Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері


Жоспар
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері 4
1.1 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары 4
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру 9
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру 13
1.4 Сақтық рыногы 20
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 26

Кіріспе

Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясында тұр: Экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.

І-ТАРАУ. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

1.1 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процес дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыру - азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және керілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

1.4 Сақтық рыногы

Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
Сақтық рыногы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы Алматы,2002
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы: Қазақстан,2000.-96 бет.
4. Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Астана:2001.-37 бет.
5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі).-Алматы: ЮРИСТ,2002. – 230 бет.