Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жоспары
1 Өмір жолы мен шығармашылығы 3
2 «Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық» 7
3 «Еңлік-Кебек» дастаны 13
4 Шәкәрім сазгер 19
Қолданылған әдебиеттер 21
1 Өмір жолы мен шығармашылығы
Абай дәстүрін жалғастырушы қазақ халқының аса көрнекті ақыны, ойшыл ғалымы Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 24 шілдеде бұрынғы Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысының Кеңбұлақ деген жерінде дүниеге қелді. Әкесі Құдайберді Құнанбай баласы, ұлы ақын Абайдың ағасы, шешесі Қаракесек руынан шыққан Алдаберген есімді кісінің қызы.
Шәкірімнің ойшыл, суреткер, ақын ретінде қалыптасуына біріншіден, қазақтың ежелден келе жатқан аса бай ауыз әдебиеті мұрасы өз ықпалын тигізгенін көреміз.
Шығыс ақындарының әр түрлі үлгіде дамытқан мысал жанрын ақын жақсы игере білді. Мысалы: "Бояушы суыр", "Ақылшы торғай", "Епті тышқан" т.б. мысалдар арқылы адам бойындағы келеңсіз жайттарды көркемдеп суреттей отырып адал еңбекті, адамгершілікті, әділдікті насихаттады. Мысалы: өзінің жан дүниесіне әсер еткен жайларды, қуаныш, сүйініш сәттерін, заман туралы ой-толғаныстарын өлең жолдарына түсіреді. Шәкәрім сомдаған кейіпкер мен фольклорлық кейіпкерлер арасында ұқсастық, көрінгенімен, әр сөзі өз орнын тауып жаңа бір қырынан сыр шертеді.
Шәкәрім өзі өмір сүрген кездің, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өсу дәрежесін, кемшіліктерін т.б. жан-жақты саралап жете түсіне білген. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген.
2 «Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық»
"Жастарға" атты өлеңінде ағартушылық көзқарасы толық көрінеді. Данышпан, ойшыл ақын, парасатты, әділ жан ұлы Абайды жастарға үлгі тұтуы тектен-тек емес, үлкен білімпаздығын танытып толықтыра түседі. Жастарды білім жолындағы шамшырақ Абайдан ақыл – үйренуге шақырады. Мысалы:
3 «Еңлік-Кебек» дастаны
Шәкәрімнің эпикалық жанрында жазған көлемді шығармаларының бірі -"Еңлік-Кебек" дастаны. Ұлы Абай кезінде жастарға қамқорлық жасап, өзінің жолын қуған шәкірттерін айналасына жинап, нақты тақырыптар ұсынып, үнемі бағыт-бағдар беріп, тақырыптар ұсынып, отырған. Еңлік-Кебек поэмасына арқау болған – ел ішінде болған оқиға желісі. Абайдың баласы Мағауия да Еңлік-Кебек дастанын жазған. Абай өзінің шәкірттерінің талантын, жазу шеберлігін ой-өрісін салыстыра отырып бағалағанын байқаймыз.
Аруды құлай сүйген батырдың шынайы махаббатына еш нәрсе бөгет болмайды. Бір-біріне ғашық болған екі жас қашып тауға тығылады. Қыздың қайын-жұрты, бұл іске шыдамай екі ел арасында үлкен дау басталады. Мыс:
Біржолата кім тұрар бұл дүниеде,
Өлім көрмей қоя ма туған пенде,
Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше
Еңлік үшін өлгеннің қапысы не... –
Әдет-ғұрып, заңды аттап өтуге Еңліктің атастырған адамының тең еместігі бірден-бір себеп болғанын ақын дәлелді суреттейді. Оның кім көрінгенмен ойнап күлетін әдепсіз еместігіне көз жеткізе отырып, қыздың көркіне ақылына сай, талғампаз, тәкәппар жан екенін аңғартады. Ол өзінің жүрек қалауына жүгінеді, теңім деп Кебектей батырды таңдайды, жан сырын жасырмай айтады. Қандай қиыншылық болса шыдайтынын, төзімділігін танытады. Оқиға барысында, тартыс үстінде Еңліктің бейнесі жарқырай түседі.
4 Шәкәрім сазгер
Шәкәрім Құдайбердиев – әдеби мұраларынан басқа артына көптеген әндер қалдырған композитор. Баласы Ахат Құдайбердиев әкесінің он төрт әнін 1966 магнитофон лентасына жаздырады.Шәкәрім әндерінің мән-мағынасы терең, формасы өзгеше, өлең-құрылысы күрделі болып келеді. Этнограф Садық Қасиманов өз естелігінде: "Мені аса таң қалдырған нәрсе Шәкәрімнің өлеңі мен өлеңдеріне шығарған өз әндері болатын. Ол кезде Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа білмейтін адамдар тобықты елінде кемде-кем. Шәкәрім әндерін тамаша орындаушылар Әбдіғали Алдажаров, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағүлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды.
Семей қаласында сол кезде жиі болып тұрған концерттерде Меңдібай Шадиев ұйымдастырған ішекті аспаптар оркестрінің репертуарында Шәкәрімнің "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек", "Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән" әндері ойналған. Шәкәрім әндері қазақ совет композиторларының шығармаларына да арқау болды. А.Жұбановтың "Абай" сютасының бірінші бөлімінде, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операсындағы Айдардың ариясы, Айдар мен Ажардың дуэтіне композитордың шығармалары пайдаланылды. Ақын поэмаларының сюжеті қазақ ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алған.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар /Құраст.: М.Мағауин. - Алматы: Жалын, 1988. 256 б.
2. Құдайбердұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар /Құраст.: Х.Сүйіншалиев.- Алматы: Рауан, 1990. 208 б. - (Мектеп кітапханасы)
3. Айтбаева А. Шәкерiм Құдайбердiұлының дiни-этикалық көзқарасы: Автореферат / Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi.- Алматы, 1996.- 26б.
4. Әбдiғазиев Б. Асыл арна: (Абай дәстүрi жәнеШәкәрiм).- Алматы: Қазақ университетi, 1992.- 128б.
5. Жолдасбекұлы М. ж.б. Елтұтқа: Ел тарихының әйгiлi тұлғалары / Жолдасбекұлы М., Салғараұлы І., Сейдiмбек А. - Астана: KUL TEGIN, 2001.- 356 б.
6. Қайта оралған қаламгерлер: Библиографиялық көрсеткiш.- Алматы, 1994.- 145б.
7. Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлерi.- Алматы: Атамұра, 1995.- 208б.
8. Оразбек М. Ақындық тұлға табиғаты ( Шәкәрiм, Мағжан, Сұлтанмахмұт ): Зерттеу.- Астана: Фолиант, 2002.- 152 б -(Отырар кiтапханасы)
9. Сейткемелов Х. Шұбырынды қанды босқын.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 80 б.
10. Тiлеуханова А.Т. Шәкәрiм шығармаларындағы шеберлiк пен таным бiрлiгi: Автореферат Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ.- Алматы, 1995.- 25б.