Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 45 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау


Мазмұны

Кіріспе 3
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 5
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау 5
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар 15
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау 25
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ 30
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері 30
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы 34
Қорытынды 44
Қолданылған әдебиеттер тізімі 45

Кіріспе

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық - экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді.
Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі - өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің бітіру жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған.
Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).
Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі, жасөспірімнің қылмыстан кейінгі өмірлік жоспарларының құрылуы, тұлғалық құндылықтіқ бағдарларының ерекшелігі және өз өмірінің мән-мағынасын түсіну секілді критерилермен анықталады.
Жұмыстың мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылықтық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау

Психологияда қылмысқа барған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Соның ішінде біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлқын қарастырамыз. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады. Ол әлеуметтану, медициналық психология және заң салаларында жан-жақты қарастырылады. Мәселен заң саласында қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквенттілігі – бұл кәмелет жасқа толмаған адамдардың қылмыстық кодексті бұзатын мінез-құлқы ретінде қарастырылады.

Қазіргі кезде әсіресе қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекетке тарту психологиясы туралы сұраққа баса назар аударған жөн. Соттық практикалық зерттеулер, қылмыс жасаған жасөспірімдер топтық қылмыстардың 25 %-тен астамын үлкендердің қатысуымен, олардың тікелей әсер етуімен жасайтындығын көрсетеді. Кәмелет жасқа толмаған жас өспірімдерді қылмыстық іс-әрекетке тарту бірнеше факторлармен жүзеге асады. Біріншіден, жасөспірімдер өздерінің өз бетінше өмір сүре алатындықтарын дәлелдей отырып, үлкендерге деген табиғи талпынысқа ие болады. Осы үлкендерге тартылу олардың бойындағы құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін еш күрделендірмейді, керісінше оны толықтырып отырады. Жасөспірім өзінің құпия ойларын бөлісетін және әр түрлі өмірлік қиындықтар туындағанда кеңес алатын ұстазды қажет етеді де осының әсерінен қылмыстық іс-әрекетке тартылады. Екіншіден, жас өспірімдер әдетте үлкендерге еліктеуге бейім болып келеді. И.П. Павловтың пікірінше, «еліктеу рефлексінің (үлкендердің мінез-құлықтары мен әрекеттерін механикалық дерлік көшіру) көмегімен біздің барлығымызда да балалық шағымызда күрделі жеке индивидуалды және әлеуметтік мінез-құлқымызды қалыптастырамыз, дейді» [5, 124-128 б.б.].

1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар

Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма?
Болашақ өмірі мен тағдырын бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.

1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау

Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтауда біз өмірлік жоспарлар, өмірлік позициялар, өмір жолы, өмір мағынасы, өмірлік құндылықтарының ерекшелігі және жалпы өмірлік стратегиясы секілді критерийлерді анықтауға тырысамыз.
Жалпы адам өмірі, әсіресе индивидуалды жеке өмір өте күрделі құбылыстардың бірі болып табылады. Негізінен адам өмірінің стратегиясы үш негізгі белгіге ие. Біріншісі, адам үшін маңызды бағытты, өмір тәсілдерін, оның негізгі мақсаттарын анықтау және олардың жетістігіне жетудің этаптарын таңдау. Жасөспірімнің қажет ететін ниеттері мен оған өмірдің ұсынатын талаптары көп жағдайда қарама-қайшылықты құрайды. Сондықтан да , өмір стратегиясының екінші белгісі бұл оның өмір мақсаттары мен жоспарларының жүзеге асуы және өмір қайшылықтарының шешілуі болып табылады. Өмір стратегиясының үшінші белгісі - бұл шығармашылықтан, өз өмірінің құндылықтарының құрылуынан және өз қажеттіліктерін өз өмірімен біріктіруден құралады. Қызығушылықтан, құштарлықтан ,қанағаттанудан тұратын өмір құндылығы - жеке жасөспірімнің өмір стратегиясы, нақты бір өмір тәсілінің жемісі болып табылады. Әр жасөспірімде әр қашанда өзін жеке тұлға ретінде саналауға, өзінің қарама-қайшылықтарын жеңуге және өз өмірін өзгерту үшін өзіндегі күшті табуға мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан да стратегия бұл жасөспірім өмірінің әр түрлі сферасында өзіндік жүзеге асыру тәсілінің әмбебап заңдылығы болып табылады.

