Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 106 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні 7
1.1 Этноантропонимдердің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негізі 18
1.2 Лақап есімдері мен фамилиялар 29
1.3 Топонимдік жүйесіндегі антропонимдердің, эпонимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні 33
2 Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени мәні 39
2.1 Қазақ эпосындағы кісі аттары 51
2.2 Прецеденттік антропонимдер 55
2.3 Араб-парсы тілінен енген антропонимдер 63
2.4 Сакральді (киелі) антропонимдер 65
3 Қыпшақ-половец есімдерінің этномәдени сипаты 70
3.1 Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи-этимологиялық сипаты 70
3.2 Этнонимдер мен антропонимдердің сабақтастығының түркітану мен қазақ тіл біліміндегі дәйектелуі 74
3.3 Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары 94
Қорытынды 104
Пайдаланылған әдебиет тізімі 106

Кіріспе
Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі ­ халық рухын, оның өзегі - мәдениетті жаңғырту.
Көрнекті мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, «мәдениет-адамның ақыл-ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар жүйесі» (Э.Тэйлор); «мәдениет- дүниенің бөлшектері болып саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т.б. негізде құрылатын семиотикалық жүйе» (Ю.Лотман). Осымен байланысты мәдениеттің таңбалық негізі тіл арқылы көрініп, рәміздік жүйедегі ұлттың психологиялық түрімен, сакрализация тәсілімен сипатталады. Бұл арада тіл ­ тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениетің этнотаңбалық белгісі тілден тыс көріне алмайды. Осыған орай мәдениетпен сабақтастықта қарастырылатын тіл тек денотативті коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі бір әлеуметтік мәдени, танымдық мәні бар) құрал.

1 ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДНРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ
Қазақ тіл білімінде социолингвистика ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ бұл бағыттың қазақ тілінде негізі бар екеніне Ахмет Байтұрсынұлының, Қ.Жұбановтың еңбектерінде назар аударылды. Бүгінгі таңда социолингвистика – (қазақша-әлеуметтік лингвистика) – тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты. Осы тұрғыдан А.Байтұрсыновтың осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социолингвистикалық сипатты деп бағалауға болады: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деді [1, 141 б.].

1.1 Этноантропонимдердің қалыптасуының әлеуметтік - мәдени негізі
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алды. Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т.Жанұзақов зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т.Жанұзаков зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ.Рысбергенова, С.Оңайбаева, Ұ.Ержанова, М.Мұсабаева, Б.Бияров, З.Жанғабылова, А.Арысбаев, Г.Мадиева, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.с.с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік ретінде оның тақырыптық шеңберінің өте кең екенің көрсетті.

1.2 Лақап есімдері мен фамилиялар
Қазақ дәстүрінде адамның жалқы есімнен басқа да толып жатқан (жанама, бүркеме лақап, балама т. б.) қосымша аттары болады. Қосымша аттар адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың ыңғайына қарай өзгеріп, әр алуан морфологиялық тұлғалармен түрленіп, сұхбаттасушы субъектілердің бір-біріне деген ізет-құрметін, көңіл-күйін, ішкі сезімін, дәстүрлі әдептілік пен жол-жоралғыны таныту үшін, жан дүниесін паш ету мақсатында жұмсалады.

1.3 Топонимдік жүйесіндегі антропонимдердің, эпионимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні.
Қазақ топожүйесін қалыптасуындағы антропонимияның көрінісі негізінен, лингвомәдени негізде анықталады. Oңтүстік Қазақстандағы топонимдерін зерттеген Ж.Исмаилова, Қ.Рысбергенова, А.Сембиев, Шығыс Қазақстанда Б.Бияров, А.Әлімхан, Батыс Қазақстанда Ұ.Ержанова т.б. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы топонимдердің құрамында жеке есімдер мен әулетесімдерден (фамилия) жасалған топонимдер көп кездеседі. Негізінен елді мекендер кісінің жеке атымен аталса, бірқатар жерлердің атауында әулетесімі қосарлана айтылады. Жекелеген адамдардың аты жөнімен аталатын географиялық объектілер атаулары сол нақты елді мекеннің негізін қалаған немесе сол төңірегінде тұрған, халық арасында, өз ортасында үлкен беделге ие болған кісі ататары кездеседі. Мысалы: Абай, Жамбыл, Аманкелді, Қошқарата, Қалдыкөл, Асан, Алтынбек құдықтары т.б.

