«Helios» компаниясының тауарлық қорын есептеу және талдаудың АЖ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 ТОО «Helios» компаниясы 5
1.1 Жалпы сипаттамасы 5
1.1.1 ТОО «Helios» 5
1.1.2 Құрылымы 6
1.1.3 Филиалдары 7
1.1.2 Кәсіпорынның жауапкершілігі 9
1.2 Жалпы ережелер 10
1.3 Концептуалды схема 11
2 Кәсіпорын тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру 13
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері 13
2.1.1 Қаржылық есеп беру 14
2.1.1 Қаржылық есеп беру 14
2.1.3 Кәсіпорын жағдайын талдау 20
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттарының сипаттамасы 26
2.2.1 Кіріс ақпарат 26
2.2.2 Шығыс ақпарат 27
2.3 Ақпараттық база 27
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база 30
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база 32
2.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 33
2.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар 33
2.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 35
2.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 37
2.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 39
3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны пайдалану саласының мүмкіндіктері 41
3.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау 41
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі 46
Қолданылған әдебиеттер 47
Кіріспе
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
1 ТОО «Helios» компаниясы
1.1 Жалпы сипаттамасы
1.1.1 ТОО «Helios»
ТОО «Helios» компаниясының 1999 жылы құрылды. Бұл компания мұнай өнімдерін сатумен айналысады. ТОО «Helios» компаниясы Павлодар мұнайхимиялық зауытының (ПМХЗ) ресми операторы болып саналады. Бүгінгі күде ПМХЗ Қазақстанның ең қуатты зауыты болып саналады, зауыттың жылдық өндіргіш күші жеті миллион тоннағат тең. Сол себептен компания өнімдерінің жоғары сапалығын түсіндіруге болады. Компания зауытпен тікелей жұмыс істейді, сондықтан өнім сапасына күмән келтіруге болмайды.
1.1.2 Кәсіпорынның жауапкершілігі
Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлікке жауап береді.
Кәсіпорынның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Мемлекет Уәкілетті органның немесе Мемлекеттік басқару органының іс-әрекеттерінен болған банкроттық жағдайын қоспағанда, Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
1.2 Жалпы ережелер
1. Корпоративтік есептеу желілер басқармаларының қызметтері мен мүмкіндіктері.
Осы ереже ТОО «Helios» компаниясының есептеу желілер администраторларының ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты олардың құқығы, міндеттері және жауапкершіліктерін белгілейді.
1.3 Концептуалды схема
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
2 Кәсіпорын тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері
Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып ол есепті жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері мен формаларының дамуы ғылыми-техникалық прогресс, әртүрлі техникалық құралдардың көмегі арқылы ақпараттың жиналуы, өңделуі мен жіберілуінің әдістер мен тәсілдерін, заңдарын зерттейтін информатиканың одан әрі дамуы негізінде жүріп жатыр.
2.1.1 Қаржылық есеп беру
Белгілі бір кәсіпорынның тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен, құқықтық-ұйымдастырушылық формасымен, шаруашылық қызметтің диверсификациясының көлемі мен дәрежесіне және тағы басқа жағдайлармен байланысты.
2.1.2 Ақша ағымы туралы есеп беру
Ақша туралы есеп беру бухгалтерлік есеп берулер қатарына 1995ж енгізілген болатын. Сонымен еліміздегі есеп беруді есеп берудің халықаралық стандарттарына жақындатуға бағытталған қадам жасалды. Жаңа есеп беруде берілетін ақпарат қолданушы үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтауда кеңірек мүмкіндіктер ашты. Ақша ағым көрсеткіштерін қолдану аймағы кәсіпорынды басқарудағы көптеген сұрақтарды қамтиды. Сондықтан халықаралық практикадағы басқарушылардың қолданатын ақша құралдар ағымдарының көрсеткіштерінің есептелу ерекшеліктерімен танысқан жөн.
Ақша құралдарының ағымы туралы есеп беру кәсіпорынның ақша құралдарының ағымы және де кәсіпорынның ақша құраларын өзгерістерге ұшыратқан басқа да оқиғалар резюмесін бейнелейді. Ақша құралдарының ағымы туралы есеп беру мәліметтерді баланспен қатар пайда мен шығын туралы есеп беруден алады және ол ақшаны қалай тапқанын мен орналастырғанын бейнелейді.
