Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретінде дамуы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретінде дамуы 4
1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері 4
1.2 Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері 8
2 Аудит түрлеріне сипаттама 12
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі 12
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты 14
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары 22
3 Тәуелсіз қаржы бақылауының дамуы 24
3.1 Аудитті жоспарлаудың мақсатымен қағидалары 24
3.2 Аудиттің жоспарлаудың сатысы 25
3.3 Жалпы жоспар құрастыру мен аудит бағдарламасы 34
Қорытынды 36
Пайдаланылған ақпарат көздері 39
Кіріспе
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында - ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
1 Аудиттің тәуелсіз қаржылық бақылауының нысаны ретінде дамуы
1.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқытушыларды сабақта өткен материалдарды қалай меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез-келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы - аудитордың көзіне тура, тіке қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған.
1.2 Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері
Американдық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
2 Аудит түрлеріне сипаттама
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
2.2 Ішкі аудит және оның мақсаты
Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс тәртібі. Сырыған қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.
Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субьектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
Сыртқы аудит өз қызметінің барысында ішкі аудит тобы бар кәсіпорынға аудит қызметін көрсететін болса олар ішкі аудит жұмысына үлкен сеніммен қарайды да, өзінің тексеруі барысында ішкі аудит материалын қайта тексермейді. Сыртқы және ішкі аудиттің объектісі, тексеру әдістері бірдей болғанмен олардың мазмұны мен мақсат, міндеттерінде айырмашылық бар екені анық. Сол үшін арнайы кесте келтірілген.
Кесте 1
Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
3 Тәуелсіз қаржы бақылауының дамуы
3.1 Аудитті жоспарлаудың мақсатымен қағидалары
Аудитті жоспарлаудың мақсаты. Аудиттің 300 халықаралық стандартының «жоспарлау» көрсетілген, жоспарлаудың негізгі мақсаты - тиімді аудит жүргізуді қамтамасыз ету. Жоспарлауға байланысты жұмыстар аудиторға аудиттің қажетті аудандарына көңіл аударуына көмек береді, потенциалды проблемаларды табу мен бастаған жұмысты уақытында аяқтау. Сонымен қатар, тапсырысты аудитор, ассистенттер арасында ұтымды бөлумен эксперттердің атқаратын жұмысын үлестіру. Аудиторға кәсіби жауапкершілікті өзіне алу үшін тексеріс жүргізуге қажетті жеткілікті дәлелдемелер жинау керек. Сонымен қатар, дәлелдемелер құны минималды болу керек. Бұл жоспарлану жұмыстарына байланысты болады. Сондықтан әрбір тексеріс үшін аудитор жоспар құру керек, оның мақсаты:
3.2 Аудиттің жоспарлаудың сатысы
Аудитті жоспарлау сатысы. Жоспарлау - аудит жүргізуді мейлінше парасатты атқаруға мүмкіндік беретін шара және сондай-ақ тәуелділікті төмендететін маңызды жағдайлардың айқындалмауы. Жоспарлау - аудиторлық іс-шаралар тізімінің жай ғана механикалық құрастырылымы емес, кез келген тексеріс жүргізу шараларында қайталынып келіп отырады. Әрбір клиент жеке жоспарлау кезінде ескеру қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексеріс жасаймын деп отырған ұйымның қызметімен танысудан бастау керек. Ол үшін оны ұйымдастыру құжаттарын зерттеу, қызмет түрі мен оған деген лицензиясы, есеп саясаты және т.б.
3.3 Жалпы жоспар құрастыру мен аудит бағдарламасы
Аудиторлық тәуекел аудит жасап отырған дәлелді қаржылық есептілік туралы ойының бұрыс болып қалған жағдайда.Аудитор тәуекелділігін 0-ге көздеу амалдары жоқ, бірақ аудитор әрқашан аудитті жоспарлау кезінде барлық мүмкін факторлардың есебі жолымен тәуекелді максималды төмендетуге ұмтылу керек. Аудиттің халықаралық стандартының «Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау» 10 бабында айтылады: «Аудит жүргізу әдістемесін жасау кезінде тәуекелділікті бақылауды (ажырағысыз тәуекелділікті бағалау нарядымен) алдын-ала бағалау үшін сәйкесінше тәуелділік болмауын анықтау керек, ол нақты қаржылық есептілікке қатысты қабылдануы мүмкін,сонымен қатар сипаттамасын және маңызды шаралар көлемін анықтау үшін, осындай нақтылықты тексеруге бағытталған».
Қорытынды
Қорытындылай келе жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның бақылаушы - талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;