2 ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘНІ
Ономастикалық лингвокультуремалардың (соның ішінде антропонимдердің-Ф.Ә.) ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселенің тілдің құрылымдық жүйесіндегі көріністері мен ұлттық сипаты Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова т.б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.

2.1 Қазақ эпосындағы кісі аттары.
Ә.Қайдар, А.Мұқатаева «Қазақ ономастикасының мәселелері» атты жинақта қазақ тілінің көне де байырғы лексикалық байлығын, әсіресе, оның кісі аттарын зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор екені көрсетеді. Солардың ішінде ғасырлар бойы қалыптасып, халық арасында кеңінен тараған батырлық эпостар мен лиро-эпикалық дастандардағы кісі, ру-тайпа аттарын зерттеудің ономастика саласындағы орны бөлек. Себебі эпос антропонимдеріне тән ерекшелік – олардың көнелігі. Сондықтан эпос топонимиясы мен антропонимиясының басқа салаларға қарағанда өзіндік ерекшеліктері көп. Қазақ эпосымен, этникалық мәдениетімен тікелей байланысты, қазақ топырағында дүниеге келіп, халық арасына кеңінен тараған, тіпті Қазақстаннан тыс көршілес өлкелерге де жайылған эпостардың бірі – «Қозы Көрпеш - Баян сұлу».

2.2 Прецеденттік антропонимдер
Ұлт тарихындағы маңызды оқиғалар тілдің құжаттық, мәдени танымдық қызметінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, көне мәтіндерде тарихи есімдер арқылы таңбаланып, халық жадында сақталады. Ерекше ұлттық мазмұндық сипаттағы, мәдени ақпараттық мәні басым бұл атаулар тіл білімінде прецеденттік деп анықталып, тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылады. Мысалы, Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – бекет, Асанқайғыға салыну.

2.3 Араб парсы тілінен енген антропонимдер
Қазақ антропонимдерінің қалыптасуындағы лингвомәдени негіздің бірі араб-парсы атаулармен байланысты. Қазақ тіл білімінде араб-парсы есімдерді зерттеген Т.Жанұзақов, Р.Сыздық, Л. Рустемов, Н.Оңдасынов, Ж.Ағабекова, Ә.Байтелі, Б.Жұбатова, т.б.
Қай тілдің болсын антропонимиялық қазына байлығын тек төл есімдер ғана емес, басқа тілден енген антропонимдер де құрайды және олардың жалпы антропонимиялық қордағы үлесі әр түрлі болып келеді. Бұл құбылыс қазақ тіліне де тыс қалмайды. Этностың мәдени, рухани даму жолында тарихи-әлеуметтік, діні үрдістің белгілі қалып-күйі, ізі қалады. Түркі әлемінде, қазақ халқының мәдени-рухани өмірінде ислам дінін қабылдауға байланысты өшпес өркениет болып қалған құндылықтардың бірі – араб есімдері.

2.4 Сакральді (киелі) антропонимдер
Қазақ киелі лексикасын (агитопонимдерді) арнайы қарастырған Қ.Рысбергенова, Р.Мұстафина, А.Керімбаев т.б. Киелі адамдар атауларына жататын сөздер лексика-семантикалық тұрғыдан екі топқа бөлінеді: 1) киелі антропонимия 2) жалпы сөздер - әулиелер атаулары. Киелі антропонимия - әулиелердің жалқы есімдерінің құрамындағы антропонимдердің саны өте көп, оларды Р.Мұстафина негізгі 8 категорияларға жіктеген. Олар негізінен әулие сопылар есімдеріне қатысты аңызға ұқсас көптеген шежіре аңыздарда, әңгімелерде қолданылады [86, 176 б.].
Осы әулие сопылар есімдерінің басты ерекшелігі - олардың көбісі лақап аттар болуында. Сопы әулиелер есімдері көптеген аңыздармен тығыз байланысты, онда олардың табиғаттан тыс қабілеттері сипатталады, кей жағдайларда белгілі бір киелі есімнің халықтық этимологиясы беріледі. Мысалы, әулие сопы Қарабура есімнің шығу тегі (этимологиясы) былай түсіндіріледі: «Оңтүстік Қазақстанда әулие Қарабураның, дәлірек айтқанда Бурахан әулиенің күмбезі бар. Жергілікті шырақшының әңгімелеуі бойынша, Қарабураның шын - аты Бурахан адзар. Ол атақты Қараханның үзеңгілес серігі болған. Қарахан ислам дінін алғаш қабылдаған қарахандықтар әулетінің негізін қалаушы, Әулие Атада (Жамбыл) жерленген.

