Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы


Мазмұны
Кіріспе 3
I. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі 4
1.1 Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы 4
II. Бағалы қағаздар нарығының реттеу және оның қатысушылары 8
2.1 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу. 8
2.2 Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттейтін ұйым 11
2.3 Қор биржасы 14
2.4 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары 16
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер 23

Кіріспе

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

I. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі

1.1 Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы

Алғашқы бағалы қағаздар нарығы 20 жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болған. Ал қазіргі кезде Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгертуге тек оны жеке меншіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жеке меншіктендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жеке меншіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жеке меншіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.

II. Бағалы қағаздар нарығының реттеу және оның қатысушылары

2.1 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсат – бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңда мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жеке меншіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең негізгісі – Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21-дегі Республика Президентінің «Бағала қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттілігі бекітілді.
Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдары мен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасымен оның мүшелерін Премьер-министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты құрылған.
Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттейтін жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жеткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құралдары аз. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын ала дайындалған концепцияға жүгінгені дұрыс.
Дүниежүзілік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

2.2 Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттейтін ұйым

Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттейтін ұйым – бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсаттарымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ ҚР-ның бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

2.3 Қор биржасы

Оның ең бір дамыған формасы – қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады.
Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс рыногтың баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздар мен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.

2.4 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары

Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін психологиялық дайындықтары болуы шарт. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандарының тәжірибесінің маңызы мен олардың сезімталдығын да бағалауға болмайды.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:

Қорытынды

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасу жобасында жекешелендіру жүргізуде шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары пайда болады. Оларға: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және жеке меншік компаниялар шеңбері едәуір кеңейді.