Тұлға аралық ортақтасу түрлері
Жоспар
1 Тұлға аралық ортақтасу түрлері 3
1.1 Тұлға ұғымының педагогикалық-психологиялық негіздері 3
1.2 Тұлға дамуындағы әлеуметтік-экономикалық факторлар 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
1 Тұлға аралық ортақтасу түрлері
1.1 Тұлға ұғымының педагогикалық-психологиялық негіздері
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
А.Н. Леонтьевтің [6,Б.11] пікірі бойынша «Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттері мен рухани байлығын арттыра түседі» деп қарастырады.
1.2 Тұлға дамуындағы әлеуметтік-экономикалық факторлар
Даму процесі - адамның организміндегі сандық және сапалық өзгерісте болады. Мысалы, баланың әсерленуі, суреттеуі, ойлауы, сезуі ер жеткен адамнан басқа. Баланың бұл жан көріністерінің әрқайсысының жеке-жеке алғанда басқаша бұлардың бәрін тұтас алғанда да басқашалық бар.
Бірінші баланың барлық жан әсері бір-біріне берік байланған болады, бірімен-бірі бірге жүреді. Мысалы, баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі қайраты бәрі бірге іс қимылды, бұлар бір-бірімен күресе білмейді, бірін-бірі тізгіндей білмейді. Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты бәрі бірге жұмсалады. Балалық шақта алынған әсер ер жеткенде адамның ақылының, ой-пікірінің, мінезінің қандай дәрежеде болуына негіз болады. Балалықта жағымсыз әсер алса,қорлық, зомбылық жоқшылық көрсе, адамның күншілдігі, қызғаншақтығы, адам өмір бойы қасіретке бейім болуы осыдан.