3 ҚЫПШАҚ-ПОЛОВЕЦ ЕСІМДЕРІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
3.1 Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи-этимологиялық сипаты
Көне түркі ономастикасына қатысты маңызды материалдар түркілер мен славяндардың ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болғанын дәлелдейтін ежелгі славян ескерткіштерінде көрініс тапқан. Бұл қарым-қатынас пен өзара тығыз байланыс Киев Русінің қалыптасу кезеңінде және оның тарихи даму кезінде Шығыс Европада мекендеген, осы территорияда бірқатар мемлекеттік билігін жүргізген түркі тайпасымен тығыз қарым-қатынас орнату кезеңінде ерекше мәнге ие болды. Н.А. Баскаков славяндар мен көне түркі тайпаларының арақатынасын былай көрсетеді: «Ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде, оның ішінде негізінен қолжазба ескерткіштері мен көркем шығармаларда Шығыс Европадағы көне түркілердің топонимдері, антропонимдері мен этнонимдері сақталған. Бұл мәліметтер филологтардың, этнографтардың, тарихшылардың қызығушылығын арттырып, зерттеуге септігін тигізген». Ежелгі орыс мұраларынан табылған түркілер ономастикасына қатысты бұл құнды материалдар зерттеушілердің бірқатар еңбектерінде айқын жарық көрді. Мысалы, Н.А.Баскаковтың еңбегінде қыпшақ антропонимдері мен этнонимдеріне дәйекті талдау жасалды, Шығыс Европадағы көне түркілер этнонимдері мен антропонимдерінің моделіне типологиялық сипаттама берілді, түркілердің мифологиялық және эпикалық кісі есімдері әртүрлі аспектілерде зерттелді, т.б. Кең көлемді бұл материал ғалымның «Слово о полку Игоеве» деген монографиясы мен «Русские фамилии тюркского происхождения» кітабында, бірқатар мақалаларында жан-жақты қарастырылды [100, 75 б.].

3.2 Этнонимдер мен антропонимдердің сабақтастығының
түркітану мен қазақ тіл біліміндегі дәйектелуі
Қазақ тілінде де есімдер мен фамилиялардың көбісі ерте кезден-ақ тіліміздегі мағыналы сөздерден қойылып отырған. Бірақ олардың кейбіреулері арғы заманнан келе жатқандықтан бастапқы мағынасы ескіріп, ұмыт болып, халық санасында тұрақтап қалмады. Ондай есімдердің архетипін анықтауға бұл тәрізді этномәдени сабақтастықта қарастырылған қыпшақ деректерінің де септігі тиетінін зерттеу барысы көрсетіп отыр.

Көрініп тұрғанындай, Куртък-Курътык есімікің түбірі – кур, ал ток пен тык – зат есімнен туынды зат есім жасайтын лык немесе лық қосымшасының л-д, д-т сәйкестіктері бойынша пайда болған этимологиялық варианттары. Сондықтан Куртък–Курътык есімі, сары қыпшақтар тілінде тек Куртык немесе Құртық болып кана емес, сондай-ак Курлык және Құрлык болып та айтылған [115, 178 б.]. Половецтер тілінде Курлык немесе Құрлық болып айтылған есімнің түбірі – кур немесе кұр ал, осы тубірге жалғанған лык немесе лық зат есімнен туынды зат есім жасайтын қосымша. Осы жасалған тұжырымға байланысты кур-кұр түбірі, қандай мағынаны білдіреді дейтін занды сұрак туады. Көне түркі тіліңде «бөрі» мағынасын білдіретін кұрт атауының, бар екені деректелген прото-алғашкы түркі тілінде «бөрілер» дейтін көптік мағынаны т аффиксі арқылы, ал құр мен оның фонетикалык варианты – кур, «бөрі» дейтін жекелік мағынаны білдіретіндігін көрсетуге болады. Егер де құр мен кур атауы прото-түркі немесе көне түркі тілінде «бөрі» мағынасын білдірген болса, онда тотемдік сипаттағы этнонимнен жасалған антропоним деп анықтауға болады.

