Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Ғылым және білім жүйесіндегі қазіргі жастар


Мазмұны
Кіріспе 3
I Тарау. Жастардың әлеуметтік сипаты 5
1.1 Жастарды әлеуметтанушылық зерттеудің бағыттары: психоаналитикалық, құрылымдық - функционалдық, мәдени 5
1.2 Жастардың әлеуметтенуі 7
II Тарау. Ғылым және білім жүйесіндегі жастар 9
2.1 Еңбек нарығындағы жастар 9
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 21

Кіріспе
Жеке тұлғаның мәдени даму кезеңінде қоғамдық ғылымдардың қатып-сіңген (догматикалық) ілімінен бөлініп шыққан, дамушы, жастарды ғылыми зерттейтін бұл ғылым саласы қатаң – марксистік идеология үлгісінен бөлініп, түрлі әлеуметтік өзгерістер мен жеке меншікті бөлісу пролетарлар революциясы проблемалары қоғамдағы жастар өмірінің ерекшеліктерін терең зерттеуді қажет етті.
Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс.

I Тарау. Жастардың әлеуметтік сипаты
1.1 Жастарды әлеуметтанушылық зерттеудің бағыттары: психоаналитикалық, құрылымдық - функционалдық, мәдени
Психоаналитикалық бағыт З. Фрейд пен оның оқушылары және ізін жалғастырушылары идеяларына негізделеді (Р. Бенедикт, Л. Фойер, Л. Шелефф, Э. Эриксон). Олардың еңбектерінің арқасында «эдип комплексі» теориясы дүниеге келді, онда ұрпақтар арасындағы жанжал табиғатын түсіндіруге көмектесетін гендерлік іс - әрекет үлгісі, жастардың өмір сүріп жатқан әлеуметтік тәртіпке қызуқанды қарсы шығу себептерін анықтауға көмектеседі.
Л. Фойердің тұжырымдауынша, «ұрпақтар жанжалы адамзат тарихының тамаша тақырыбы. Ол адамзат табиғатының ең бастапқы мінездемелеріне сүйенеді, мүмкін, таптық күреске қарағанда маңызды тарихи итермелеуші күш болуы да ықтимал... Барлық өмір сүруші қоғамның тарихы ұрпақтар арасындағы күрестер тарихы болып табылады.»

1.2 Жастардың әлеуметтенуі
Ұрпақтардың өзара қарым-қатынасындағы аса маңызды аспектілердің бірі - балалар мен жастардың әлеуметтенуі. «Әлеуметтену» термині индивидтің белгілі бір білім, нормалар, құндылықтар, жүйесін меңгере отырып қоғамның толық құқы бар азаматы ретінде қызмет етуіне әсер ететін барлық әлеуметтік процесстер жиынтығын білдіреді.
Әлеуметтену – қоғамның өмірлік қызметіндегі жеке тұлғаның қоғамдық өмірге араласып өндірістенуін қамтамасыз етуінде маңызды роль атқаратын процесс. Әлеуметтену саналы, бақыланатын, мақсатты іс-әрекеттерден құралады, сондай-ақ, жеке тұлғаның дамуында шатасқан, соқтығысуға толы әсері бар процестерден де тұрады.

II Тарау. Ғылым және білім жүйесіндегі жастар
2.1 Еңбек нарығындағы жастар
Ғылыми-техникалық революция қоғамның бүкіл құрамын, мінездемесін, адамның орны мен қызметін, өмір бейнесі мен тұрмысын, әлемге көзқарасын қарқынды түрде өзгертеді. ғылыми-әлеуметтік потенциал мемлекеттің беделінің символына айналды, себебі оның болашақтағы ұлылық пен ірілігін анықтайды.
Ғылым - әлем туралы объективті білімдерді жүйелеп негіздеуге бағытталған адамзат қызметінің саласы ғылым арқылы тарихи дамушы білімдер мен әлеуметтік институттар жиынтығын түсінеміз. Егер ғылымды білімнің бір саласы ретінде қарастырсақ, онда ол объектіге бағытталуы тиіс, әрі өзіне сәйкес арнаулы болуы тиіс. Арнаулы ғылыми - білімге қол жеткізу бұл әрбір субъект өзі үшін қайта ойлап таппайды, өзінің кәсіби дайындығы барысында меңгеретін нормалардың реттелген қабылдау процесі болып табылады.

Қорытынды
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттеді. Білім беру әлеуметтану білім жүйесі әлеуметтік институты ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. И.Шәмшәтұлы, МДәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнкожаев «Әлеуметтану» Алматы, 1999ж
2. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов, «Әлеуметтану», Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы; 2003. – 376 б.
3. Тощенко Ж.П. «Социология» Москва, 1994
4. Рахметов Қ.Ж, Болатова А.Н, Исмағамбетова З.Н, «Социология» Алматы 2005 «Өлке» - 256 б
5. Қ. Р. «Білім туралы» заңы Алматы, 1999
6. Тұрғынбаев Ә.Х «Социология» Алматы, 2001