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері

Мақсаты – қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін айқындау мен құқықтық ережелерге қатынасын эмпирикалық зерттеу.
Болжамы – қылмыс жасаған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуы оның тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Зерттеу пәні - қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары.
Зерттеу әдістемелері:

Нұсқау: «Бланктағы аяқталмаған сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөз арқылы толтыруыңыз керек». Бұл әр топқа сөйлемдер арқылы жағымды, жағымсыз, немқұрайлық қатынастың берілген жүйесін анықтауға мінездемелейді. Көптеген жанұя маған...
А- бақытсыз, ажырасқан -2
Б- күйгелекті, бір-бірін жаратпайды -1
В- бәрі бірдей.
Бұндай сандық баға зерттеушінің дисгармониялық қатынас жүйесін анықтауды жеңілдетеді. Яғни ең негізгісі, толтырылған сөйлемдердің сапалылығы.
Кесте – 1. Әдістеменің кілті.

2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы

Эксперименттік бөлімімізде біз ең алдымен М.Рокичтің құндылықты бағдар әдістемесін қолдандық. Осы әдістің нәтижелерін талдауда, зерттелінушілердің құндылықтар жүйесі бойынша жеке индивидуалды мәліметтері өнделініп, маңыздылық деңгейіне байланысты рангіленді. Зерттелінушілердің жеке индивидуалды мәліметтерін топтастыру нәтижесінде эксперименттік және бақылау топтарының топтық мәліметтерін салыстырып, сапалық талдауын жүзеге асырдық. Осының нәтижесінде біз көрсеткіштердің салыстырмалы жиынтық кестесін жасадық.
Кесте - 2. Тұлғалық инструменталды құндылықтар жүйесі бойынша салыстырмалы жиынтық мәліметтері (R-есебімен).

Эксперименттік зерттеу мәліметтерін өңдеудің келесі кезеңінде эксперименттік зерттеуге қатысқан екі топ өкілдерінің пайымдауынша адамзат қоғамында жасалынатын қылмыс түрлерінің ауырлығы мен адамзатқа келтіретін зияны туралы көзқарастары айқындалды. Бұл үшін қоғамда ең көп тараған қылмыс түрлерінің жүйесі жасалынып, еркін сауалнаманың қорытындысы бойынша, біз жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктерін рангілеуді ұсындық.
Кесте - 6. Жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктері

Қорытынды

Қазіргі жағдайда өзекті мәселелердің қатарына жататындардың бірі - ол қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. Біз өз зерттеу жұмысымызда осы мәселенің психологиялық жағына талдау жасап, қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылықты бағдарларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеуді мақсат етіп қойдық.
Біз бітіру жұмысымыздың теориялық бөлімінде осы мәселеге байланысты отандық және шетелдік авторлардың пікірлері қарастырылды. Атап айтсақ: А.Е. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, В.Л. Васильев, Ллойд Олин, Бартол Курт және т.б. қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігі мәселесін кеңінен қарастырған.
Сонымен қатар теориялық бөлімде біз қарастырылып отырған мәселенің себептері мен оған әсер ететін жағдайларды, қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесінің қалыптасуына әсер ететін психологиялық ерекшеліктер мәселелерін ашып қарастырдық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с.
3. Столяренко А.М. Прикладная юридическая психология. Юнити, 2001.-639с.
4. Васильев В.Л. Юридическая психология. Учебник для вузов 5-е изд. Питер, 2003.-656с.
5. Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
6. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
7. Золотухина Е.В. Чухраев Б.М. Почему они такие? заметки о правонарушениях подростков. Карелия, 1989.-92с.