3.3 Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары
Ортағасырдағы араб жазу ескерткіштегі кездесетін антропонимдер бізге көне түрік ескеркіштер арқылы белгілі.
Ч.М.Гусейндзенің «Ортағасырдағы араб жазу ескерткіштерінің көне түрікі антропонимдер» деген мақаласында араб жазу ескеркіштегі антропонимдердің (кісі есімдерінің) этимологиясы берілген [120, 291 б.]. Мысалы, Boran Боран, Буран есімі, араб деректерінде бұл парсы Хосорва Парвиза (VІІІ ғ.) әмірінің қызының есімі және Момина (ІVғ.) халифтың әйелінің есімі. Боран есімі ресми есімінен кейінгі берілген лақап есімі. Хосрова Парвиза әмірінің қызынің ресми (шын) аты - Захра, ал Момина халифтің әйелінің аты - Хадиджи екен [121, 382 б.].
Ортағасырда түркі антропонимдерінде екі есім болуы (ресми есім және лақап ат) түркі халықтарына тән екендігі жоғарыда қарастырылды. Түркі халықтарында Боран есімі өзбек тілінде Буран, әзірбайжан тілінде Боран, қазақ тілінде Боран деп айтылады. Боран сөзі түрік тілінде бора етістіктен құрлып «буран, вьюга, метель, гроза, грозовой ливень, туман, непогода» қазақша «боран, бұрқасын, найзағай, тұман» деген мағына береді. Боран, Буран екі сөзден тұрады, бур етістігінен және -ан деген қосымшадан. Bur-Бур сөзі (крутить, сверлить, кружится, поворачиваться, гнуть) қазақша борау, бұрғылау, айналдыру, қайысу етістігі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар қазақ тіліндегі антропонимиялық кеңістіктің жалпы сипаты мен ұлттық-мазмұндық құрылымын, номинациялық қағидалары мен атау жасаудағы уәж табиғатының дәстүрлі модельдерін, мәдени таңба ретіндегі коннотациялық сипатын тануға мүмкіндік берді.
Лингвомәдени аспектіде «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағидаға сәйкес жүргізілген зерттеу жұмысы ұлттық антропонимдер жүйесін тіл біліміндегі антропоөзектік парадигма шеңберінде анықтауға негіз болды.
Осымен байланысты мәдени-әлеуметтік таңба ретіндегі қазақ антропонимдерінің мазмұндық негізі мифтік, фольклорлық, паремиологиялық, фразеологиялық, тарихи, көркем мәтіндік жүйеде дәйектелді.
Ұлттық ономастикондық жүйенің оның ішінде антропонимдер де өзіндік ерекшелігі оның белгілі бір ұлттық тілге емес, ол қандай мәдени ортадада қалыптасқанына байланысты екенін қазақ антропонимдерінің лингвомәдени, этномәдени, әлеуметтанымдық сабақтастықта зерттелуі көрсетіліп отыр.
Осы бағытта жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижелерін былай көрсетуге болады:
- антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени жүйе ретінде қарастырылды;
- кейінгі заманда туған көркем мәтіндердің кестесіне кірігіп, белгілі бір функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық жүк арқалаған антропонимдердің қолданысы түсіндірілді;
