты түзетулер енгізетін арнайы маманданған білімі, дағдысы және іскерлігі бар индивидум немесе индивидум топтары. Қоғаммен байланыс субъектісі нақты осы ұйымның жұмыс істеуі пайдалы, тиімді екенін потенциалды және нақты клиенттерге дәлелдеуге, жеткізуге, мендіруге талпынады.
ПР объектісі - өзіне жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатындағы қоғаммен байланыс субъектісінің әсер ететін адамдары, бірлестігі. Объект бірлескен қызмет барысында субъектке айналады, себебі практикада өзара іс-әрекет, кері байланыс орын алады. Объект қоғаммен байланыс субъектісі аңдитын мақсатқа байланысты таңдалады. Әрбір нақты жағдайда субъект «өзінің» қоғамын таңдайды. Мысалы, талапкерлердің арасындағы байқаудың және ЖОО имиджінің өсуіне бағытталған PR–акциясы «өзінің» қоғамы ретінде мектептің бітіруші сынып оқушыларын және олардың ата-аналарын таңдайды.

1.2.3 Қоғаммен байланыстың принциптері, құрылымы және функциялары

Д.Ньюсон, А.Скотт, Дж.Турктің «Это П.Р.Реалии паблик рилейшнз»19 атты американдық оқулығындағы және И.Григорьеваның20 жұмысында мазмұндалған принциптерді жалпылай келе, PR–қызметінің негізгі принциптері мыналар:
1. Қоғам және ұйымның өзара пайдасын қамтамасыз ету, сонымен қатар басқару қызметінің осы түрімен айналысатындар адал және ашық болуы керек.
2. Бұқаралық сананы қалыптастырудағы объективті заңдылық, адамдар арасындағы қарым-қатынас, ұйымдар мен қоғамдар тірегі, субъективизмнен қабыл алмау тірегі.