Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 2010 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Кәсіпкерлік қызметтегі лизинг операцияларын дамыту жолдары


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Лизингтің теориялық негіздері 5
1.1 Лизинг түсінігінің мәні мен маңызы 5
1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері 7
1.3 Лизингтің субьектілер үшін артықшылықтары мен кемшіліктері 11
1.4 Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарды нормативтік–құқықтық реттеу 13
2 «Алекс» ЖШС –ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау 17
2.1 Қазақстандағы лизинг дамуының қазіргі жағдайына талдау 17
3 Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары 34
3.1 Лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар 34
Қорытынды 38
Пайдаланған әдебиет көздері 42

Кіріспе
Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселелердің бірі қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда – лизинг.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық стратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады.

1 Лизингтің теориялық негіздері

1.1 Лизинг түсінігінің мәні мен маңызы

«Лизинг» түсінігі шет ел және отандық әдебиеттерде де кәсіпкерлік қызмет тәжрибесінде де кең қолданылады . Лизинг мәнін дұрыс түсінбеудің арқасында және әр түрлі көз қарастар мен тұжырымдар лизингтік қатынас жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Лизингтің қаржы-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Жобамен қазіргі экономикалық, қаржылық әдебиеттерде 100-ден астам анықтамалары бар. Ол анықтамаларды талдай отырып, біз лизингті тар және кең мағынада түсіндіре аламыз, келесі белгілеріне сүйеніп: лизинг келісім шарттарының экономикалық-құқықтық мазмұны, келісім мерзімі, лизинг келісімінің обькетілер шеңбері, келісім шартқа қатысушылардың саны мен құрамы.

1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері

Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шет елдік тәжрибе мен теорияда айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. Лизинг түрлерін көрсеткенде оның жіктелу белгілеріне сүйенеміз.
Жіктемелік белгілеріне жататындар:
6 келісімге қатысушылар құрамы
7 лизингке берілетін мүлік түрі
8 оның өтімділік деңгейі
9 амортизация жағдайы
10 қызмет көрсету көлемі
11 операция өтететін нарық секторы
12 салықтық және амортизациялық жеңілдік қатынасы
13 лизингтік төлемдер сипаты
Қазақстан заңдық актілеріне сәйкес лизингтің негізгі екі түрі көрсетілген: ішкі және халықаралық.

1.3 Лизингтің субьектілер үшін артықшылықтары мен кемшіліктері

Лизинг - барлық лизингтік қатынасқа қатысушыларға өзекті мәселе, яғни олар: құрал жабдықты алушы, инвестор, лизингтік компания, мемлекетке( экономиканың басымды саласына инвестиция салу мәселесі бойынша) және банкке (лизинг нәтижесінде ұзақ мерзімді, тұрақты кіріс алу мәселесі бойынша).
Лизинг артықшылықтары негізінен қазіргі елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты маңыздылығы келесі мәселелерде айқындалады:

1.4 Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарды нормативтік–құқықтық реттеу

Лизинг пайдаланудың тиімділігінде оның нормативтік – құқықтық базасы айтарлықтай роль ойнайды, яғни олар: лизинг механизмі, бухгалтерлік есеп жүйесі, салықтық жеңілдіктер деңгейі .
ҚР лизингтік қатынастарды реттеудің нормативтік – құқықтық базасы келесілерді қамтиды:

2.2 «Алекс» ЖШС-ң экономикалық қуатын талдау
.
Алекс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінен минералды табиғи экологиялық таза су шығарумен айналысады. Шығарған өнімдері көптеген халықаралық сертификаттарға ие.

3 Кәсіпорынның қызметін дамытуда лизингтік жүйені пайдалануды жетілдіру жолдары

3.1 Лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар

Жасыратыны жоқ, әсіресе ауылдағы ағайынның шаруаны өрге бастыра алмай, «Былай тартсаң арба сынып, былай тартсаң - өгіз өліп» дегендей, дінкесі құрығанына да біраз уақыт болды. Нарық қыспағына тіркелген шаруа қожалықтардың күні сонау кеңес заманынан мұраға қалған жамау–жасқаулы ескі тракторлар мен комбайындарға қарап қалды. Бірқатар шаруалардың тек айыр мен күрекке сүйеніп қалғандары да бар. Ал, жаңасын сатып алуға кедейшілік шаужайдан тартып, қия бастырмайды. Банктен несие алайын десе, кепілге қояр жөні түзу мүлкі жоқ.
Бұл тек ауыл шаруашылығы құрылымдарының басындағы ғана жағдай емес. Жалпы алғанда, республикадағы өндіріс орындарының орта есеппен алғанда 60-80 % негізгі қорлары азып тозып кетті.

Қорытынды

Сонымен, лизингтік қызмет нарығы, лизингтік қатынастар жағдайын зерттеп, талдау жасау арқылы біз лизингтің еліміздегі кәсіпкерлік қызмет саласын, жалпы ел экономиканы дамытуда ерекше маңыздылығына көз жеткіздік. Әлемдік тәжрибеге сүйене отырып, лизингтің жалпы қаржылық қатынастардағы үлесінің басымдылығын көруімізге болады, ал ол лизингтің жоғары тиімді және икемді қатынас екендігіне айқын дәлел. Сондықтан, еліміздегі лизингтік қатынастардың дамуына қолайлы жағдай жасауымыз керек. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 5 лизингтік компания жұмыс жасады. Олардың жасаған лизингтік операциялар көлемі де шамалы болды.