- қазақ антропонимдерінің этнотаңбалық тілінің түркілік негізі көнетүркілік, ортатүркілік ескерткіштермен қатар орыс жылнамаларындағы деректермен салыстыру арқылы анықталды. Соның нәтижесінде кейбір этимологиялық талдаулар жасалынды;
- зерттеу нысанына сәйкес паремиологиялық, прецеденттік, фразеологиялық және көркем мәтін деректері талданып, жинақталып, олардың құрамындағы антропонимдердің қолданысы мен қызметіне лингвомәдени сипаттама берілді.
- қазақ ұлттық антропонимдерінің басым көпшілігі жеке адам атынан бастап, рухани танымдық мазмұнды прецеденттік есімдер мен этнонимдерге дейін этнографиялық сипатта. Соның нәтижесінде қалыптасқан жалқы есімдерді этноантропонимдер деп анықтап, антропонимияның бір саласы деп қарауға болатынын зерттеу барысында жинақталған бай тілдік дәйектер көрсетіп отыр.
- қазақ мәдениетінде сәбилерге әр заманға сәйкес көрнекті тұлғалардың атын қою дағдыны (Абай, Шоқан, Абылай, Марлен, Талғат, Бауыржын т.б.) біріншіден, антропонимия даму үстіндегі ашық коммуникативтік тілдік бірлік екенін көрсетсе, екіншіден, антропонимдердің әлеуметтенуімен байланысты екенін көрсетеді.
- этноантропонимика құрамының өзекті бір бөлігін көне салт-дәстүр мен түрлі мифтік танымға негізделген (мысалы Тоқтасын, Ұлбосын, Тәңірберген т.б.) атаулар құрайды.
- зерттеу барысында ерекше назар аударған фольклордағы, мифтік аңыздар, көркем мәтіндегі адам аттары мен мифотопонимдер мен этнотопонимдермен сабақтас қалыптасқан атаулар.
- зерттеу нысанына сәйкес этноантропонимдер, антропонимдердің этномәдени мазмұнын ашудың бір көзі, тарихи-этникалық негіз екені анықталып, көне түркі ескеркіштері мен орыс жылнамаларындағы көне қыпшақ есімдері оның қазіргі қазақ тіліндегі жалғастығы көбінесе этнонимдік сабақтастықта қарастырылды.
Қорыта айтқанда, лингвомәдени жүйеде анықталатын қазақ тіліндегі антропонимдер - көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани әлеуметтік құбылыс. Осы жүйеге кіретін этноантропонимдердің этномәдени және тарихи болмысында түрлі этнос және этникалық топтардың тарихи тегі мен жағырафиялық қозғалысы көрініс табады.
Антропонимдер - әртүрлі ұлттық ассоциацияларға меңзейтін ұлттық символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын, ұлттық арқаудың бірі ретінде қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық сүрсананың терең қатпаларында жасырынып жатқан мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді. Антропонимдер, соның ішінде этноантропонимдер - тарихи-этникалық, лингвомәдени, әлеуметтанымдық тарихи этникалық дереккөз.

