Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Байжігіт күйші

Байжігіт(XVI-XVII ғғ.) қазақтың күй өнеріне ұлттық әуез даратуға ұйтқы болған, сөйтіп осынау қанатты өнердің төлтума тұлғасын біржолата орнықтыруға ықпал ете білген санаулы саңлақ күшілердің бірі.
Ұлттық төлтума (самобытный) өнері ешқашан сол ұлттық дара этникалық болмысын бұрын қалыптаспайды. Төлтума өнерді ұлттық тарихи қалыптасу үрдісінен арғы кезеңнен іздеу, бейнелеп айтқанда, әкесінен бұрын баласы туады дегендей әбестік. Сонымен бірге, ұлт та, оның рухани болмысы да бір күнде, бір жылда, тіптен бір ұрпақ өмірінің аясында қалыптасып үлгермейді. Этностың тек-тамыры әлденеше ғасырларды көктей өтіп, тарихтың шыңырау құрсағынан нобай танытады. Сол этникалық нобай мен этникалық төлтұмалықтың арасында кейде ондаған ғасырлар кесіліп жатады.

Этнос өзінің рухани даралығын орнықтырған сайын тарихи тұлғалардың да бірнеше ұлтқа ортақтастығы сирей ббереді. Мәселен,соңғы ғасырларға ой жіберсек, қазақ пен қарақалпаққа ортақ Асанқайғыны және қазақ, башқұрт, татар ұлттарына ортақ Ақмолда ақынды еске алуға болады. Демек, этникалық даралық міндетті түрде рухани даралық шендес орнығады деп тұжырым жасауға болады.
Міне, бұл ойдың орайында, Байжігіт күйшіні қазақтың ұлттық музыкалық тілінің орнығуына ықпал етушілердің біреуі деуімізде, осындай тарихи қисын бар. Байжігіттен бері қарайғы күй мұрасы көршілес ұлттармен ортақтаспайды десе де болады. Яғни XVI ғасырдан бері қарай күй өз алдына ұлттық музыкалық дербес жанр ретінде біржола орнықты деп айта аламыз.Тек күй емес, ұлт дара этникалық тұлға танытқансоң, оның басқа да рухани өрістері төлтума қасиетімен жарқырап көріне бастайды. Мұның тамаша мысалдары, әсіресе, ақын-жыраулардың шығармашылығына, әндерден, қол өнерінен , өнер деңгейіндегі салт-дәстүрден айқын аңғарылады. Ұрпақтардың ғұмыр жолын бармақ бүгіп санап отыратын шежірешілердің айтуы бойынша Байжігіт 1489 жылы Өр Алтайда дүниеге келген. Шежіре жөнімен тартсақ, қазақтың Орта жүзі-Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ болып алты арыс елді құрағанда, Соның Керейінен-Абақ және соның бір атасы Жастабан ұрпақтарынан күйші Бажігіт туады. Ата санын қуып келгенде Байжігіттің өмір сүрген заманы XVI-XVII Ғасырға сәйкес келеді.

Міне, Байжігіт күйшінің дүниеге келген кезі ел-жұрттың жаңа қонысқа ірге бекітке қоймаған шағы болса керек. Бес жасында ата-анадан тұлдыр жетім қалған Байжігіт өмірдің қиындығын белшесінен кеше жүріп, халық басындағы ауыртпалықты көкірегіне тоқып өседі. Бұл жолды жұбаныш тауып, шер тарқатары да, халық қасіретіне араша түсері де домбырасы болғанға ұқсайды. Байжігіт өмірдің кез келген құбылысын күй тіліне түсіре алған. Ол өзінің қуаныш-қайғысын, арман-мұңын күй тілінде жеткізіп отырған.

Әсіресе, Байжігіттің «Қайың сауған» сияқты дау-дамайы жоқ төл күйі өзнің барша аңыз-әңгімесімен сол тарихи кезеңімен белгілі оқиғаларымен үндес.