Міндеттемелік құқық
Жоспар
Кіріспе 3
1 Міндеттеменің пайда болуымен негіздері мен түрлері 6
2 Шарттық және шартсыз міндеттемелер 7
3 Үшінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелер, регрестік міндеттемелер 7
4 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету 9
5 Міндеттемені тоқтату 10
6 Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы. Несие беруші жақтан тараптың ауысуының құқықтық ерекшеліктері 13
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Міндеттеме ұғымы. Міндеттеме дегеніміз не біз ол терминге қалай жауап айта аламыз. Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-ші бабында: “Міндеттемеге сәйкес бір адам (яғни борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмысты орындау ақша төлеу және тағы басқа сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті ”-, деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал талап ету мен міндеттеме – несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақтық құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда – талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда – міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
1 Міндеттеменің пайда болуымен негіздері мен түрлері
Өзгеде құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болуы болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негіздерден көрінеді, мұның Азаматтық кодекстің 7-бабында көрініс табады. Азаматтық кодекстің бабы осы кодекстің 7- бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттеменің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзгеде де негіздерден пайда болады.
Азаматтық кодекстің 7- бабы әртүрлі құқықтық қатынастардың мүмкін болуы негіздерін келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.
3 Үшінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелер, регрестік міндеттемелер
Үшінші жақтың қатысуымен болатын міндеттемелер Азаматтық кодекстің 276-ші бабында толықтай баяндалады. Ендігі кезекте соларға тоқталып кетейік.
1. Егер заңда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені толықтай орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін.
2. Егер заңдарда, міндеттеме шарттарынан немесе оның мәнінен борышқордың міндеттемені жеке өзі орындау міндеті туындамаса, несие беруші борышқор үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті.
3. Несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алу салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығын ( пайдалану, иелену, кепілге салу құқығы және басқа құқықтары ) айрылу қаупі төнген үшінші жақ несие берушінің талабын борышқордың келісімінсіз өз есебінен қанағаттандыра алады. Бұл ретте міндеттеме бойынша несие берушінің құқығы үшінші жаққа көшеді және осы Кодекстің талапқа көну туралы ережелері қолданылады.
4 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау орын алатыны тағы анық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын шараларды көздейді.
5 Міндеттемені тоқтату
Міндеттеме өзінің құрамына кіретін құқықтар мен міндеттер толық жүзеге асқан сәттен бастап тоқтатылады.
Сонымен міндеттемені тоқтату дегеніміз – міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтарымен міндеттерін жою болып табылады.
Міндеттемені тоқтату азаматтық кодексте, басқа да заңдар мен құқық актілерде немесе шартта қаралған негіздерде жүзеге асады.
6 Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы. Несие беруші жақтан тараптың ауысуының құқықтық ерекшеліктері
Бұл бөлімдегі несие беруші тараптардың ауыстырылуы азаматтық кодекстің 339-ші бабында көрініс табады, яғни ол жерде келесідей етіліп баяндалады.
1. Міндеттеме негізінде несие берушіге тиесілі құқықтың ол мәміле бойынша басқа адамға берілуі: немесе құқық заң құжатының негізінде басқа адамға ауыстырылуы мүмкін.
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы жөніндегі ережелер регресті талаптарға қолданылмайды.
Қорытынды
Жұмыс барсында біз міндеттеменің жалпы не екендігіне көз жеткізіп, оғың неше түрлері бар екендігіне көз жеткіздік.