Пайдаланған әдебиеттер

1 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы, Ана тілі, 1999. – 141 б.
2 Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. Доктор. дисс.
авторефераты. –Алматы, 1995. – 8 б.
3 Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері.
– Алматы, Мектеп, 1985. –66 б.
4 Саадиев Ш.М. Основные правила выбора имен для новорожденных (по
азербайджанской антропонимии) //Личные имена в прошлом, настоящем, будущем. Проблемы антропонимики. – Москва: Наука, 1970. – С. 185-187.
5 Жанузаков Т.Дж. Лично-собсвенные имена в казахском языке.
Автореферат дисс. кан. филол. наук. –Алма-Ата, 1960. – С. 56, 45.
6 Самойлович А.Н. Заветные слова в языке казак-киргизкой замужней
женщины //Жиавя старина. –Петроград, 1915. – С. 151.
7 Самойлович А.Н. К вопросу о наречии имен у турецких племен //
Жиавя старина. От этнографии, СПБ, 1911 вып 2 – С. 29.
8 Никонов В.А. Имя и общество. –Москва: Наука, 1974 –С. 56.
9 Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологи. Москва:
Наука, 1999. – С. 98
10 Мусаев К.М. Лексикология тюрских языков. – Москва: Наука. 1984. –
С. 205.
11 Идрисов А. Кыргыз тилиндеги ысымдар. – Фрунзе, 1971. –17-37 б.
12 Джанузаков Т.Дж. Основные проблемы ономастики казахского языка:
Автореф. дисс. доктора филол. наук. – Алма-Ата, 1976. –С. 15-24.
13 Саттаров Г. Ф. Некоторые вопросы татарской антропонимии.//
Вопросы истории философии и педогогики. – Казань, 1965, –вып. 1.
14 Гордлевский В.А. К личной ономастики у османцев. – изб. соч.
Москва, 1968. Т 4, –С. 131-136.
15 Гарипов Г.М. О древних кыпчакских именах в антропонимии башкир //
Ономастика Поволжья. – Уфа, 1973, –вып 3.
16 Валиханов Ч. Избранные произведения. – Алма-Ата, Т. 1, 1958. – С.17
17 Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, Ғылым,
1997. –282б.
18 Фон Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – Москва: 1985. С.349
19 Воробьев В. Лингвокультурология. Теория и методы. – Москва:РУДН,
1997. – С. 37.
20 Маслова В. Введение в лингвокультурологию. – Москва: Наследие,
1997. С. 8.
21 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени
аспектілері. – Алматы, Ғылым, 1998. –196 б.
22 Cалқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы, Қазақ университеті, 1999.
– 309 б.
23 Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени
мәселелері. – Алматы, Арыс, 1998. –215б.
24 Сейсенова А. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына
салстырмалы талдау. Филол. ғылым. дисс. Авторефераты. – Алматы, 1998. –22 б.
25 Снасапова Г. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени
бірліктер. Филол. ғылым. канд. дисс. – Алматы, 2003. –22 б.
26 Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен
міндеттері. // Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1988. –34б.
27 Фон Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию (перевод с немец.
языка). – Москва: 1984. –С. 10.
28 Азадовский М. История русской фольклористики 2-х томах – Москва:
Учпедгиз, 1963. Т 2 . –С.60.
29 Г.Б.Мадиева Теория и практика ономастики. – Алматы: Қазақ
университеті, 2003, – С. 28-29.
30 Энгельс Ф. Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы.
– Алматы, 1967. 47-49 б.
31 Мұхаммедова З.Б. Исследование по истории туркменского языка XI-
XIV вв. – Ашхабад, 1973. – С. 45
32 Бегметов Э. Антропонимика узбекского языка. – Ташкент, 1965 –С. 18.
33 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977 82 б.
34 Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы, 2002, 368 б.
35 Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. Алматы, – 1966.
36 Панзарбекова Р.Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің атауы. Филол.
ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 1998. –18 б.
37 Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на
материалах произведений М.Әуезова). – Алма-Ата: Наука, 1989. – 175 б.
38 Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988.
–140б.
39 Жубанов К. Исследования по казахскому языку. - Алма-Ата, 1966. 98 б
40 Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. –Алматы: Ғылым, 1996.
