Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 58 стр.

Год: 2006

Полный просмотр работы

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық - құқықтық нысандары


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
Ι КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ 6
1.1 Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде 6
1.2 ҚР ұдайы өндірістік құрылымдарда кәсіпкерліктің корпоративтік және ұсақ формаларын дамыту проблемалары 14
1.3 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері 38
1.4 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөніндегі мемлекет саясаты 41
ΙΙ «ТУРАН ӘЛЕМ БАНК» ААҚ 48
2.1 «Туран Алем Банк» ААҚ жалпы сипаттама 48
2.2 «Туран Алем банк» ААҚ-тың ЖАҚ-тан ААҚ-ға көшуі 54
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, орта қолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологиясы жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теориясы болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты.
Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім.

Ι КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

1.1 Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде

Фирма - кез-келген шаруашылық кәсіпорынға қатынасы бар ортақ атау. Бұл ұғым тек кәсіпорындарда заңды тұлға құқығы бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, фирма - бұл өнеркәсіптік, инновациялық, сервистік, саудалық кәсіпорын немесе заңды тұлға құқығынан қолданатын бизнесмен. Фирманың өзінің фирмалық белгісі мен атауы болады. Олар жалғыз («Мариар» маркетингтік фирмасы) .аралас («Стерлинев және КО» фирмасы ).
Фирманың атауы «Фирма» ұғымы тәрізді кәсіпорынның ұйымдық - құқығының мәртебесін бейнелейді, керісінше бұл мәртебе сізді өзіндік кәсіпорынды ұйымдастыруда әріптеспен сөйлесу кезінде қызықтыруы мүмкін.
Тура осы сипаттама әріптеске де қатысты. Компания мұнда кез келген сауда, өндіріс, транспорттық т.б. іскер адамдардың жиналған тобына беретін кез келген кәсіпорын. Олардың ерекшелігі біріккен іс әрекет атқаруы. Бұл екі ұғымның арасындағы ерекшелік жеке дара меншік өзінің кәсіпорнының фирмасы деп атауға болады. Ал кәсіпорында бірнеше иегерлер «КО» атауы кәсіпорынға заңды тұлға деген мәртебе бере алмайды. «Кәсіпорын» терминінің бірнеше түсініктері кездеседі.

1.2 ҚР ұдайы өндірістік құрылымдарда кәсіпкерліктің корпоративтік және ұсақ формаларын дамыту проблемалары

Кеңес Одағы кезеңіндегі еңбек бөлінісінің ерекшелігі негізінде анықталған Қазақстандағы кәсіпкерліктің нысандары үшін нақты мүмкіндіктер мен түрлі жолдар ашылған еді. Мамандандыру кезеңінде жағдайында Қазақстан машина жасауда, металл өңдеуде, химиялық және мұнайхимиялық кешенде, газ өндіру салаларында Одақ бойынша алдыңғы қатарда болды. Өндірістік қорлар тікелей және көлденең интеграциясы бар ірі формаларды құру мақсатында материалды - заттық базасын аяғына тұрғызды. Бұл ірі тресттер мен концерндердің құрылуына жол ашып, ірі бизнестің құрылу ерекшелігі мен әртүрлі салалы формалардың дамуына әсерін тигізді.
Осыған байланысты ірі бизнестің ұйымдасқан құрылымы мынадай жағдайда қайта бағытталады, яғни мемлекеттік секторда шоғырланған бір салалы өндіріс Республиканың мемлекеттік кәсіпорындарда да көрініс тапса, ал көп салалы кәсіпкерлік тек мемлекеттік емес корпорацияларда байқалады. Олардың алғашқы базасы холдингтердің қалыптасуы болып саналады.

1.3 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері

Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын дәреже деңгейің тапқаны бүгінде баршаға мәлім Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің бірден - бір жолы мемлекет құрылымдағы әр түрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тай таласа және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылады. Демек бұл кәсіпкерлік құрылымдарын материалдық базасы жеке меншік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандай болмасын мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық емес құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған деп айта аламыз.

1.4 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөніндегі мемлекет саясаты

Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға қарағанда басым көпшілігі екені белгілі. Кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдар құқықтық нысандарының белгіленуі арқылы белгілі бір заңды тұлғаға айналады. Ұйымның құқықтық жағдайы кәсіпкерлік аясындағы экономикалық функцияны жүзеге асыруына заңды жағдай туғызады. Ең бастысы ұйымның азаматтық құқық субъектісі болуы қажет, ал азаматтық құқық субъектілікке тек заңды тұлға ғана ие болады.
Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның мына төмендегідей ұғымы берілген «меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтыр мен міндеттемелерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп табылады».
Осыған орай әрбір заңды тұлғаның өзіне тән дербес балансы немесе сметасы болады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін заңда өзгеше айтылмаса жарғы не құрылтай шартымен жарғысы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Егеменді елімізде жүзеге асырылып жатқан түбегейлі экономикалық түрлендірулерді және құқықтық реформа барысында қол жеткізген табыстарымызды есепке ала отырып кәсіпкерлігі дамыту, кәсіпкерлік құқықты қалыптастыру, кәсіпкерлік қатынастарды қуықтық реттеу кезінде нарықтық экономикасы дамыған елдердің осы өзекті мәселелері бойынша жинақталған тәжірибесіне, ғылыми жетістіктеріне сүйенуіміз қажет деп ойлаймын.
Айта кету қажет, қазіргі кезде кәсіпкерліктің әлсіз жағына мыналарды жатқызуға болады: