АҚШ пен Жапонияның экономикасы және экономикалық ынтымақтастығы
Мазмұны
Кіріспе 3
І-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары 5
1.1 АҚШ пен Жапонияның тарихы және саясаты 5
1.2 Америка – Жапон шарттары 26
1.3 АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастары 29
ІІ-тарау. АҚШ пен Жапонияның экономикасы және экономикалық ынтымақтастығы 38
2.1 Америка мен Жапонияның экономикасы 38
2.2 АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарым-қатынастары 71
2.3 АҚШ – тың Жапония экономикасына тікелей инвестициялары 75
Қолданылған әдебиеттер 77
Кіріспе
Қазіргі кезде барлық мемлекеттер ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастарын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге өркениетті елдер арасындағы халықаралық қарым-қатынастар да қарқынды түрде дамып жатыр. Америка мен Жапонияның арасындағы халықаралық қарым-қатынастар соның айғағы. Америка мен Жапонияның дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары күннен-күнге нығая түсуде. Жапония Американың ең негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.
Америка мен Жапония ынтымақтастығы - әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады. Америка мен Жапонияның арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары сан алуан.
І-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
1.1 АҚШ пен Жапонияның тарихы және саясаты
Тарихы. Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. X ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін (1492-1503) 16 ғ-да Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғ-дың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғ-дың басында Америкада ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларында нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық дамыды және біртұтас Солтүстік америкалық ұлт қалыптасты. Алайда бұл жерлерде экономиканың жедел дамуына ағылшын отаршыларының саясаты кедергі келтірді. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775-83). 1776 ж. 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты.
1.3 АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастары
АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастарында көптеген күрделі кезеңдер болған. Қазіргі кезде АҚШ пен Жапонияның қарым-қатынастары дұрыс жолға қойылып, ынтымақтастық орнаған.
Жапонияда фашистік бүлік басылғаннан кейін экономиканың милитаризациялануы жалғаса берді. Жапонияның Қытаймен соғыс бастауы 1937 жылы, бір жылдан кейін Кеңес одағына әскерлерімен Хасан деген жерде кездесті. Одан кейін Монғолияға қарсы соғысты. Сонымен Жапония екінші дүниежүзілік соғыста белсенді рөл атқарғанмен, өзінің империалистік жоспарларын орындай алған жоқ. АҚШ және Кеңес одағының әскерлері 1945 жылы Жапонияны капитуляцияға әкеліп, тізе бүктірді.
ІІ-тарау. АҚШ пен Жапонияның экономикасы және экономикалық ынтымақтастығы
2.1 Америка мен Жапонияның экономикасы
АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Оның Дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 1995 ж. 21,8%, яғни бүкіл Батыс Еуропа елдері (21 мемлекет) көрсеткішінің қосындысынан сәл ғана кем болды (23,1%). Осындай зор экономикалық-әлеуметтік артықшылықтар қазіргі заманғы озық бағдарламаларды (ғарышты зерттеу, компьютерлік техника және т.б.) дамытуға кең мүмкіндіктер туғызып, АҚШ-ты дүние жүзіндегі алғы шепке шығарып отыр. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.
2.2 АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарым-қатынастары
Әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың екінші жартысындағы ерекшеліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке фирмалар мен ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей түседі. Бұл үдерістер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылықтық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып жақындасуынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың дамуы мен нығаюынан көрінеді.
Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу қарама-қарсы диалектикалық сипатқа ие. Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәуелсіздікке, ұлттық шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың интернационалдануына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне алып келеді.