–126 б.
41 Олшанский И.Г., Кириллина А.В. Гендер: лингвистические аспекты.//
Филологические науки. 2000, №3. – С. 133
42 Абдрахманова Т.М. Қазақ, орыс, неміс тілдеріндегі лақап есімдерінің
ерекшелігі // Тілтаным, 2004, № 4, –129 б.
43 Митрошкина А.Э. Бурятская антропонимия. –Новосибирск. 1987, –С. 3.
44 Махпиров В.У. Имена далеких предков. – Алматы, 1997, – С. 302.
45 Т.Жанұзақ, Қ.Рысберген. Қазақ ономастикасы. Жетістіктері мен
болашағы. –Алматы, 2004. –43–44бб.
46 Толковый словарь русского языка //под ред. Д.И.Ушакова. Москва.,
ОГИЗ, 1935. т.1, С. 83, 164.
47 Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988.
–140б.
48 Кенжебаев Б. Бүркеншік аттар сыры. – Алматы, 1965. – 75 б.
49 Мурзаев Э.М. Тюрские географические названия. –Москва, 1996.С. 153
50 Рысбергенова К. Историко-лингвистический анализ топонимов.
Южного Казахстана. – Алматы:Гылым, 2000. – С. 58
51 Лотте Д.С. Изменение значений слов как средство образования научно
техничских терминов. //Известия АН ССР. Отдел технических наук. Москва, 1941. т.6 – С. 27
52 Шубов Л.И. Практическая транскрипция и эпонимические термины.
//Топонимика и транскрипция. – Москва, 1964. – С. 16
53 Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи–
лингвистикалық, этимологиялық және этномәдени негіздері. Док. дисс. Алматы, 2006. 63 б.
54 Маслова В.А. Лингвокультурология. Учебное пособие. Москва:
Искусство, 2001, С. 76.
55 Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). Москва,
РУДН, 1997. – С. 251
56 Снасапова Г. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени
бірліктер. Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 2003. –8-18 бб.
57 Е.А. Керімбаев Казахская ономастика в этнокультурном номинативном
и функциональном аспектах. – Алматы:Санат, 1995. – С. 28.
58 Махмұтова А. Эпиграфиялық мұраларды зерттеу тарихынан. Алматы,
1971. –34 б.
59 Суперанская А.В. Имя собственное – в языке или обществе. – Москва:
Наука., 1988. – С. 26-32.
60 Колшанский Г.В. Некоторые вопросы семантики языка в
гносеологическом аспекте. //Принципы и методы семантических исследований. – Москва:Наука, 1976. – С.81.
61 Юркенас Ю.К. Онимизация апеллятивов и развитие индоевропейских
антронимических систем. Автореф. дисс... д-ра филол. Наук. Москва, 1979. – С. 48
62 Жанузаков Т. Очерки казахской ономастики. –Алматы: Наука, 1987.
63 Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік
аспектілері. – Алматы:Арыс, 2006. – 81 б.
64 Досжанов Б.Ә. Қазақ тіліндегі көне түлғалы антропонимдер: филол.
ғыл. канд. дис. автореф. – Астана., 2001. – 24б.
65 Жанұзақов Т.Ж. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. –Алматы, 1965.
66 Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы: Ана тілі, 1991. –176 б.
67 Бөкейханов Ә. Қара қыпшақ Қобланды .// Қазақ 1915. –126-129 б.
68 Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы: Ана тілі, 1991. –240 б.
69 Қоңыратбай Т. Эпос пен этнос. Алматы:Ғылым, 2000. 43,45б,596 106
70 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –Алматы: Жазушы 1985, –368 б
71 М.Қашқари Түрік сөздігі 2-т –Алматы: Ханат 1997. –75 б
72 Қоңыратбаев Ә. Қазақтың лиро-эпосы Қазақ әдебиетінің тарихы.
Фольклор 1-т. Алматы: Қазақ ССР ҒА , 1948. –45 б
73 Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнегі. –Алматы: Ғылым, 1978, –175 б
74 Қоңыратбаев Ә. Құба сөзі-тарих көзі. –Ана тілі. 1992, 23сәуір (№16)
75 Ыбраев Ш. Қорқыт және шаманизм //Қорқыт Ата. Энциклопедиялық
жинақ. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –595 б
76 Иманбердиева С. Прецедентті атаулардың менсонимдерде қолданылуы
//Тілтаным, 2002. №2, – 90-94 б.
77 Әуезов М. Тарихи өлеңдер //Абылай хан. – Алматы, 1993. – 150 б.
78 Нұрмұханов А.Түркі фразеологиясы. –Алматы, Ғылым, 1998. –149- 151
79 Батырлар жыры. –Алматы: Жазушы, 1986. 1-т. –264 б
80 Қортабаева Г.Қ. Соматикаға қатысты сатиралық юморлық
поэтноимдердің тілдік табиғаты. Академик Ә.Т Қайдар және тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Дайк Пресс 2004. –36 б.
81 Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. І бөлім.
