Ақша жүйесі және ақша айналымы
Жоспар
Кіріспе 3
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері 6
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері 6
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы 12
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні 14
ІІ-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 20
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 20
2.2. Ақшаның түрлері 26
ІІІ-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолдары 36
Қорытынды 40
Қолданылған әдебиеттер 42
1-ші қосымша 43
2-ші қосымша 44
3-ші қосымша 45
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері
Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы
Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол – тауар –ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан айналысы заңмен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
ІІ-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
Бір адамның ауыстыратын ақшаның ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссмяға бару керек болды.
2.2. Ақшаның түрлері
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
ІІІ-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолдары
Осыдан он екі жыл бұрын, яғни 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валютамыз айналымға түсті. Ал бұл кезде елде инфляцияның деңгейі 2600 пайызға женкен-ді. Басында ұлттық валютамыздың АҚШ-тың 1 долларына шыққандағы бағамы 4,7 теңге болса, осы күнге дейін 30 рет құнсызданыпты.
Өткенге келсек, жылы жалпы қарыз көлемі ІЖӨ-нің көлемінен асып кетті.
Қорытынды
Қорыта келгенде, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы прцесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және тағы басқалар. Мұныңбарлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негіздеген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Көшенова Б. Ақша Несие Банктер Валюта қатынастары
Алматы «Экономика» - 2000 ж.;
2. Сейітқасымов Ғ. С. Ақша несие Банктер
Алматы «Экономика» - 2001 ж.;
3. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие
Алматы 2004 ж.;
4. Сахариев С.С, Сахариева А. С Әлем экономкасы ІІ-бөлім
Алматы «Дәнекер» - 2003 ж.;
Периодикалық басылымдар «газет-журналдар»
5. Егемен Қазақстан 2003 ж., 12 қараша, 2-3 бет;
6. Арқа жары 2003 ж., 20қараша, 1-2 бет;
7. Егемен Қазақстан 2001 ж., 11 желтоқсан, 2бет;
8. Орталық Қазақстан 2001ж., 23 тамыз, 3 бет;
9. Егемен Қазақстан 2001 ж., 17 қаңтар, 2 бет;
10. Түркістан 1999 ж., 5-11 мамыр, 1-2 бет.
1-ші қосымша
Ақша базасы және оның құрлымы