2.1.3 Кәсіпорын жағдайын талдау
Кәсіпорынның жағдайын талдау үшін бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұл көрсеткіштер осы бухгалтерлік мәліметтер мен басқа да статистикалық мәліметтер негізінде құралады. Осы көрсеткіштердің бағалығы бастапқы мәліметтердің шынайылығымен анықталады./22,367-бет/
Кәсіпорын басқарушылары кәсіпорынның ағымды және стратегиялық мүмкіншіліктерін жоғары дәрежеде дәл анықтай алатындай көрсеткіштер жүйесін таңдап алу керек.
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттарының сипаттамасы
2.2.1 Кіріс ақпарат
Кәсіпорын өндірілген өнімдерді келісім шарттармен жүзеге асырады. Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп бөлімінде жарлық бойынша қоймадан алынған өнімнің бухгалтерлік есеп бөлімінен есеп айырысу құжаты беріледі.
Ақпарат тізімді есеп-шот фактурасы, бұйрық, көшірмелер бекітіледі.
Қазақстан Республика президентінің бұйрығы бойынша салық төлеуші міндетті түрде тиелген өнімді және сол өнімнің сатылғаны туралы есеп-шот арқылы тіркеуден өткізуі қажет.
2.2.2 Шығыс ақпарат
Жоғарыда айтылған құжаттар бойынша өнімнің түсіні және есеп-қисап туралы ақпараттық тізімі болады. Баланс үшін ең бастысы айналым ведомості болып табылады.
Ақпараттық тізімде ең негізгі болып айдың басындағы және соңындағы жіберілген өнімнің өзіндік құны саналады. Басты сальдо және соңғы сальдо.
Накладная – бұл құжат арқылы өндірілген өнім бір адамнан екінші адамға беріледі. Берілетін тауардың анықтама құжаты бір адамнан алынып екінші адамға жазылып берілетін 2 данадан тұратын құжат. Ол құжатта қол қойылады және мөр басылады. Бір данасы тауарды беретін адамда қалады, ал екінші данасы затты алушы адамда қалады.
2.3 Ақпараттық база
Ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.Машинадан тыс ақпарат базасы – АЖ-ні жұмыс істетуде құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады.
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база
Машинадан тыс ақпараттық база – адамның есептеу техникасы құралдарын қолданбай қабылдайтын, АЖ функциялау үшін қолданатын мәліметтер жиынын ұсынатын ақпараттық базаның бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық классификация мен кодтау жүйесінен, нормативті анықтамалық құжаттан және жедел ақпараттан тұрады [В.В. Дик. Экономикадағы ақпараттық жүйелер].
Классификация мен кодтауды анықтау жүйесі ақпараттық есептеуіш жүйесінің жадысында мәліметтерді сипаттау, тиімді іздеу және идентификациялау үшін қолданылады.
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база
Ішкі машиналық ақпараттық база – белгілі бір белгілер бойынша бапталған машиналық тасығыш жүйесінің (қатты магниттік диск, дискета, магниттік карта, т.б.) АЖ-да қолданылатын мәліметтер жиынтығын сипаттайтын ақпараттық база бөлігі [В.В. Дик Экономикадағы ақпараттық жүйелер].
2.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
2.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
2.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
2.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
Тестілеу нәтижесінде жүйе дұрыс нәтижені көрсетті деп айтуға болады. ЭЕМ құжаттары негізінде ақпаратты енгізудің басты талаптары, онымен жұмыс істеуі, керекті мәліметтер базаларының құрылымын өңдеуі, құжаттарды экранда көру, ақпаратты ЭЕМ енгізу және оны редакторлеу анықталған. Функционалды немесе қамтамасыз етуші бөлімдерде жетіспеушіліктер анықталмаған.
Қолданылған әдебиеттер
1. К.Нәрібаев,С.Жұмамбаев. Менеджмент Алматы1998ж.
2. Вейл П. Искусство менеджмента Москва 1993г.
3. Тоқсейітов Р.Қ. Экономикалық сөздік-анықтамалық Болашақ 1999ж.
4. Қ.Р Азаматтық кодексі 75-бап. Алматы 2000ж
5. Мескон М.Х. Основы менеджмента Москва 1992г.
6. Андросов А.М. Бухгалтерскмй учет Москва 1996г.
7. Андреев В.Д. Практический аудит Москва1994г.
8. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности
9. и аудит Москва 1994г.
Хорнгрен Ч.Т. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. Москва 2000г.