Алматы,1968. – 79 б.
82 Курышжанов А. Исследование по лексике «Тюрско-арабско
словаря» Алма-Ата: Наука, 1970. С. 76-223
83 Ағабекова Ж. Қазақ тілінде қалыптасқан араб текті кісі аттарының
этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 2005. –10-25 бб
84 Абду Салам Мухаммад Бадауи. Асмаул Хусна. Каир, 1998. 51 б.
85 Халифа Алтай. «Құран-Кәрім» қазақша баламасы. 59-сүре, 22-24
аяттар.
86 Мустафина Р.М. Представленя культуры, обряды у казахов. Алма-Ата:
Қазақ университеті, 1992. 176
87 Сманов Ұлыбек. Әуелі құдай, әруақ. Шымкент, 1997. 187 б.
88 Кармышева Ж. Земледельческая обрядность у казахов //Древние
обряды, верования и культы народов Средней Азии. –Москва:Наука, 1986. –С.47
89 Керімбаев А. Қазақ тіліндегі сакральді атаулардың
этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 2007. –34
90 Ыбраев Ш. Қорқыт және шаманизм //Қорқыт Ата. Энциклопедиялық
жинақ. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –595 б
91 Ғабитхан Қ. Наным-сенімге байланысты қазақ тілінде тұрақты
тіркестер. Алматы, 1995
92 Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1998. – 276 б.
93 Сулеменов О. Тюрки до истории (о происхождении
древнетюрских языков и писменностей) Алматы: Атамұра, 2002. –С. 24-31.
94 Тлепин Б. Мал шаруашылығына қатысты лексиканың
этнолингвистикалық табиғаты (қой-ешкі атаулары негізінде) Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 1997. –91-94бб.
95 Қобланды батыр. Қазақ халқының батырлық эпосы. –Алматы: Рауан.,
1958. –205
96 Бес ғасыр жырлайды. №1 т. Алматы:Жазушы, 1984. –254
97 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. Алматы. 1997. С.45
98 М.Қашқари Түрік сөздігі 2-т –Алматы: Ханат 1997. –75 б
99 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы:Ана тілі, 1998. –196
100 Тюркская ономастика. Алма-Ата:Наука, 1984. Баскаков Н.А.
«Имена половцев и названия половецких племен в русских летописях» –С. 75
101 Плетнева С.А. Половцы. –Москва:Наука, 1990 – С. 60
102 Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежересі хақында.
– Алматы:Атамұра, 2000. – 372 б.
103 Баскаков Н.А. Тюркизмы-энонимы в «Слове о полку Игореве».
Сов.тюркология. 1982 №5
104 А.Әбдірахманов Қазақстан этнотопонимикасы. –Алматы: Ғылым,
1979. 67-93 б.
105 Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – Москва:Наука 1967. – С.123
106 Панзарбеков Ө., Алтаев Б. Түрк және көк түрк. – Алматы:
Қазақпарат, 2000. 108 б.
107 Конов А.Н. Родословная туркмен. – Москва, 1958. – С.84
108 Қашқари М. Диван лугат түрк. Т.1 – Ташкент, 1960. – С. 456.
109 Бартольд В. Киргизы. 1934. – С.36
110 Востров В. Муканов М. Родо-племенной состав и расселение казахов.
Алма-Ата, 1968
111 Рашид-ад-дин. Сборник летописей, т-1, кн.1 С.126
112 Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в
Средней Азии в древние времена. Алматы, 1998. т-1. С. 30.
113 Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана.
Алматы:Ғылым, 1995.
114 Северотян Э.В. Этимологический словарь тюрских языков.
Москва: Наука, 1974. – С.364
115 Антропонимика. Сборник статей. – Москва., 1970. – С. 178
116 Кляшторный С.Г. Древнетюрские рунические памятники.
Москва, 1964. –С. 105.
117 Добродомов И.Г. О Половецких этнонимах в древнерусской
литературе. – В кн. тюркологический сборник. Москва, 1975.
118 Қашқари М. Диван лугат түрк. Т.1 – Ташкент, 1960. – С. 456.
119 Древнетюрский словарь. Лененград:Наука, 1969. С. 469
120 Гуейнзаде Ч.М Об этимологии некоторых древнетюрских
антропонимов, зафиксированных в арабских писменных памятниках среднивековья. – Алма-Ата:Ғылым, 1990 – 291 б.
121 Конкашпаев Г.К. Географические название монгольского
просхождения на территории Казахстана. //Изв.АН Каз ССр. Серия филология и искусствоведение. – Вып. №1. Алматы, 1959. – 304.
122 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ит түрк»). Алматы: Ана
тілі, 1993. 25-29б.
123 Қазақ Совет Энциклопедиясы. –Алматы, 1975. Т VI
124 Сыздыкова Р. Язык Жами-ат Тауарих Жалари. – Алма-Ата, 1989.
73 б.
125 Қазақстан тарихы том–1. Алматы:Атамұра, 1996. – 425–427 б.