Ыбырай Алтынсарин
Халқымыздың көрнекті ағартушысы педагог ғылым, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысының Арақарағай мекенінде дүниеге келген болатын. Халқының көзін ашып, балаларыноқытуды өзінің ардақты борышы сонаған ол ағартушылық идеямен қанаттасып , халыққа білім ғылымның пайдасын түгіндірді мектеп-интернат, қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастыруға қол жеткізді. 1869 жылы алғышқы қазақ мектебін ашқанда оның айтқан «Кел, балалар, оқылық!» деген шақыруы әле күнге шәкірттер әлеппесінде жыл сайын жаңғырып басылады. Халқына білім сыйлап, ағартушылық ісіне теңдігі жоқ еңбек сінірген Ыбырай Алтынсариның туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Осынау мерейтойға орай біз журнал оқырмандырның назарына әйгулі туріктанушы, тарихшы-ғалым, стамбылдық профессор Зәки Уалидиден Ыбырай Алтынсарин туралы пікірін, педагогика ғылымының кандидаты марқым Гахметулла Байназаровтың Ыбырай Алтынсариның ағартушылық қызметті туралы мақаласың және Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтты педагогика кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымның кандидатты А.Р. Әпесованың «Көрнекті ағартушының педагогикалық мұраларын оқып-үйренудің кейбір жайлары» деген еңбегін ұсынып отырмыз.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің бір қыдыруы жастарды әдептілікке, сабырлыққа (Алтын шеттеуін), қоспағаттылыққа (Қанағат), мейірімділікке, ұқыптылыққа (бір уыс мақта), әділдікке (Әділдік), еңбек процессіне, тағы да басқа іске үгіттеді. Басқаларға арналған оның әңгімелері де бар. Олардың ішінде «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Лұқпан Хакім» сияқты тақырап жағынан әр түрлі және тікелей тәрбиелік мақсатта жазылған осы әңгімелердің барлығына ортақ қасиет- өз кезінің өмір шындығы мен өзекті проблемасын бейнелеу «Қазақ хрестоматиясының» қадір қасиетін сөз еткенде, айрықша назар аударарлық мәселелердің бірі- осында халық ауыз әдебиеті нұсқауларының жарық көруі.
«Қазақ хрестоматиясының» алғы көзінде ол: «Өз тұрғысынан алғаш жарық көрген еңбек болғандықтан, кейбір кемшіліктері де болуы мүмкін, дегенмен бірінші оқу құралы болғандықтан ізсіз кетпей, өз міндетін атқаруі кәміл»- деп жазды. Автордың осы сөзінен кітаптың қаншалықты маңыздылығын көруге болады. Сондай-ақ ұлы педагогтың «Қазақтарға орыс тілін оқытудаға алғашқы басшылық» деген еңбегі мынандай сегіз тараудан тұрады, олар: 1) Зат есім; 2) Сын есім; 3) Сан есім; 4) Есімдік; 5) Үстеу және жалғаулық; 6) Жұрнақ; 7) Предлог; 8) Етістік. Осыған орай қазақ тілінен орыс тіліне аударылған үлгілер. Бұл кітап қазақ балаларын орыс тілін үйретуге арналған бірінші оқу құралы еді және орыс грамматикасының негізгі ережелерін жарық және ұғымды етіп түсіндіру жағынан ерекше орын ала білді. Ол үшін осы екі оқулықтың жарық көруінің өзі оңайға түскен жоқ. Өйткені ол кезде Орынборда желкілікті полиграфиялық база болмаған.